Мақала Ыбырай Алтынсарин 180 жылдығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Ыбырай Алтынсарин 180 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Ыбырай Алтынсарин Ыбырай Алтынсарин - ұлтымыздың білім беру саласының тарихына өшпес мұра қалдырған біртуар тұлға. Біз оның еңбектерін үлкен мақтанышпен зерделейміз. Дала данышпанының жүзден астам шығармалары бар, соның ішінде 35-ке жуығы өлеңдер, 50- ден астамы қысқа әңгімелер, аудармалар, ертегілер. Ол поэтикалық шығармаларында өзін ерекше суреткер және туған даласының патриоты екенін айғақтады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтардың оқитын ұлтқа айналуын тапсырды. «Егер біз төменгі сыныптардан оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын болсақ, біз оқитын ұлт бола аламыз. Ал өскелең ұрпақтың функционалды сауатты болуы үшін балалардың көркем әдебиетті оқуы өте маңызды»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ даласының алғашқы ұстазы «Ыбырай Алтынсарин».

Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында біздің халқымыздың рухани, мәдени, әдеби және ұлттық құндылықтарына зор интеллект пен жауапкершілік таныту өткенді ұлықтау, тарихты тереңнен пайымдау арқылы көрініс беретінін атап көрсетті. Қазақ халқының тарихи бай мұраларын және өнерін жан-жақты зерделеу арқылы ұлтымыздың ұлы оқымыстыларының есімі күннен-күнге құрметке лайық екеніне көз жеткізіп отырмыз. Ойшылардымыздың еңбектерін тереңнен пайымдау барысында біз олардың нақыл сөздеріне жүгінеміз. Ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларының бірі - Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин - ұлтымыздың білім беру саласының тарихына өшпес мұра қалдырған біртуар тұлға. Біз оның еңбектерін үлкен мақтанышпен зерделейміз. Дала данышпанының жүзден астам шығармалары бар, соның ішінде 35-ке жуығы өлеңдер, 50- ден астамы қысқа әңгімелер, аудармалар, ертегілер. Ол поэтикалық шығармаларында өзін ерекше суреткер және туған даласының патриоты екенін айғақтады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтардың оқитын ұлтқа айналуын тапсырды. «Егер біз төменгі сыныптардан оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын болсақ, біз оқитын ұлт бола аламыз. Ал өскелең ұрпақтың функционалды сауатты болуы үшін балалардың көркем әдебиетті оқуы өте маңызды»

Белгілі әдебиеттанушы, сыншы К. Жұмағұлов Ыбырай Алтынсариннің лирикасын өте жоғары бағалаған. «Ыбырай Алтынсариннің пейзаждық өлеңдерінде Қазақстанның табиғаты шебер суреттелген. Ұшы қиыры жоқ кең байтақ қазақ даласын зор сүйіспеншілікпен жырлайды. Оның суреттеуі шынайы, терең эмоционалды, патриоттық мақтанышты сезімге толы», деп жазады ол өзінің мақаласында.

Жас бүлдіршіндерді патриоттыққа тәрбиелеу ұзақ және қиын процесс. Жақындарына, танымал тұлғаларға, туған қалаға, ауылға және мемлектіміздің көрікті жерлеріне деген сүйіспеншілік баланың тұлға боп қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Егер біздің балаларымыз өз Отанын, туған қаласын қадірлеп, құрмет тұтсын десек ерте жастан отаншылдыққа баулыған жөн. Шынымен де, біздің мақтан тұтатын құндылықтарымыз көп. Кішкентай балалардың жады ерекше мықты болады. Олар балалық шақтағы естеліктерді ұмытпайды. Мысалы, туған жеріміздің тарихы, танымал тұлғалары және өлкеміздің жарқын көріністері кішкентай балғындар ертеңгі күні азаматтық кезеңге аяқ басқан сәтте де жандарына ерекше қуаныш сыйлайтын болады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің алдында қиын және әркез өзгеріп отыратын қоғамда өз орнын таба алатын полимәдениетті, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу маңызды міндеті тұр. Өскелең ұрпақтың дамуы және тәрбиесі үшін моральдық діңгекті халықтық шығармалардан табуға болады.

Бұл - ғасырлар бойы қалыптасқан, жылдар бойы ұлттық құндылықтың арқауы болған әрбір адамның жанына жақын тәрбиенің негізі. Бүгінгі күні біздің «Мирас» балалар бақшасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс шаралар жоспарланып, өткізілуде. Бірінші кезектегі міндеттерді орындау балалардың адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Балалардың шығармашылық және танымдық қабілетін, рухани эстетикалық сезімдерін дамыту алғы қойған мақсаттарымыздың біріне айналып отыр. Жас ұрпақты Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру және әдеби дүниелерді түсініп оқу, сөздік қорларын молайту, өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, әртістік қабілеттерін шыңдау бағытында да жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мақсат пен міндетті нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін біз көптеген іс шаралар өткіздік. Атап айтар болсақ, «Қазақ елінің ұлы тұлғасы» атты шарада бүлдіршіндер ұлы ұстаздың портретін көріп, танысты. «Ыбырай Алтынсарин туралы 180 сөз» тақырыбында әңгіме, «Ыбырай Алтынсарин ұлы даланың ағартушысы» атты презентация жасадық. Жазушының «Әке мен бала» ертегісін тамашалау, «Кел, балалар, оқылық!», «Бақша ағаштары» Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы, «Менің Отаным - Қазақстан» виртуалды саяхат, «Туған ауылым алтын бесігім» суреттер көрмесі, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша «Туған өлкенің табиғаты» шығармашылық шеберхана өткізілді.

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы өткізілуде. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу балалардың білімін, тәрбиесін және мәдениетін дамытудың маңызды факторы екенін атап өтті. Ерте жастан бастап балалар тек сөйлеуге үйрете отырып, тәрбиешілер кітапқа деген сүйіспеншілікті оятады. Біздің балабақшада «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орайластырылған» 30 кітап «Тәуелсіздіктің 30- жылдығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз үшін балалар кітапханасына экскурсия жарқын оқиға болды. Аудандық балалар кітапханасы балабақшаның әлеуметтік серіктесі болып табылады.

Сондай-ақ Бескөл ауылындағы балалар кітапханасына саяхат ұйымдастырылды.

Ыбырай Алтынсариннің аз ғана ғұмырда туған елінің игілігі үшін ерен еңбек атқарып кеткеніне көз жеткізе аламыз. Ол бар болғаны 48 жыл ғана өмір сүрді, 1889 жылы дүниеден озды. Саналы ғұмырында қазақ балаларының қараңғылықтан құтылып, оқу білім алуы үшін күресті. Ұлтымыздың ұлы ұстазы өзінің және еңбектерінің кейінгі ұрпақ үшін маңызы зор болатынын және заманауи білім беруге ықпал ететінін білген жоқ.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді кітап құнды қазына, білім мен ақылдың кені деп қабылдауға үйрету біз үшін маңызды. Қазақ әдебиетіне және ақынның шығармашылығына олардың ынта-ықыласын арттыруды көздейміз.

Ыбырай Алтынсарин - білім беру саласының көшбасшысы, біздің тарихымызда өшпес із қалдырған ұлтымыздың ұстазы. Біздің тәрбиеленушілеріміз ұлы ойшылдың ізбасары болатынына сенімдіміз.

Ата-аналардың тәрбиешілермен тығыз жұмысы балалардың ынта ықыласын аңғаруға мүмкіндік береді. Ата-аналар балабақшада өтетін түрлі көрмелерге, шараларға белсене қатысады. Біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстар балғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып, өз Отанын құрметтейтін және мақтан тұтатын, табиғатқа қамқорлық танытатын еліміздің танымал тұлғасы болуға жол ашады деп ойлаймыз.

Біз бәріміз әртүрлі себептермен оқимыз: кейбіреулері көкжиегін кеңейту үшін, басқалары жұмыс үшін ақпарат алу керек болған кезде кітап алады, ал біреу бос уақытын ағарту үшін. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Бұл көкжиекті, әлем туралы білімді кеңейтуге ықпал етеді, сыни ойлауды дамытады, шығармалардың кейіпкерлеріне енетін мінез-құлық үлгілерін игеруге көмектеседі, тұтастай алғанда адамды тәрбиелейді және өсіреді. Білім министрі өз сөзінде мұның бәрін бала кезінен бастау керек екенін атап өтті. Дәл сол кезде әдебиетке деген махаббат адам өмірінде болады.

Тәрбиешілер мен ата-аналарды баланың алғашқы ұстазы деп атауға болады. Өйткені олар жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан кішкентай бүлдіршіннің тәрбиесіне жауапкершілік арқалайды, ең бастысы жеке жұмыс өз Отанының нағыз азаматын өсіруге мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау ынан үзінді.

  2. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал –«Мектепке дейінгі білім және тәрбие», №2 (57) 2021ж.

  3. И.Алтынсарин – әңгімелері, Алма-Ата-1971г.

  4. В составе империи –империя сырьевая база восстание алаш.

  5. М.Әүезов Ыбырай Алтынсарин – қазақ әдибиетінің зор қайраткері. /Социалистік газеті 2/4.-1950 жыл/

  6. Қазақ әдибиеті энциклопедия. Білік баспасы, Алматы,1999 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.08.2022
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі