жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала:"Қашықтықтан білім берудің кемшіліктері және оларды жою"
ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Аңдатпа
Елімізде орын алған төтенше жағдайдағы білім беру ахуалы, ондағы қиыншылықтар мен жеткен жетістік, тәжірибем сөз етіледі. Қашықтан оқытудың маңызы, пайдасы мен оқыту барысында пайдаланған қосымшыларым жайлы айтылады. Мұғалім қашықтан оқығанда қандай жағдайға назар аудару керектігі мен негізгі болуы мүмкін қателіктер жайлы мәліметтер беріледі.
... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап
отыр! Сонда ғана
білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да
жарқырай береді.
Қаныш Сәтбаев
Қашықтан оқыту жаңа заманның талабы болғанымен, бұл технология дәл қазір өте өзекті. Елімізде төтенше жағдайға көшу туралы жарлық бекітілген кезде білім жүйесіне де бірқатар өзгерістер енгізілгені сіз бен бізге аян. Мұндай өзгерістер, төтенше жағдайда білім беру – менің тәжірбиемде алғаш кездесуі.
Қашықтықтан оқыту үрдісі кеше ғана пайда болмады және ол алдағы жылдары да дами түседі.
Интернет 2000-шы жылдардың басында білім беру процесінің маңызды қатысушысына айналды.Ал қазіргі кезде мұғалім немесе оқушының білім алуда маңызды рөлге ие. Біз әріптестерімізбен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен мессенджерлерде сөйлесеміз, электронды журналды қолданамыз және Интернеттен қосымша материалдар іздейміз.
Қазіргі таңда сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға ғана емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын ынтасы мен қызығушылығын оята алатын, білімді тиянақты меңгерте алатын маман болуы тиіс. Мұғалім үнемі жаңашылдыққа дайын болуы керек. Білім сапасына, оны оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиясына жоғары талаптар қойылып, оқушыны нағыз бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу мен білім беру – жаңашыл ұстазға қойылар басты талаптардың бірі болып саналады.
Мектептегі физика курсын оқыту – басты міндет, себебі қазіргі таңда барлық құбылыс физикамен тығыз байланысты. Осы орайда физика курсының маңызы мен оның меңгерудің қажеттілігі өте маңызды. Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың басты шарты – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі,оның зерттеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі. Тек ғана физикалық білімдерді ұқыпты ұғыну арқылы мектепте жақсы физик – мұғалім болу мүкін емес. Сол себепті,болашақ физика пәні мұғалімі үшін физиканы оқыту әдістемесінің практикалық және теориялық мәселелерін терең оқып игеру қажет.
Физика пәнін қашықтан оқыту - ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын және қойылған білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға, педагогикалық әдістерді қолдануға, қашықтықтан лекциялар, семинарлар, зертханалық жұмыстар сияқты оқу процесін ұйымдастырудың түрлерін қолдануға мүмкіндік беретін физика мұғалімі (оқытушысы) мен оқушылардың бір-бірімен арақашықтықтағы өзара әрекеті.
Қашықтан білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл жағдайлар әр мұғалім үшін әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім соған сәйкес жұмыс жасауы тиіс.
Физика пәнін қашықтан оқыту барысында тиімді нәтижеге жету үшін ең алдымен оқушының физика пәніне деген қызығушылығын ояту болып табылады.
Қашықтан білім берудің артықшылықтарына тоқталар болсам:
-
Әр оқушымен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі. Қашықтықтан оқыту технологиясы әр оқушымен жеке жұмыс жасауға көмектеседі. Бірақ қашықтықта мұндай тыныш адам өзін еркін сезінеді, чатта мұғалімге сұрақтар қояды және тапсырмаларды сәтті орындайды. Мұғалім оқуға деген қызығушылықты сақтау үшін осындай оқушыларға бейімділігіне сәйкес келетін қосымша тапсырмаларды таңдай алады. Қашықтықтан оқыту - бұл сіздің оқушыларыңызды жақынырақ танудың тамаша мүмкіндігі.
-
Жан-жақтылығы. Қашықтан оқытудың негізгі артықшылықтарының қатарына оның жан-жақтылығы жатады. Кез-келген уақытта мектеп оқушысы өз бетінше білім ала алады. Өйткені, қазіргі білім берудегі басты нәрсе - нәтиже. Материалды меңгеру әр түрлі уақытта болуы мүмкін: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін.
-
Өзін-өзі тәрбиелеу. Мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың кері байланысы білім берудің бұл түрінде өзін-өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Яғни, сіздің артыңызда мұғалімдер жоқ, қысым жоқ және тәлімгерлік тон жоқ. Оқушы уақытты ұтымды пайдалануды, материалды жақсырақ білуді үйрене алады.
-
Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту сізге сол немесе басқа себептермен сабақтан қалмауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер оқушы науқас болса. Тек компьютерді қосып, виртуалды конференцияға қосылу жеткілікті - және сіз сабаққа қатыса аласыз. Бұл денсаулыққа зиянсыз. Сабақтан қалуды барынша азайтуға болады екен. Сондықтан, қашықтан оқыту, тіпті ұзақ сырқат кезінде немесе мектепке бара алмау кезінде де, жалпы ағымда қалып, басқа оқушылармен ілесуге көмектеседі.
-
Ыңғайлы ортада білім алудың да маңызы зор. Көбіне балалар мектепке барғысы келмейді. Олар ол жерде ыңғайсыз, жағымсыз сезімде болуы мүмкін . Балалар көбінесе сыныптастарымен ортақ тіл таба алмайтыны жасырын емес.
-
Қашықтықтан білім берудің тағы бір артықшылығы - оқу материалдарының қол жетімділігі. Кез-келген оқулық немесе конспект электронды түрде оқылады. Барлық ақпаратты, қажет болса, Интернеттен табуға болады. Оқулықтарды, оқулықтарды және басқа оқу рефераттарын сатып алуға және іздеуге көп уақыт пен ақша жұмсамаудың қажеті жоқ. Маңыздысы, қашықтықтан оқыту балаларды сөмкелеріндегі күнделікті кітаппен бірге алып жүретін кітаптардың көптігінен босатады.
Сонымен қатар, қашықтан білім берудің кемшіліктері де бар. Менің өз тәжірибемдегі кемшіліктерге тоқтала өтсем:
-
Мұғалімдер мен оқушылардың қашықтан оқуға дайын болмауы;
-
Оқушылар мен мұғалімдердің жаңа технологияны толық меңгермеуі;
-
Қашықтан оқу үшін қажетті ғаламтордың барлық елді мекенде жеткілікті болмауы;
-
Ата-аналардың жауапкершіліктен қашуы;
-
Көп балалы ата-аналардың уақытты дұрыс пайдалана алмауы;
-
Бағаны әділетті қою мүмкіндігі;
-
Мұғалімдердің ғаламтордағы көптеген мүмкіндіктермен таныс болмауы;
-
Уақытты тиімді пайдалана алмауы. Арнайы құрылған жоспардың болмауы, мұғалімнің алдын ала жоспар жасап, ұйымдастыру кезеңін ұйымдастыра алмауы. Жан – жақты тиянақты ойластырылған, тәжірибелермен байытылған сабақ жоспары оқушының терең білім алуына, шығармашылық ізденісте болуына ықпал етеді.
Кемшіліктерді жою үшін не істеу керек :
-
Ең алдымен барлық өңірлерге сапалы интернет көздерін орнату, оқушыларда «Бізде интернет сапасы нашар» деген сылтау болмауы тиіс;
-
Оқушыға қашықтан білім алудың тиімділігі, нәтижеге жетудің басты нысаны – өзі екенін ұғындыру, пәндерге қызығушылығын арттыра білу;
-
Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау
-
Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындыру, егер ата-ана мен мұғалім және оқушы жауапкершілікті толықтай сезіне білсе оқуда жақсы нәтижеге жету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары;
-
Сонымен қатар оқушыларда үнемі кері байланыс жасап отыруды талап ету. Осы тұста айта кететін жағдай, оқушылар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасауы тиіс. Түрлі тәжірибелерді қолжетімді заттармен жасап көрсету, түсіндіру.
Қашықтан білім берудің осындай кемшіліктері кездескенімен, білім алу мен білім беруге деген ұмтылыс тоқтамауы тиіс. Ата-ана болып, мұғалім болып оқушының толыққанды білім алуына жағдай жасалынуы керек. Әсіресе, «Балапан» телеарнасындағы онлайн-сабақтар бізге өте қолайлы, тиімді болды деп айта аламын. Қолжетімді, уақыт жағынан да дұрыс ұйымдастырылды.
Мұғалімдерге қашықтан оқыту барысында мына қателіктерге жол бермеуге шақырамын.
-
Оқушыларға шамадан тыс тапсырмалар бермегеніңіз абзал. Себебі біздің мақсатымыз тапсырмаларды әдеттегідей үйіп-төгіп беру емес, қашықтан оқыту барысында сабақты үйлестіре отырып, оқушылар сабақты толық түсініп жатыр ма? соған нақты назар аудару керек.
-
«Бағаны не үшін және қалай қоямын?»- деген ойдың орнына оқушыға «білім ала алды ма?» деген сұрақты үнемі өзіңізге қоя жүріңіздер.
-
Оқуышылардан орындаған жұмыстарының бәрін поштаға жіберуін емес, тек түсінбеген жерлерін ғана жіберуін талап етіңіз. Сонда нақты түсінбеген жерлерімен жұмыс жасайсыз.
-
Мұғалім қашықтан оқыту барысында оқуға алдын ала дайындық кезеңі мен ұйымдастыруды пысықтап алған дұрыс. Себебі, ойыңыздың шашыраңқы және жүйесіз болуы керекті білімді меңгеруге кедергі жасайды.
Ал, енді біздің осы төтенше жағдайдағы қашықтан оқыту кезінде қолданылған бағдарламаларға тоқтала өтейін. Олар:
-
Барлық оқушылар мен мұғалімдерде электронды поштаның болуы. Бұл ақпаратар мен құжаттарды алмасуға арналған тамаша бағдарлама болды.
-
«What’sApp» - топ құрылуы тиіс. Ата-аналар, оқушыладың. Мейілінше әр пәнге бөлек топ болғаны абзал. Сұрақ-жауап пен оқышылармен үнемі тығыз қатынаста болуға арналған ыңғайлы жүйе.
-
« Telegram» - өте ыңғайлы, телефонның жадысын толтырмайды. Суреттердің сапасы сақталады.
-
«Zoom» қосымшасын жүктеп алсаңыз – видео конференция жүргізуге өте таптырмас платформа.
-
«Bilimland» сайты арқылы оқуға қажетті материалдарды таба аласыз.
-
«Дарын» онлайн платформасының пайдалы тұстары ұшан-теңіз болды.
Осы қосымшалардың ішінде менің ең жиі қолданғаным - «What’sApp» желісі болды. Мен үшін ыңғайлы болды. Оқушылармен сұрақ-жауаптар мен тапсырмаларды кітаппен немесе журналмен жұмыс кезінде де ыңғайлы жүйе болды. Мұғалімдермен де үнемі байланысып, тәжірибе алмасуға таптырмас бағдарлама деп білемін.
Дегенмен, біз тұратын өңірдегі желінің нашарлығы қашықтан оқытуға айтарлықтар кедергі келтіруде. Сондықтан алдағы уақытта бұл кедіргі жойылады деген үміттемін.
Мен осы қашықтан оқыту барысында үйренерім көп болды деп айта аламын. Сабаққа қажетті видеоларды жасалу жолдарын меңгердім. Сондай-ақ, қажетті жүйелерден видеоларды жүктеп алу арқылы сабақтың түсінікті болуына жағдай жасадым. Материалдарды сайттардан, жалпы ғаламтордан іздеу жолдарын үйрендім.
Оқу мазмұны бойынша арнайы нұсқаулары бар (видео, интерактивті видео, мәтін, суреттер) өзін-өзі тексеру, сілтемелер беру сияқты қосымша ақпараттар беріп, сабаққа қатысушылардың сабағын қызықты етіп ұйымдастыра алдым.
Қорыта келгенде, қашықтан оқыту- бүкіл әлемнің білімді болуына жағдай жасап отырған керемет технология деп білемін.
Оқушылардың сіз көздеген нәтижеге қол жеткізулері үшін, оқу жоспарының нәтижесіне сүйене отырып жасағаныңыз дұрыс. Бұл жағдайда өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
1. Мен шәкірттеріме нақты нені үйретемін ? (олар қандай оқу нәтижелеріне қол жеткізе алады?)
2. Оқушылар бұған қалай үйрене алады ? Оқу нәтижелеріне қайткен жағдайда тез қолжеткізе алады?
3. Мен бұл жағдайда шәкірттеріме қандай қолдау жасай аламын ? Оқу нәтижелеріне қол жеткізгендерін қалай біле аламын және ол үшін өз тарапымнан нақты қандай көмек бере аламын?
Жас өскелең ұрпақтың болашағы жарқын және армандары мен мақсаттарына қарай қадам жасаулары үшін қазіргі алып жатқан білімдері өте маңызды екені баршамызға белгілі. Сапалы білім – жарқын болашақ. Мұғалімдер мен ата-аналар болып қашықтан оқыту технологиясы бойынша қажетті білімдерді меңгерте аламыз деп нық сеніммен айта аламын.
Жалпы алғанда, физика пәнінің мұғалімі тек қана өзінің пәндік саласын меңгеріп қана қоймай, физика пәнін қашықтан тиімді оқыту жолдары мен ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгеріп, оқушыларға сапалы білім беруге жағдай жасауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
-
Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
-
Пазылова Г.Қашықтықтан оқыту.Қазақстан мектебі//2005
-
Б.Молдағалиев, А.Махимова, Г.Сатқанова. Интерактивті оқыту әдістері.// Қазақстан мектебі,2006/9
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген