400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала ұстаз туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздық ұстаным
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаракемер кәсіптік колледжі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Калиханова Нәсіп Темірханқызы


«Менің педагогикалық ұстанымым»

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз

Н.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – білім ордасы.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абыроймен

атқаруға үлесімді қосу мақсатында қазақ тілі мен әдебиет пәнін таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Қазақ тілі қазақтың ұлы ақыны Абайдың, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтардың, дауылпаз жырдың Құлагері Ілиястың, сұлу сөздің иесі Сәкен мен Мағжанның тілі. Тіл – ғасырдан ғасырға, заманнан заманға жеткізетін халықтың асыл мұрасы, сарқылмас байлығы десек, әдебиет-көркем шежіресі, тарихы. Х.Досмұхамедұлы айтқандай, «Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт». Мектеп пен баспананың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолдаудан қалған тіл-бақытсыз тіл. Ол ел-сорлы ел, тәуелсіздігі тілдің тәуелсіздігімен тікелей байланысты және тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілімізді өзіне лайықты шыңына қондыруға үлесімізді қоссақ игі. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызымыз деп білемін.

Қазақ тілі мен әдебиет –баланың жүрегіне бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын пән. Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудағы мақсатым – бала қиялын қияға өрлетер ғажайып ертегілер, шыншыл да сыншыл аңыз-әңгімелер, ерлікті дәріптеген батырлар жыры, шынайы махаббатты мұрат еткен әсерлі ғашықтық жырлар, өткір де өміршең шешендік сөздер арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын бойына сіңірген, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын жас жеткіншекті тәрбиелеу. Әрине, шәкірттерім әдеби шығармаларды оқу арқылы халқының арманы мен қиялын, өткені мен бүгінгі өмірін таниды. Сүйікті кейіпкерлердің арасындағы достығы мен сүйіспеншілінен, патриоттығы мен еңбеккорлылығынан, адалдығы мен адамгершілік қасиеттерінен үлгі алып, жақсысына жаны сүйсініп, жаманынан жиреніп, өзінше ой түйіп, жан-жақты іздене біледі. Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен бақыт!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
621
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі