Мақала:Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала:Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта балалардың сөйлеу тілінің тежелуінің жиілеуі, себептері туралы,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты

Ақтөбе қаласы, №5 «Жұлдыз санаториялық түрдегі туберкулез

ясли-балабақша»ММ –нің меңгерушісі Изятова А.М.


Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, екіншілік кемістік ретінде сөйлеу тілінің дамуы тежелеген ерте жастағы дамуында ауытқулары бар балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе, тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.
Бұл тақырыптың өзектілігі мынада- дамуында ауытқуы бар ерте жастағы қазақ тілді балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту бойынша жүйесі жасалмаған. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табылады және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сондықтан, психологтялық және дене дамуы тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын жұмыс жүйесін дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Сәбилік кезеңінде сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуі байқалады, яғни сөйлеу тілінің нышандарының жас ерекшеліктерінің нормаларына сәйкес келмеген жағдайы. Тежелудің бұл түрін белгілеу баланың психикалық дамуының онтогенезінде сөйлеу тіліне дейінгі кезеңнің болуы туралы тұжырымға негізделеді. Сөйлеу тіліне дейінгі тежелу сөйлеу тілінің барлық немесе кейбір алғышарттарының баяу қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұл кезде сөйлеу тілінің дамуы онтогенездің барлық кезеңдерінен өтеді, бірақ ақырын. Сөйлеу тілінің нышандары жеткіліксіз дамығандығын келесі белгілерден анықтауға болады: бала айқайы мен жылауы әлсіз, бір қалыпты, интонациясы мәнерлі емес, сонымен бірге гуілдеу мен былдырлауы толыққанды емес, сәби өзіне қарап сөйлеген адамдарға қызығушылық танытпайды, олардың сөйлегендеріне еліктемейді, қарым-қатынас орнату үшін дыбыстауды қолданбайды, жалпы айтқанда, коммуникативті тұрғыдан енжарлығымен сипатталады.
Сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз 4 жасқа дейінгі сөйлеу тілі дамуының нормадан қалуы. Мұндай тежелістер түрлі себептерден болуы тиіс. Мысалы, сөйлеу тіліне сұраныс болмаған жағдайда, яғни баламен ешкім сөйлеспесе немесе оның қалауы мен тілегін тауып біліп, өз қажеттілігін сөзбен айтуға ынталандырмаған кезде. Сөйлеу тілінің тежелуі осы қызметке жауап беретін жүйке жасушаларының баяу пісіп жетілуінен де, бас миының ауруы мен зақымдалуынан да болады. Жиі кездесетін себептердің бірі- есту қабілетінің зақымдалуы. Сөйлеу тілі есту негізінде қалыптасқандықтан, естуінде ауытқулары бар баланың сөйлеу тілінің дамуында да тежелістер мен кемістіктер пайда болады.
Естуі нашар балалардың сөйлеу тіліне дейінгі дамуы есту қызметінің төмендеу дәрежесіне тәуелді болады және импрессивті, экспрессивті сөйлеу тілінің нышандарының қалыптасуы кешеуілдейді.
Артикуляция мүшелері қозғалысының бұзылуы да сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуіне әкеп соғады. Мұндай тежелістер сөйлеу аппараты иннервациясының бұзылу салдарынан 1 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі нышандарының қалыптасуын 2-3 айдан артық уақытқа кешеуілдетеді. Ал осы тежелудің себебін дәрігер-невропатолог пен логопед бірлескен тексеру нәтижесінде анықтап, диагноз қояды.
Артикуляциялық аппаратты тексеру бала денесінің тыныштандырылған қалпындағы артикуляция мүшелері құрылымының ерекшелігін, тамақтану кезіндегі мимикалық әрекет ету және дауыс пен дыбыс реакциялар барысында артикуляция аппаратының еріксіз қозғалысын бағалауды қамтиды. Бала қалай емеді, жұтады және осы процестер тыныс алумен қалай үйлесетіні бойынша нервтің қызметі туралы білуге болады.
Сөйлеу тілі дамуының тежелуін диагностикалау анамнестикалық мәліметтердің, ата-аналармен сұхбаттасу және баланы дәрігер-невропатолог пен логопедтің клиникалық-логопедиялық тексеру негізінде жүргізіледі. Импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау онтогенездегі қалыпты даму нормативтерімен сәйкестендіру негізінде жүзеге асады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2023
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі