Маркетингтік зерттеу және ақпараттар жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маркетингтік зерттеу және ақпараттар жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Маркетингтік зерттеу және ақпараттар жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маркетингтік зерттеу және ақпараттар

жүйесі.

Маркетингтік зерттеу жүргізу әр фирманың, кәсіпорынның нәтижелі

жұмыс істеуі үшін қажет. Өйткені, зерттеудің түпкі мақсаты ақпараттық

талдауды пайдалана отырып, алда тұрған нақты проблеманы анықтау болып

табылады. XIX ғасырда көптеген фирмалар болды, оның жұмыскерлері өз

клиенттерін жеке танып білуші еді. Бұл жағдайда меңгеруші маркетингтік

ақпаратты әр адамнан өзі алатын, оған тікелей бақылау жүргізе алатын еді.

Ал, ХХ ғасырда жағдай мүлдем өзгерді, оған 3 тенденция әсер етті: а)

маркетинг жергілікті деңгейден бүкіл ұлттық деңгейге ауысты. Әр фирма өз

қарамағындағы нарық аумағын кеңейте түсті. Енді меңгеруші өз

клиенттерінің бәрін біле алмайтын болды. Сондықтан маркетингтік ақпарат

жинаудың басқа жолын табу қажет болды.

б) Сатып алушылар табысы молая түсті, тауар таңдау талғамы артты.

Сатушылардың тауар қасиетін талдауы, тұтынушылардың талабын өтеуі

қиындай түсті. Сондықтан оларға маркетингтік зерттеу өте қажет болды. в)

Тауар сатушылар маркетингтің бағадан басқа құралдарын неғұрлым көп

қолдана бастады, мәселен, тауар маркісі қойылды, жарнама және өнім

өткізуді ұйымдастыру. Оларға бұл құралдарға нарықтың қалай ықпал ететіні

жайлы ақпарат қажет болды.

Осы себептерге байланысты маркетингтік ақпарат жүйесі қалыптасты.

Маркетингтік зерттеу дегеніміз – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге

байланысты проблемалар туралы жүйелі мәліметтер жинау және оларды

анықтау, талдау. Мұндай зерттеулерді және маркетингтік проблемаларды

шешу үшін бейтарап ұйымдар, іскерлік фирмалар немесе олардың агенттері

Маркетингтік зерттеу түрлері – қысқа мерзімді болжау, ұзақ мерзімді

болжау, нарық мүмкіндігін анықтау, өнімділікті талдау, жаңа өнімді және

оның тұтыну қабілеттілігін анықтау, өнімділікті талдау және физикалық

сипаттамасын зерттеу, сату каналдарын зерттеу, жарнама құралдарының

тиімділігін талдау. Маркетингтік зерттеудің 5 кезеңі бар: зерттеу

нысанасының проблемаларын анықтау, ақпарат көздерін іріктеу, ақпарат

жинау, жиналған ақпаратты талдау, қорытындылапрды көрсету. Зерттеуші

алғашқы және екінші рет пайдаланатын ақпараттарды жинауы мүмкін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі