Тәжірибелік сабақ: №7
САБАҚ: «Маркетинг
жоспары»
Сабақтың
мақсаты:
• маркетингтік зерттеулердің
мәні мен міндеттерін білу;
• маркетингтік зерттеулердің
түрлерін білу;
Маркетингті
жоспарлау — фирманың əрбір жеке
өндірісіне, тауарына немесе тауарлық
маркасына жоспар жасауын білдіреді. Сонымен бірге, фирманың өзінің
əрбір өндірісіне қатысты қандай шаралар жүргізетіні туралы
стратегиялық шешім қабылдағаны ескеріледі. Енді олардың əрбіріне
егжей-тегжейлі жасалған маркетингтік жоспар
қажет.
Маркентинг
жоспары - маркетингілік
мақсаттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды егжей-тегжейлі,
дәйектілікпен баяндау.
Іс жүзінде компания екі жоспар
жасайды — болашақты
жоспар жəне жылдық
жоспар. Басқарушы алдымен бесжылдық
жоспар жасайды. Онда негізгі факторлар мен алдағы бес жылдың ішінде
нарыққа ықпал ететін күштер, бесжылдық жоспар, марка үшін
белгіленген нарық үлесін жаулап алудың негізгі стратегиялық
əдістері жəне белгіленген табысты алу, қажетті шығын мен күтілген
кіріс баяндалады. Фирманың алдағы бес жылға арналған жоспары болу
үшін, бесжылдық жоспарды жыл сайын қайта қарастырып, түзетулер
енгізеді.
Содан соң, жылдық жоспар жасалады. Бұл —
бесжылдық жоспардың бірінші жылында жүзеге асырылатын шаралардың
толыққанды нұсқасы. Жылдық жоспарда ағымдағы маркетингтік жағдай
сипатталады, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер, кəдімгі жəне маркалық
тауарлардың алдында тұрған мақсаттар мен мəселелер аталады, бір
жылға арналған маркетинг стратегиясы, əрекеттер бағдарламасы
баяндалып, сметалық ассигнация сомасы көрсетіледі, бақылау тəртібі
анықталады. Бұл жоспар қызметтің барлық түрлерін — өндірістік,
маркетингтік, қаржылық қызметті үйлестірудің негізіне
айналады
Компанияның мақсатына жету
үшін маркетинг қызметі мынадай міндеттерді
шешуді білдіреді:
-
Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің
қалауын терең талдау.
-
Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу
және ұйымның баға саясатын
әзірлеу.
-
Бәсекелестердің қызметін
талдау.
-
Компанияның тауарлары мен қызметтерінің
ассортиментін құру.
-
Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді
шығару.
-
Сервистік қызмет көрсету.
-
Маркетингтік коммуникациялар.
Маркетинг міндеттерін шеше отырып, келесі
қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
-
Компанияның өндірістік мүмкіндіктерін
зерттеу.
-
Тауарды немесе қызметті өткізу әдістері мен
бағдарламаларын жоспарлау процесі.
-
Нарықты сегменттеу.
-
Тауарлар мен қызметтерді, оларды өткізу жолдарын
үнемі жаңарту, технологияларды жетілдіру.
-
Ұйымның үнемі өзгеріп отыратын сұранысқа икемді
оңтайлануы.
Маркетингтік зерттеулердің
түрлері
|
Жарнама
|
Тұтынушылық мотивацияларды
зерттеу
Жарнамалық мәтіндерді зерттеу
Жарнама құралдарын зерттеу
Жарнамалық жолдаулардың тиімділігін
зерттеу
|
Коммерциялық
қызмет және
оның
экономикалық талдауы
|
Басшылықты ақпараттандыру
жүйесі
Іскерлік белсенділік үрдістерін
зерттеу
Кәсіпорындар мен қоймалардың орналасу
принциптерін зерделеу
Тауар номенклатурасын зерделеу
Баға саясатын зерделеу
Халықаралық нарықтарды зерттеу
|
Фирманың жауапкершілігі
|
Тұтынушыларды ақпараттандыру мәселесін
зерттеу
Қоршаған ортаға әсер ету сипатын
зерттеу
Жарнама және
ынталандыру саласындағы заңнамалық шектеулерді зерделеу
|
Тауарларды әзірлеу
|
Қоғамдық құндылықтар мен
әлеуметтіксаясат
мәселелерін зерттеу
Жаңа тауарға және оның әлеуетіне реакцияны
зерттеу
Бәсекелестердің тауарларын
зерттеу
Тауарларды тестілеу
Қаптама жасау мәселелерін
зерттеу
|
Өткізу және нарық
|
Нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін
анықтау
Фирмалар арасында нарық үлестерін бөлуді
талдау
Нарық сипаттамаларын зерттеу
Өткізуді талдау
Квоталар мен өткізу аумақтарын
айқындау
Өткізу арналарын зерттеу
Сынақтық маркетинг
Өткізуді ынталандыру стратегияларын
зерделеу
|
1-тапсырма
Өз бизнес-идеяңыздың
маркетингтік жоспарын құрастырыңыз
Маркетингтік
зерттеулер
|
Жауап
|
Тауар номенклатурасы мен
ассортименті
|
|
Қаптама жасау ерекшелігі
|
|
-
Сервистік қызмет көрсету
түрі
|
|
Жарнама онлайн
|
|
Жарнама офлайн
|
|
2-тапсырма
Өз стартап бойынша жұмыс
істей отырып, тауардыңнемесе қызметтің жарнамалық плакатын
жасаңыз.
Сіз келесі ұсыныстарды пайдалана
аласыз:
- өз стиліңізді табыңыз;
- мәтін мен иллюстрациялар балансын
сақтаңыз;
- ақпаратты және суреттерді көрнекі блоктар
түрінде орналастырыңыз;
- назар аудару үшін жарқын түсті шешімдерді
пайдаланыңыз;
- байланыс деректеріңізді көрсетуді
ұмытпаңыз.
3-тапсырма
Сіздің стартап үшін тауарды
/ өніміңізді, қызметіңізді жылжыту үшін ең қолайлы платформалар
(әлеуметтік желілер) анықтаңыз. 2 сатушы постын
дайындаңыз.
Тақырып бойынша бақылау
сұрақтары:
1) Маркетингті жоспарлау
дегеніміз не?
2) Маркетингтің
міндеттері?
3) Маркетингтік
зерттеудің принциптері?
4) Маркетингтік
зерттеулердің түрлері?
Пайдаланылған ақапарат
көзі:
https://atameken.kz/