Материалдар / Маша мен аю

Маша мен аю

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбие алмасу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мақсаты.Балаларға «Маша мен аю» ертегісін сахналау. Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру. .Балаларды адалдыққа,достыққа, адамгершілікке татулыққа тәрбиелеу.


Қатысушылар.Аю-Арысова Алия

Маша-Елтаева Айару

Тышқан-Даулетова Кәусар

Қоян-Амангелді Азат

Қасқыр-Нұрболат Қуаныш

Ешкі-Баймағанбет Алтынай

Автор-Ақжігітова Әмина


Залды безендіру.Үйшік, ағаштар,саңырауқұлақтар,жаңғақтар,интерактивті тақта,ертегіге сай әндер,ыдыс-аяқтар,кірпі.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

Сендер ертегі көргенді жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Олай болса бүгін сендер «Маша мен аю» ертегісін тамашалаймыз.

(Залдың іші орманның, үйдің көрінісі)

Маша қыз шығады. (көңілді музыка)


Маша: - Ешкім жоқ, ешкім көрінбейді. Аю қайда? Балалар, сендер аю досымды көрдіңдер ма? Енді мен кіммен ойнаймын?


Тышқан: - Қалай ешкім жоқ, мұнда мен бармын.


Маша: - Ой, тышқан сен мұнда неғып жүрсің?


Тышқан: Мен осы орманда тұрамын. Бірақ аю ағай ұйықтап жатқанда мен қасынан жүгіріп өтпеймін. Өйткені, ол үлкен, мен одан қорқамын.


Ал мен ешкімнен қорықпаймын. Аю менің досым, бірақ қазір үйде жоқ. Менімен ойнайтын ешкім жоқ.


Тышқан: Кел екеуміз ойнайық. Балалар бәріміз бірге «1,2,3 жүгіре жетіп қу» деп айтайық.

(ойын ойналады) Маша қыз екеуміз ойнап көңіліміз көтеріліп қалды. Екеуміз дос болайық.


Маша: Жарайды, тышқан сау бол!


Маша: Үйіне келеді. Аюға маза бермейді.


Аю: Маған маза бер, демалайын.


Маша: Үлкендер кішкентай балалармен ойнау керек. Ойнауға міндетті. Сен үлкенсің, мен кішкентаймын. Кел ойнайық.


Аю: Жарайды ойнасақ ойнайық. Сенімен ойнамаса сен маза бермейсің. Қандай ойын ойнаймыз?


Маша: Олай болса «Жасырынбақ» ойынын ойнаймыз. Балалар сендер мені айтып қоймаңдар. (екеуі ойын ойнайды, аюдың көзін байлайды. Өзі қоңырауды мойнына тағады.)

Ойнап жүріп кірпіге қоңырауды іліп жібереді. Аюдың қолы кірпіге тиіп кетеді.


Аю: - Ой, қолым, қолым ауырып кетті.(ренжіп отырып қалады. )

Маша: Аю маған ренжіп қалды, орманға барып аю досыма саңырауқұлақтар мен жидектер теріп, досымды қуантайын. Ол өте жақсы көреді.

Маша орманға кетеді. (музыка ойналады.) Алдынан қоян шығады.

Қоян: -Ой Маша қыз амансыңба? Орманда менен тез жүгіретін аң жоқ, мен жүйрікпін.


Маша: - Жоқ, иен жүйрікпін, маған ешкім жете алмайды., тіпті аюдың өзі де.


Қоян: -Жо-жоқ таппадың, бәрі біледі қоянның тез жүгіретінін. Балалардан сұрайықшы кім жүйрік екенін. (балалардан сұрайды.)


Маша: - Онда екеуміз жарысайық, кел ендеше. (екеуі жарысады, қоян ұтады.)


Маша: - Қоян, екеуміз орманда серуендеп қайтайық. (қасқыр шығады өлеңдетіп)

Қасқыр: Мен аш қасқырмын,

Менің қарным ашып тұр.

Менің қояндарым қайда

Менің көжектерім қайда?

У-у-у (ұлиды)

Маша қыз корзинасы бар секіріп өлең айтып жүгіріп, корзинамен қасқырды бір ұрады, екі ұрады. (Қасқыр жайлап кетіп қалады)


Ешкі: - Көмектесіңдер, көмектесіңдер. Не істесем екен. Мен жаңғақ жинап жүр едім, алдымнан қасқыр шыға келгені мен қаша жөнелдім. Ой енді не істесем екен?.


Маша: Аа-а, қасқыр ма?

Қоян: Қасқыр, қасқыр ма? (қоян қорқып кетеді.)

Маша: Ешкі жан, қоян, біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біз ешкімнен қорықпаймыз. Кәне бәріміз қасқырды іздейік.

Қасқыр: Бір дауыс шығатын сияқты, кім болды екен.? Ей бұл Маша ғой.

Маша: А-а, сен мұнда екенсің ғой. Мен Доктор Машамын. Мен қазір сені емдеймін.

Қасқыр: Менің тісім ауырып жүр, өте жақсы болды, мені емдеші.


Маша: Менің де тісім ауырған, тіс ауырғанның қалай жаман екенін білемін. Кәне, қасқыр, Аузыңды аш, тісіңді емдеймін.

(Қасқыр дірілдеп, қорқып кетеді)

Қасқыр: Маша кешір мен енді ешкімге тиіспеймін.Енді жаман қылықтар жасамаймын.


Маша:Балалар, қасқырды кешіреміз бе? Бәріміз аю досыма қонаққа барайық. (музыка ойнатылады) Бәрі саңырауқұлақ теріп аюға барады.

Бәрі би билейді. (Песенка друзей клип 2014 көрсетіледі.)


Өткізген: Тәрбиеші: Арысова А.С.

17 Желтоқсан 2017
884
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі