400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мария Монтессоридің әдістемесінің мектеп жасына дейінгі мекемелерде қолдаудың маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мария Монтессори әдісінің бала дамуындағы маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мария Монтессоридің әдістемесінің мектеп жасына дейінгі мекемелерде қолданудың маңыздылығы



Құрманалина Айдана Қазбековна

 

Мария Мантессори (1870-1952) Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды.
«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар,  ал үлкендердің міндеті сол энергияның дамуына жағдай жасау».
М.Монтессори

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән -мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы.

Монтессори өз әдісін «өмірдің көмегі» деп атаған. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой — өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны белгілі.

Осыған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған заманауи жаңа технологияны іске асыру көзделген.

Мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.

М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес».

Ересек адамның атқаратын қызметі:

әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу.

М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі:

ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.

Педагогтің міндеті:

Ең негізгі міндеті— балаларға өзін-өзі дамыту жұмыстарында көмек беру, оның өз бетімен білім алуына жағдай жасау.

Балаларды топта сақталатын ережелермен таныстыру.

Балалардыңіс-әрекетін бақылау, тек кезенде көмек көрсетеді.

Дидактикалық материалдарды қалай дұрыс қолдану керектігін үйрету.

Топтағы жағымды атмосфераны қалыптастыру, келіспеушілікті шешу.

Баланың әрі қарай өзін дамытуда бағыт береді.

 М. Монтессори әдістемесінің маңыздылығы:

Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.

Қай салада жұмыс жасау бала қалауында.

Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады.

Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Бұл әдіс негізінен таным процестерін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін сияқты қабілеттерге бағытталған.

Баланың психологиялық дамуына, саусақ бұлшық еттерінің дамуына жақсы әсер етеді.  Баланың саусақ бұлшық еттері дамыған кезде баланың тілі дамиды.

Құрастырмалық ойындар баланың логикалық ойлауын жақсы дамытады. Танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды.

Балалардың қимыл үйлесімділігіне жақсы әсер ету үшін тұрмыстағы пайдаланатын заттармен жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Көру, есту, сипап сезіну арқылы заттарды бағдарлауға бейімдеу әдісі кеңінен қолданылады.

Түйме, шашбау, ілгек, сырма сияқты заттарды пайдалану арқылы балаларды өздігінен киінуге тәрбиелейді.

Күріш, дәнек, өзге де бұршақ тектес тағамдардың арасынан жасырылған заттарды іздету арқылы сезімталдық қабілеттері жетіледі.

Жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасауына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді.

     Күтілетін нәтиже.М. Монтессори әдістемесімен тәрбиеленген баланың оқуға деген ынтасы, жұмыста ықылас көрсету қабілеті артады, балада дербестік пайда болады,  қарым-қатынастардың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгереді. Әдіс ерік-жігерді жаттықтырады, саналы білім, сапалы тәрбие,  ашық жоғары сезім, еңбек сүйгіштік және өзін-өзі жетілдіруге, шығармашылық қабілетін  дамытуға белсенділігін қалыптастырады.

Қандай жағдай болмасын, бала өзі көмек сұрағанша оған  тиіспе,баланың жақсы қасиеттерін  дамытуға бағыттау.

42 «Айналайын» МДҰ «Bekzat & Co» ЖШС















«Мария Монтессоридің әдістемесінің мектеп жасына дейінгі мекемелерде қолданудың маңыздылығы»











Тәрбиеші: Курманалина А.К













Ақтөбе 2023жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
19.10.2023
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі