2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Мәшһүр Жүсіп “Айтқаны айдай келген Мәшһүр бабам

Мәшһүр Жүсіп “Айтқаны айдай келген Мәшһүр бабам

Материал туралы қысқаша түсінік
Атақты Мәшһүр атамыздың болжамдары мен әулиелік жолы жайында
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қарағанды облысы Шет ауданы Білім бөлімінің

«Ақой жалпы білім беретін мектебі» КММ









Ғылыми жоба тақырыбы:

«Айтқаны айдай келген Мәшһүр бабам»



Секция: әдебиет








Орындаған: Бейбітхан Айша

5 сынып оқушысы

Жетекшісі: Советхан.А

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





2024ж

Ақой ЖББМ 5 сынып оқушысы

«Айтқаны айдай келген Мәшһүр бабам»

тақырыбындағы ғылыми жобасы


Пікір

«Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры» тақырыбында оқушы зерттеу жұмысын жүргізген. Қазақ халқының ұлы ойшыл философтың өмірбаяны мен шығармалары, қазақ тарихына қосқан үлесі ұшан теңіз, әлем жұртшылығына аты әйгілі ұлы ойшыл екендігін дәріптеп, өз сыныптастарына түсіндіре отырып, тереңнен зерделеген. Ұлы ойшыл, философтың жолын жалғар, атақты философ және қазақ ұлтымыздың қазақ әдебиет мәдениетін дамытатын ұлы тұлға болғысы келетінін тілге тиек етіп тереңнен зерттеген.

Оқушы ізденімпаз, бастаған ісін аяғына дейін толық орындай білетін, алғыр, зерек, шығармашыл оқушы. Болашақта өз мамандығын таңдап, Мәшһүр Жүсіп Көпев атаның тағы да ашылмаған зерттеулерін тереңнен зерделегісі келетінін жазған.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.



Пікір жазған: Советхан.А

Модератор санатындағы қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі










Мазмұны


1.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------- 3


ІІ.Негізгі бөлім


І тарау. «Әне – дін, әне – өсиет, әне – қасиет»


1.1 Әулиелік қасиеті ------------------------------


1.2. Тылсым әлеммен байланыс жасаған тұлғалар ------------------------------------


ІІ тарау. Айтқаны айдай келген Мәшһүр бабам-------------


ІІІ.Қорытынды--------------------------------------------------------------------------


ІV.Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------------























Зеттеудің мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты- Мәшһүр Жүсіп өмір сүрген кезіндегі тұрмыс-тіршілікпен, оның қалыптасу деңгейіне тоқталу және артына қалдырған бай мұраларының бірі «Өлеңмен берілген аят» өлеңіне психологиялық тұрғыдан сараптап бүгінгі күннің талаптарымен ұштастыру.

Мәшһүр Жүсіптің қазақ дүниетанымында талдау жасап, оларды теориялық жағынан негіздеу.

Оқушының Мәшһүр бабамыздың шығармаларын оқуға деген, ұлттық рухани мұраларды насихаттауға деген ынтасын арттыру, асыл туындыларының тәрбиелік мәнін ашуға үлесін тигізу,

Зерттеудің барыстары мен кезеңдері: Мәшһүрдің әулиелік қасиетін зерттеу.

Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді.

Тәжірибесінің әдістемесі «әулиелік» тәрбиелік мәнін ұғыну болып табылады.

Зерттеудің жаңалығы, дербестік дәрежесі: Мәшһүр Жүсіп шығармаларын кеңінен насихатталуына, себепкер болу,жол ашу

Зерттеу әдістері:

  • Көркем әдебиеттерді зерделеу.

  • Интернет желілерінен ақпарат жинау.

  • Талдау, салыстыру, қорытындылау

  • Сауалнама жүргізу

Қорытынды

Қазақтың ойшылы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кейінгі ұр­пақ­қа қалдырған рухани мол мұ­расы – нағыз парасаттылық­­тың, инабаттылықтың, киеліліктің, ­ар-намыс пен тектіліктің жар­қын үлгісі. Бұл мұра – қазақтың тарихын түгендеуде, әдебиетін жүйелеуде таптырмас алтын қа­зына. Сол қазынаны ұлтымызға және әлемге жеткізу – бүгінгі ға­лымдардың, аудармашылардың абыройлы міндеті.

Акой — ученица 5-го класса Национальной средней школы.

«Мой знаменитый дедушка, который всегд

а прислушивался к тому,

что он говорил»

научный проект по теме


Аннотация


Бейбитан Аиша, ученица 5-го класса, занимающаяся научными исследованиями.

Он изучал научный труд «Мой дедушка Машхур, пришедший как луна» и стремился изучить святую волю нашего деда Машхура.

Научный проект состоит из двух глав и заключения, включающего введение и основную проблему. Во введении была показана актуальность темы исследования, информация о рассматриваемом объекте, цели научного проекта и какие задачи нам необходимо выполнить для достижения этой цели. Было рассказано, какие методы использовались для успешного написания научного проекта. При этом какова теоретическая и практическая ценность научного проекта, какова структура работы. Он дал полную информацию о знаменитом Юсупе, а в следующем разделе сделал обзор людей, имевших контакт с оккультным миром. Он сравнил объем информации о ясновидении и провел собственное исследование.

Читая научную работу, видно, что студент достиг цели, которую поставил перед собой.
















Anatation


Purpose of the study:

Beibithan Aisha, a 5th grade student in scientific research

He studied the scientific work "My Grandfather Mashhur, who came as a moon" and aimed to study the saintly will of our Grandfather Mashhur.

The scientific project consists of two chapters and a conclusion, which includes an introduction and the main problem. In the introduction, the relevance of the research topic, information about the considered object, the purpose of the scientific project and what tasks we need to perform to achieve that goal were shown. It was told what methods were used to write a scientific project successfully. At the same time, what is the theoretical and practical value of the scientific project, what is the structure of the work. He gave full information about the famous Yusup, and in the next section he reviewed the people who had contact with the occult world. He compared the scope of information about clairvoyance and conducted his own research.

While reading the scientific work, it can be seen that the student has achieved the goal he set for himself.





















Анатация


Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы – азаматтық тарихымызда ерекше орны бар тұлға. Оның мұрасы шамамен 30 томды құрайды екен. Өкінішке қарай, осы еңбек халыққа там-тұмдап қана жетті. Тозақтан аман қалған байлық Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының өзі “Мес” деп атаған қолжазбасы сақталған . Рас, əркім ол байлықтан үзіп-жүзіп пайдаланып жүрді. Танымал тұлға, ақын-аудармашы, тарихшы-ғалым, ұстаз-этнограф М.Ж.Көпейұлының көптомдыққа жоспарланған еңбектерінің алғашқы кітаптарынан əдеби мұра мен оны зерттеу ісіне қатысты іргелі ізденістер, ерен еңбек пен жүйелілік сипаттар, ұлт мұратын ұлықтау мен руханиятқа адалдық танылады. Əрбір туындының тақырып табиғаты, жанрлыққұрылымдық һəм көркемдік ерекшеліктері де сақталып, жазылуы мен жариялануы, нұсқалық белгілеріне де зор маңыз беріледі. Біздіңше,басты байқалар ерекшеліктердің бірі –М.Ж.Көпейұлының төл туындылары мен халық мұрасы, шежірелік сипаттағы шығармалар дəстүрмен сабақтастықты, жанр мен жауапкершілікті, көркемдік мұраттарды назарда ұстаған. Шығармашылық еңбегінің ішінде би-шешендер мұрасын мұқият жинауы, əрі хатқа түсіруі ерекше орын алады.Р.Тұрысбек: – ХХ ғасырдың басындағықазақ əдебиетінде азаттық-ұлттық сипат басым болғанын ескерсек, 9 М.Ж.Көпейұлының халық қазынасына қамқорлығы, мəдени-рухани мұраға жанашырлығы, оныңкелешекке жету жолындағы жанкешті əрекеттері кімкімді де бейтарап қалдырмайды. Айталық, көптомдықтың – 4-5-6 кітаптарына енгенхалық əдебиеті үлгілерінде (аңыз-əңгімелер, ертегілер, тұрмыс-салтжырлары, ақындар айтысы, өлең-дастандар, мақалмəтелдер,шешендік өрнектер, т.т), жекелеген кітаптарында өмір мұраты, адамфакторы, уақыт-тұрмыс сырлары кеңінен көрініс береді. Тұлғаның тарихтағы рөлі қоғамның өмір сүру жəне даму кезеңінде əрқашан қоғамда ең көп талқыланған тақырып болып келді. Қазақстанда тəуелсіздік алғаннан кейін ұзақ уақыт ұмытып кеткен Алаш қозғалысы белсенділерінің шығармашылық мұрасын зерттеуге деген қызығушылық артты.










Кіріспе

Қазақтың белгілі ақыны, фольклоршы, тарихшы, этнограф Мәшһүр-Жүсіп әкесі Көпейдің 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауылдың Қызылтау деген жерінде 1858 жылы дүниеге келген. Туғанда азан шақырып койылған есімі – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде, жиынға шақырып отырған М.Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен» деп, лепес қы­лу­ымен Мәшһүр-Жүсіп атанып кетеді. 1858 жылы қыста Көпей Сермұхам­медұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас» деп, ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 жылдары Бұһарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835 жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1885, 1887, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады. Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі – сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастаған. Әлкей Марғұлан хаты бойынша, «Ер Олжабай батыр» жырын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 жы­лы Сақау ақынның айтуымен жазып ал­ған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттен қис­са-дастандары қағаз бетіне көшіріп түсіруі де әсер еткен. 1887 жылы Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы патша манифесінің арқасында үш бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» ) 1907 жылы жарыққа шығарды. Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үл­гілерін (шамамен XX ғ. 20-жылдары) құ­растырып жинақтай бастайды. Саяси кү­рестің шиеленіскен жағдайда, 1921 жылы ортаншы баласы Әмен Ташкентте қаза болып, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы көтерілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен соң, Ташкентке бармай орта жолда қайтып оралуға мәжбүр болады. 1931 жылы Мәшһүр Жүсіптің қайтыс болғаны туралы хабар ел арасына жетеді. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығарма­ларының 20 томдығы 2013 жылдың 21-қарашасында ақынның 155 жылдық мерейтойына орай жарық көрген болатын. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын бастырудың неге кешеуілдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған үш кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» деп аталатын кітаптары 1912-1913 жылдары Ресей патшасы цензурасының назарына іліккені, сол кезде ақын шығармаларын жариялауға тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. Патша заманында теперіш көрген ақын кейінгі Кеңес билігі кезінде де қысымнан босаған жоқ. Рас, 1940-1950 жылдар аралығында ақын шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе де, 50-жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен күрес» науқаны Мәшһүр-Жүсіпке де салқынын тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп оқулығынан шығарылуымен бірге, оның өзі көзі тірісінде салдыртқан кесенесінің үкімет нұсқауы бойынша қиратылғаны мәлім. Әйтсе де, И.В.Сталиннің жеке басына табынудың 1956 жылы СОКП ХХ съезінде сыналуы, 1957 жылы С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин және т.б. ұлт зиялыларының ақталуы – бәрі ақын шығармаларының алдымен жоғары оқу орны хрестоматиясында (1959 ж.), кейін газет-журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты. Осы орайда ақын таңдамалысының 1 және 2 томдары 1990, 1992 жылдары Алматыдағы «Ғылым» баспасынан жарық көргенін еске ала отырып, оның шығармаларын толық шығару ісінің ұзаққа созылу себебін де түсіндіру керек болар. Біріншіден, ақын шығармаларының ескі араб (хадим) әрпімен жазылуы, көп үлгілердің араб және көне парсы тілінде жазылуы, ол саладағы мамандар жетіспеуі – бәрі бұл істі шешуге басты бөгет болды. Екіншіден, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы қолжазба қорына тапсырылған үлгілердің біразы кітапхана қызметкерлері жетіспеуінен күтімсіз, бақылаусыз күй кешуі салдарынан дұрыс сақталмады, қолды болғандары да бар. Үшіншіден, ақын шығармаларының ел арасынан жиналып бітпеуі, әр жерде әр адамның жеке кітапханасында жасырын сақталып келуі де ақын туындыларын шығаруда кедергі жасады. Міне, осының бәрін ескере отырып, біз­дер қазір ақынның төл поэзиялық туындыларының алғашқы үш томдығын шығарып, төртіншісін баспаға ұсындық. Келесі бесінші томға ақын жинаған фольк­лор үлгілерін, ал алтыншы, жетінші томға қазақ ауыз әдебиеті туындыларын, сегізіншіден он бірінші том аралығына тарихқа қатысты еңбектерін енгізу жос­парланып, бұл бағытта қажет жұмыстар атқарылуда. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының артына мол мұра қалдырғаны белгілі. Осы орайда 1990 жылы ақынның таңдамалысының бірінші томын әзірлегенде, лириканың жанрлық табиғатын жете ескермеуден туған мына бір кемшілікті, ақын өлеңдерін бір кездегі жазылу ретіне қарай топырлатып тізе беріп, көп өлеңді бір шығармаға, яғни көлемді бір туындыға айналдырып жібергенімізді енді байқап отырмыз. Соның бір айғағы: қазір біз келтіргелі отырған төрт шумақты үзінді кітапта басылғандай – үлкен шығарманың бір бөлшегі емес, жеке өлең болып, өз алдына отау тігуге сұранып-ақ тұр: Бес жаста еді «бісміллә» бастағаным, Ақ қағазды қаралап ластағаным. Жасым жетіп «он беске» ақыл кірді, Сонда да өсіп бес жастан аспағаным. Біреуі-ақ кем «он беске» жетті жасым, Иегімнің астында өш пен қасым. Үрейімді ұшырды, зәремді алып, Алып айна қарасам, сақал-шашым. Қоян қуған тазыдай шалмай жүрген, Өмір бойы аң қуып алмай жүрген. Он бестегі жолдастар үйір болған, Бұл «он беске» жеткенше қалмай жүрген. Жібермей жүр шығуға биік өрге, Қорғалатар қайдағы тау мен жерге. Ұйтқып соққан борандай ұйлықтырып, Күнде-күнде түсіріп қара терге. Міне, мұндағы «он бес» сөзі он жердегі бес, яғни елу дегені, «біреуі-ақ кем» түсіндірмесі осы жолдарды жазып отырғанда, жасының қырық тоғызда (яғни 1907 жылы) екенін ескерткендігі анық. Лирикалық қаһарманның бір түгіл он «беске», яғни 49-50-ге келіп отырып, алғашқы бес жасындағыдан көп ұзамағанына назалануын ақын әсерлі жеткізген. Алғашқы бес жастан кейін уақыттың көп өткенін айнаға қарағанда зәрені алған сақал-шаш өзгерісі бұлтартпай дәлелдесе, келер шумақтағы «өмір бойы аң қуып алмай жүрген» жағдай, яғни ақынның діттеген мақсатына жетпеуі, соған қынжылуы көңіл бөлерлік. Бұл нәтижесіздік себебі ақынның өзінде емес, заманында екені соңғы шумақта ишаратпен берілген. Біреулердің лирикалық қаһарманды биік өрге, демек ақын арманын жинақтап заттандырып кескіндеген өрге (шынында табиғаттағы өрге шыға алмауды әйгілеп тұрмағаны мәлім ғой) жібермей жүргені, ол аз болса, «қайдағы тау мен жерге» қорғалатып, соған қоса, «ұйтқып соққан борандай ұйлықтырып» «күнде-күнде... қара терге» түсіруі бейнеленген. Мұның бәрі – лирикалық қаһарманның мақсат, арманын да, оған қарсы тұрушылар әрекетін де жинақтап, деректі: өр, тау, жер, боранға балап, ұтымды жеткізу үлгілері. Төрт шумақтан тұратын мұндай туын­ды ғана емес, небәрі төрт не сегіз тар­мақтан құралған дербес өлең түрлері де Мәшһүр-Жүсіпте аз емес. Шалқар ойды шағын өлеңге, оның ішінде төрт жол­ды шумаққа сыйғызу жалпы шығыс, оның ішінде X-XIV ғасырлардағы араб, пар­сы, түркі поэзиясына тән құбылыс екенін біз Әбу-Насыр әл-Фараби (Х ғ.), Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ.), Омар Һаям (ХІІ ғ.), Қожа Хафиз (XIV ғ.), т.б. өлеңдерінен білеміз. Мәселен, Жүсіп Баласағұнидың: «Тіл – арыстан: есік баққан ашулы, // Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды» тәрізді екі жолдық өлеңін жеке алсақ та, біткен, аяқталған ойды да, идеяны да ұшырастырамыз. Осы дәстүрді Мәшһүр-Жүсіптің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өзінше өрбіткенін мына үлгілерден көреміз: Әр істі ойлау керек әуел бастан, Не пайда өнері жоқ жігіт жастан. Мәз болма мұнарланып көрінгенге, Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып, Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан. Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай, Баянсыз бақ-дәулетке болма мастан. Үрген қуық – бүгінгі жұрттың басы, Бас болса, болар еді көздің жасы. Таққа мініп, басына тәж қойғанмен, Иттің кетпес ойынан жерік асы.





Негізгі бөлім

І тарау. «Әне – дін, әне – өсиет, әне – қасиет»

Тылсым әлем байланыстары Жаратушы иеміздің адамзат баласының бойына берген күллі қасиеттерін санамалап шығу, әй, мүмкін емес-ау?! Егер де бір ғана спорттың түр-түрінен әлемге әйгілі болған спорт саңлақтарының көрсеткен рекордтарынан бастап, сан-салалы ғылым мен білімнің бас айналдырарлық жетістіктері, жүздеген өнер түрі мен бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әлемдік әдебиет, адам айтса нанғысыз ғажайыптарға толы емшілік пен бақсылық, жер басып жүрген қаншама ұлт болса, соншама ұлтқа дарыған ақындық пен батырлық, көсемдік пен шешендік деп санамалай берсек, жуық арада санына жетуіміз неғайбыл. Жекелеген адамдардың бойында болатын сондай ерекше қасиеттердің бірі – көріпкелдік. Көріпкелдікке еш күмән-күдіксіз иланып, айрандай ұйып сенетіндер де, керісінше «Бұлар көзбояушы алаяқтар. Аллаға серік қосушы күнәһарлар» деп жерден алып, жерге салатындар да бар.Оларға көріпкелдердің айтқан болжамдарына илан деп те, иланба деп те айтуға біздің хақымыз жоқ. Себебі, болашақты қолмен қойғандай, көзбен көргендей етіп болжап бере алатын көріпкел адамдардың айтқандарына сену де, сенбеу де кез келген адамның өз құзырындағы шаруа.Бұрынғы шынайы көріпкелдер демекші, тарихқа үңілсек өз заманында тұлпарының дүбірімен, қылышының жүзімен, әскерінің құмырсқадай көптігімен жердің жүзін тітіренткен Шыңғыс ханның да қасында көріпкел, бақсы-балгерлері болған көрінеді. Олардың бүгінгі көріпкелдерден айырмашылығы өтірік көлгірси алмайтын. Олардың айтқан болжамдары келмесе, басқа емес, тура иығындағы басы кететін. Сондықтан ондай адамдар өз-өзін көріпкелмін деп көпке жарияламас бұрын он ойланып, жүз толғанатын. Ұлы қаған қасындағы көріпкелдің болжамы арқылы болашақта қандай шайқастардың қай жерлерде өтетіндігін және алда болатын ұрыста қандай соғыс тактикасын қолдану керектігін ақылдасып отырған көрінеді. Мұндай мысалдарды тарихтан мыңдап келтіруге болады. Әсіресе, соңғы жылдары көгілдір экраннан көрсетіліп жүрген кәріс пен қытайдың, түріктің тарихи көркем фильмдерінде ел басшыларының көріпкел-сәуегейлер мен балшылардың көмегіне жүгінетіндіктерін көптеп байқауға болады. Сондықтан көріпкелдер мүлдем жоқ деп кесіп айтуға болмас. Олар сонау ықылым замандарда да болған, қазіргі күні де бар және болашақта да бола беретіндігі сөзсіз.

Өзі өлерден бір жыл бұрын, яғни, тірісінде өз зиратын өзі қаздырған Мәшһүр Жүсіп: «Мен өлгеннен кейін ...жаздың ыстық айлары ақыретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ... Көпейұлы Жүсіпке Құдай рахмет айтасың. Маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына «тұрымтай тұсында» заман болады. Мен көрмеймін, сендер көресіңдер», - деп айтса керек. Дана бабаның «Маған келіп бата жасамақ түгілі әркімнің басына "тұрымтай тұсында" заман болады» деген сөзі тұтас бір халықтың тоз-тоз болып кетуіне әкеп соққан 1930 жылғы Орталық комитеттің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылуына көмек шаралары туралы» қаулысын меңзеп тұрғандай.

1930–1932 жылдары Қазақстандағы әйгілі ұлы жұт, аштық жайлағаны мәлім. Осы аштықтың салдарын көре білген Мәшһүр Жүсіп бір жыл бұрын өзінің асын бергізіп, жаназасын оқытып, жоқтау айтқыздырған.Бұл жайында ақын Дихан Әбілев естелігінде: Біз барғанда Мәшекең болашақ мовзолей-зиратының астыңғы қабатынан лайықталатын бөлме - өзі жататын орнын қазып жатқандардың қасында тұр екен. «Қазыңдар! Терең қазыңдар! Мәшһүр қашып кете алмайтындай етіп қазыңдар! - деп сылқ-сылқ күлді де, - Кең қазыңдар! Он-он бес адам сыятындай кең болсын. Кірпіштері берік қалансын», - деген көрінеді.Тірлігінде ұры-қарылардың, озбыр, қиянатшыл, аюмінез әкімдердің қара халыққа жасаған қиянатын қызыл тілмен қылыштаған Мәшһүрдің шатағы аз боп па? Тірімде тістері батпаған сол сойқандар мен көз жұмғасын өш алуға үстімнен арыз жаудырып, Мүңкір-Нәңкірге тергеттірмей қоймас. Сонда менің мұндағы дұрыстығымды қорғауға бірнеше періштелер келер. «Кең қазыңдар» - деп Мәшекең сылқ-сылқ күліп тұрады екен.































2.Тылсым әлеммен байланыс жасаған тұлғалар

Жаратушы иеміздің адамзат баласының бойына берген күллі қасиеттерін санамалап шығу, әй, мүмкін емес-ау?! Егер де бір ғана спорттың түр-түрінен әлемге әйгілі болған спорт саңлақтарының көрсеткен рекордтарынан бастап, сан-салалы ғылым мен білімнің бас айналдырарлық жетістікт

Жариялаған:
Советхан Асемгүл
08 Ақпан 2024
216
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі