Материалдар / Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы салт-дәстүр көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы салт-дәстүр көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл зерттеу жұмысы қазақ әдебиеті мен тарихында өзіндік орны бар Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларын білуге, туған халқымыздың әдеби мұрасына, оның ұлы тұлғаларының шығармаларына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты оятуға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2024
158
1 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы салт-дәстүр көрінісі





Орындаған: Қабдырай Алдияр

80 мектеп-гимназиясы

9-сынып оқушысы





















Астана -2024

Мазмұны:


  1. Аннотация

  2. Зерттеу жұмысы туралы

  3. Кіріспе

Салт-дәстүр және оның маңызы.

4. Негізгі бөлім

4.1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмір жолы;

4.2. Діни санадағы салт-дәстүрлер;

4.3. Исламға дейінгі салттар мен ғұрыптар;

  1. Қорытынды

  2. Әдебиеттер тізімі


































Аннотация


Бұл зерттеу жұмысы қазақ әдебиеті мен тарихында өзіндік орны бар Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларын білуге, туған халқымыздың әдеби мұрасына, оның ұлы тұлғаларының шығармаларына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты оятуға бағытталған. Сонымен бірге, өз еңбектерімен қазақ әдебиетінің тарихына, мәдениетімізге үлкен үлес қосқан ақынның шығармаларын талдап, саралауға және ерекшелігі мен өміршеңдігін дәлелдеп, келер ұрпаққа қалдырар өсиетінің маңыздылығын түсінуге бағытталған.

Мен өзімнің зерттеуімде жұмысымның өзектілігін, мақсат, міндеттерін, зерттеу жұмысының дереккөздерін, әдіс тәсілдерін, зерттеудің теориялық маңызы мен мәнін және құрылымын айқындап жаздым.

Кіріспе бөлімінде тақырыпқа сай әуелі салт-дәстүр ұғымына анықтама бердім, халықтың өміріндегі дәстүрдің маңыздылығын қарастырдым.

Негізгі бөлімде ақынның өмірбаянына тоқталып өттім. Мәшһүр Жүсіп кесенесі, оның әулиелігін дәлелдейтін тұжырымдар келтірдім. Ақынның шығармаларынан дәстүрге қатысты үзінділерден мысалдар келтіріп, талдап жаздым.

Қорытынды бөлімде Мәшһүр Жүсіп шығармаларының ерекшелігі мен өміршеңдігіне тоқталып, салт-дәстүріміз арқылы ұрпақ тәрбиесіне тигізетін пайдасы жөнінде ой қозғадым.
























Жұмыстың тақырыбы:

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы салт-дәстүр көрінісі»


Мақсаты:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мол әдеби мұрасынан халқымыздың мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр белгілерін көрсете отырып талдап, ақынның мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқандығын ашып көрсету.


Өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы әдебиетіміздің көрнекті өкілі, белгілі ақын, фольклорист, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мол мұрасы әлі де толық зерттелген жоқ. Кеңестік идеологияның салдарынан біраз бөлігі ұмыт бола бастаған мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді ақынның шығармаларынан көреміз.

Жаңашылдығы:

Жүсіп Көпейұлының өлеңдерінен ұлттық салт-дәстүр мен діни наным, сенімдерді талдап көрсетіп, кейінгі ұрпақ үшін асыл қазынаға мол мұра екендігін дәлелдедім. Ораза ұстау, намаз оқып, құрбандық шалу, зекет, садақа беру, қажылыққа бару, кәлима айту, ораза кезінде айтылатын жарапазан, бата түрлері, наурыз жыры сияқты дәстүрлерімізді ақынның шығармаларынан оқи аламыз.



Зерттеу жұмысының дереккөздері:

Ақын шығармаларының жинағы, ғаламтордағы дереккөздер.



Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:

Жағдаяттарды шешу, қорытынды шығару.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, саралау;

  2. Ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау және өзектілігін дәлелдеу;

  3. Ақын шығармаларын мазмұндық-тақырыпты жағынан ашып көрсету;


Зерттеу нысаны:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары.








Кіріспе


Ұлттық бірегейлікті сақтап, мәдениетті дамытуда салт-дәстүрдің  маңызы зор. Рухани құндылығымызға айналған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуы, ұлт дамуының негізі екенін айтады. Түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану кезеңінде ұлттық рух пен қасиетті сақтайтын салт-дәстүр мен әдет-ғұрып басты қызмет атқарады.

Әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары сақталған. Ал қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі қалыптасқан. Біз ата-бабаның домбырасының үнімен, әсем әуендерімен, жыр дастандарымен жеткізген рухани мұраға бай халықпыз.

Қазақ халқының әрбір салты мен дәстүрінің тәрбиелік мәні тереңде. Ұрпаққа адамгершілікті дәріптеу, ақыл мен білімге шақыру үлкенді сыйлау сияқты насихатымен құнды. Нәресте болып  өмірге келгеннен бастап қарттық шағына дейінгі аралықта орындалатын салт – жоралары жеткілікті. Мұның бәрі адам өміріне бей – жай қарамағандығының көрінісі.

В.И. Белинскиий «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан- ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас-мүсін тәрізді» деп салт-дәстүрдің ғұмырлы екенін көрсетеді.

Әдет-ғұрып – ежелден қалыптасып, қоғамда қолданылып жүрген қағида-ережелер. Бұл жазылмаған, бірақ қоғам мүшелері екі етпей орындауға жататын қағида ережелер жинағы. Ислам діні әдет-ғұрып заңдарын кері итеріп тастамай, оларға исламдық түр-сипат берді. Өз кезегінде бұл әдет-ғұрып заңдары да исламның шариғат заңдарына қарама-қайшылық келтірмей, қайта діни сенімдерді қорғап, оны таза сақтауға жәрдемдесті.

«Дәстүр» сөзі де арабша «дустур» деген сөздің қазақша баламасы. Арабша мағынасы іс-әрекет жасалатын ереже, заң дегенді білдіреді. Ал латынша дәстүр сөзі «trаdіtiо» жалғастыру деген мағынаны білдіреді. Яғни, тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б. Дәстүр несімен құнды? Дәстүр шектен шығармайды. Дәстүр тұрақтылықты қалыптастырады. Тұрақты қағидаларға, тұрақты нормаларға сәйкес тұрақты мінездер қалыптасады. Ұлт мінезі қалыптасады. Соның арқасында ұлт әрі қарай өмір сүреді.

Бүгінгі таңда ұмыт бола бастаған қаншама салт-дәстүрлеріміз, әдет ғұрыптарымыз бар. Оның да өз себебі бар. Сондай салттарымыз бен дәстүрімізді, әдеттерімізді ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұрпаққа аманат етіп қалдырған мұраларынан оқып біле аламыз. Ұлтымыздың сондай киелі саналған ұлы тұлғасы - Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Бұл кісінің дәстүрге берік болғандығынан бөлек, қасиеті, киелілігі ел арасында аңызға айналып кеткен.

«Мәшһүр Жүсіп туралы ел арасында аңыз көп. Ол кісінің бол­жау­шылық көріп­кел-әулиелік қасиеті болған. Пазыл ағаның аузынан мынандай сөз есіттік. Мәшһүр Жүсіп өзінің қай жылы, қай күні қайтыс бо­­­­латынын болжап білген. Сол уақыт жа­қын­дағанда барлық туысқандары мен ағайындарын, балаларын, келіндерін жинап алып айтқан. Мен үш күннің ішінде ана дүниеге барамын. Сендер мені қалай жоқ­тайтындарыңды өз көзіммен көріп, құ­ла­ғыммен естиін. Ал келіндер, жылап-жоқтаң­дар, туыс­тар, ағайындар мал сойып, ас бе­ріңдер. Өзі бірнеше күн бұрын Ескелді шат­қалына барып бейітінің орнын қаз­ды­рып, кішкентай кесе­несін салдырған. Шы­ны­мен айтқан күні Мәшһүр дүние салады.
Мен өзім 1942 жылы әкеммен сол Мәшһүр атаның кесенесіне бардым. Ол екі қа­баттан құралған, астыңғы қабатында жер төлесі. Үстіңгі қабатында кітаптары, т.б. өзі қолданған бұйымдары бар. Ал ке­се­несінің жер төлесінде денесі жатыр екен. Де­несінің бос жатқанын өз көзіммен кө­р­дім, тек ақ матамен үстін жауып қо­йыпты. Біз барғанда сол ақ матаны ауыс­тырды. Де­несі бұзылмаған. Қарны үлкендеу екен. Ұйық­тап жатқан кісі сықылды. Соның ке­сенесінің айналасында жалтыраған көктеу кел­ген тастар көп екен. Жұрттың барлығы тұмар қылып алып жатты. Мен де алдым. Менің әкем сол денесі жатқан жерден бір уыс топырақ алып, шешеме берді. Шешем маған сол топырақты көк матадан істеген шүберекке салып, тұмар тағып берді. Сол тұ­марды универси­тет бітіргенге дейін тақтым. Менің төрт рет дүниежүзілік жаңалық ашуыма Мәшһүр Жүсіп атамыздың рухы се­бепші болды ма?..» [1]























Негізгі бөлім


  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмір жолы


Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бітім-болмысы, шығармашылық мұрасы зерделеніп біткен жоқ. Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.

Ал енді балалықтың бау-бақ­ша­сынан даналықтың дария­сы деңгейіне көтерілген Көпейдің Жүсібі 1858 жылы Семей облысы Баянауыл сыртқы округі аумағындағы Баянауыл мен Қы­зыл­тау тауларының арасында орна­ласқан Ашамай тасы деген жерде дүниеге келген. Ата-ана­сының азан шақырып қойған есімі – Адамжү­сіп. Қаршадайынан (9 жас) қисса-дастандарды жатқа айтып, ел көзіне түскен баланы бірде аға сұлтан Мұса Шорма­нов шақырады. Алқалы жиында тарихтың тамырынан тартып, талай жыр-дастанды төгілте орын­даған балаға риза болған ел ағасы: «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен», деп есіміне «Мәшһүр» атын қосыпты. Асылында, «мәшһүр» сөзі араб тілінде «танымал» дегенді біл­ді­реді. Айтқанындай-ақ, жақын жұртынан төрткүл дүниеге дейін танылады.

1861 жылдың қысы қатты бо­лыпты. Жұт жеті ағайынды де­мекші, аштық та бала Жүсіптің от­басын айналып өтпейді. Жер­төледегі жемінен қорадағы малына дейін айырылады. Сонда жет­кіншек Жүсіптің көреген әкесі: «Адам­ға мал жолдас болмас, ғы­лым жолдас» деген шешімге келіп, баласын оқытуға бел буады. Содан бес жылдай (1863-1868) Баянауыл медресесінде өңірге танымал Нә­жі­меддин (Қамаратдин) молда­дан білім алады. Болашағынан зор үміт күттіретін бала өте ыжда­ғат­тылықпен оқып, көп ұзамай ерек­ше табиғи ақыл-ойының, та­бан­дылығының, тәртіптілігінің арқасында медреседегі барлық мол­даның назарын өзіне аударады. Зейіні мықты, зерек Жүсіп өзінен үл­кен балаларды да басып озады.

Жылдар жылжып, бала Жүсіп дана Жүсіптің алғашқы бас­­­пал­­дағын аттайды. Мәш­һүр-Жүсіп 1872–1874 жылдар ара­лы­ғында Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп шыға­ды. Ол Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули және басқа да Шығыс әдебиеті өкіл­­дерінің шығар­ма­ла­рын түп­­нұсқадан еркін оқи алатын дең­гейге көтеріледі.

Мәшһүр-Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым сала­сына ден қоя бастайды. Туған жері Қызылтауда жерлестерінің ба­ла­ларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен бі­лек түре шұғылдануға шақырды. Зама­нының заңғары Мәшһүр-Жү­сіп «Білім алып, өмірлік қажетті іскер­лік пен дағдыларды меңгеру – ұлттық ояну мен өркендеудің бір­ден-бір жолы» деп білді.

Ғалым әрі ақын туған елінің тарихы мен мәдени мұрасын түгендеуді өзінің өмірлік мұраты деп білді. Мәшһүр-Жүсіп Көпей­ұлы ауыз әдебиеті үлгілерін жи­нақ­тауды жастайынан бастады. 1865 жылы «Ер Олжабай батыр» дастанын жазып алды, бұған ұста­зы Қамар хазіреттің ықпалы мен кө­мегі зор еді. Ол жасөспі­рім кезінен Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және басқа да көптеген атақты тарихи тұлға туралы деректерді қағазға түсірген.

Саналы ғұмыры білім мен ғы­лым кеңістігіндегі өзіндей сайып­қырандармен аралас-құралас, ой пікірлес болып өтті. Со­ның бірі – белгілі шы­ғыс­танушы-түрколог В.В.Радлов еді. Орыс ғалымы қазақ ауыз әде­бие­ті үлгі­лерін жинаушы ре­тін­де Кө­пей­ұлының өмірлік ұста­ным­да­рының қалыптасуына ықпал етті. В.В.Радлов ауыл-ауылды аралап, XVIII-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларын, айтыс­тар мен жыр-дастандарды, аңыз-әңгімелерді қағаз бетіне түсірді.

Мәшһүр-Жүсіп сонау Омбы­дан Павлодар, Семей, Петро­павл, Атбасар, Ақмола жерінде орна­ласқан көптеген ауыл­ды, Оң­түстік және Ба­тыс Қазақстан аумағында­ғы елді мекендерді аралады. Ол осын­дай сапарларында атақты тұлғалар: хан Кене­нің ұрпақтарымен, Мей­рам қа­жы Жанайдарұлымен, сондай-ақ Ақан сері, Саққұлақ бимен де кез­десті. Ақынның шы­ғар­ма­лары кейінгі ғалым-фольк­лор­­­­­­­та­нушылар, тарихшылар мен әде­­­­биеттанушылардың зерттеуіне жол ашты.

1889-1891 жылдар аралы­ғын­­да Кіші жүздің жерін аралап, Жәңгір сұлтанмен, батыр Нау­ша Қаржауұлының шөбересі Қадыр­мен де кездеседі. Сол сапарында Жәң­гір хан, Исатай, Шернияз, тама руынан шыққан Сарыбас мерген туралы деректерді жазып алады. Кіші жүздің таңба, ұран, әпсаналары туралы мәліметтерді жинап, талдайды.

Мәшһүр-Жүсіптің көне ауыз әдебиеті жырларын шашау шы­ғармай жинағанының арқасында кейінгі ұрпаққа баға жетпес тарихи аңыздар, этнографиялық материалдар мен хан-сұлтандар, жыраулар мен билердің, батырлар мен қожалардың егжей-тегжей шежіресі жетті. Шығармалары­ның барлығында дерлік адам мен табиғаттың өзара байланысы және үйлесімділігін сипаттап, «қайы­рымды іс сауапқа кенелтеді» деген тұжырыммен тәмамдайды.

Көрнекті ағартушы ортаға­сыр­лық тарихи деректердің түп­нұсқаларын терең зерттеп, Қазақ хандығының құрылу уақыты мен хан, сұлтандар шежі­релерінің бірнеше нұсқасын жазып кеткен. Мысалы, Мәш­һүр жинастырған әдеби-тарихи мұра­ларда есімі жиі айтылатын тұлға – Абылай хан. Мәшһүр-Жүсіп Абылай ханның ата тегі, өскен ортасы, биліктегі ­саяси қызметі, оның хандық құр­ған кезе­ңі туралы деректер ар­қы­лы өз заманының ең көрнекті де бе­делді билеушісі бол­ғанын жазады.

Өзімнің зерттеу жұмысымда Мәшһүр-Жүсіптің салтымыз бен дәстүрімізге қосқан үлесін талдап жазбақпын. Сол арқылы мәдениетіміздің де дамуына қосқан үлесі зор екендігін айтқым келеді. Шығармаларын оқи отырып, сондай салт-дәстүрді көреміз. Атап айтатын болсақ, жарапазан, бата беру, ораза ұстау, намаз оқу, зекет беру, сәлемдесу, Наурыз жыры, беташар т.б.






2. Діни санадағы салт-дәстүрлер


Мәшһүр Жүсіптің шығармаларында діни наным-сенімдер, Аллаға деген сенім жиі айтылатынын аңғару қиын емес. Қазақ мәдениетінің мәніндегі діни сананың мазмұны исламнан бастау алатыны бәріне белгілі. Діни сана ислам құндылықтарын ақпараттық, сұрыптау рөлін атқарады. Діни сана – ұлттың болмысы, табиғаты, ерекшелігі. Діни сана тарихи сүрлеумен жаңғыра отырып, ұлттық мәдениет пен рухани тұтастыққа нәр беретін сипат табады.[1] М.Көпейұлының шығармаларын оқи отырып, халықтың діни сана ерекшеліктерін тани аламыз.

«Хасыл дүние, ақырет, әуел иман,

Ораза, намаз оқыр нәпсі тыйған.

Астан ғұшыр, малынан зекет беріп.

Табады Құдайды іздеп жанын қиған.

Ораза, намаз пенденің міндетті ісі,

Құтылар қарызынан қылған кісі.

Жалғанда артық сауап қайыр екен,

Қылуға қайыр, ықсан жетсе күші!»[2, 14-бет] - деген «Адам екі түрлі» атты өлеңінде мұсылманның орындауы тиіс шарттарын айтқан. Ораза ұстау, намаз оқу, зекет беру сияқты мұсылманның бес парызының үшеуі айтылған.

« Беріп тұр мені ойға алып, малын қиып,

Шайтанның тілін алмай, нәпсі тыйып» - деп зекеттің адам үшін пайдасын айта кетеді.

Зекет беру арқылы мұқтаж адам мен ауқатты адамның арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік артады. Осыны терең түсінген халқымыз «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Қайырсыз адам – сараң, құм ішінде шөлмен тең, қайыры мол адам – суаты шалқар көлмен тең», – деп, ауқатты адамдарды мал-дүниесі арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырған. Өзгелер үшін қолындағы барын аямай, жомарттық таныта білген ауқатты адамдардың халық дәрежесін көтеріп: «Атымтай жомарт», «Ақ пейіл жан» деген түрлі атаулармен атайтын болған. [3]

Ақындық шеберлігін асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға арнаған Мәшһүр Жүсіп шариғаттың шарттарын халыққа өлеңмен жеткізді. Кейде өткір сөзімен кейбір шала сауатты діндарлардың ісін сынап та отырды. Сонымен қатар, Құрандағы қиссалар мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі-өнеге сөздерін жыр-дастанға айналдырып, ұрпағына уағыздады.

Бес парыз” өлеңінде мұсылманның бес парызын айтады:

Бес нәрсе бізге бұйрық бір Алладан,

Ықыласпен қылу керек білген адам.

Кетпейді күн туғанда көзі жастан,

Дүниеде бейпіл босқа күлген адам.[1, 40-б.]

Сонымен қатар, құран оқып, құрбандық шалуға қатысты:

« Айтылды: «Алла акбар» - екі жерде,

Намаз бен құрбан шалу келді бірге» - деп айта кетеді.

«Сәлем» - Алланың көркем есімдерінің бірі. Сәлемдесу - сүннет болған қайырымды амал. Ата дінімізді ардақтаған ата-бабаларымыз да кездескенде «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып екіншісі «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қайтарып амандық сұрасуды алдыңғы орынға қойған. «Сәлем – сөздің анасы» деген халқымыз аузыңнан шығар алғашқы сөзің амандасу болсын дегенді меңзеген. Біздің бүгінгі күні «салам», «сәлем», «саламалейкум» деген сөздің түп-төркіні осыдан шығып отыр. Амандасудың парыз екені айқын, ал ол неліктен айтыуы керек, оның мәнісі неде, бұл сөздің артындағы сауаптарын біреу білсе, біреу білмейді. Күнделікті өмірде бірнеше рет қайталайтын осынау сөзді айтқанымыз үшін мол сауапқа кенелудеміз.[4]

«Біздерге сәлемдесу болды сүннат,

Пайғамбар сүннатын тұт, болсаң үмбет.

Сәлемнен табылады жиырма сауап,

Наданға білмейтұғын бұ да қымбат»[1. 43-б.] деп, осы өлеңінде сәлемдесудің парыз екені айтылады.

«Біреуі бес парыздың – қажыға бару,

Бұл жолға мал мен жанды керек салу.

Шақырған бір Алланың ол жеріне,

Байларға қиын екен бармай қалу!» [1. 43-б.] деп, бес парыздың біреуі – қажылыққа барудың маңызы туралы айтса керек.

Асыл дініміздегі бес парыздың бірі болған қажылық ғибадатын халқымыз ерекше құрметтеген. Оны «Ұлы сапар» деп атап, қажылыққа барып келген кісіні «қажы» деп қадірлеп, төрге шығарып, батасын алуға тырысқан. Шаңырағына қажы адам қонақ болып түскенде нәрестелі болған үй перзентіне Қажыгелді, Қажымұрат, Қажыбай деген сынды есімдер қойған.[5]

«Жарапазан айта келдім, сіз байларға,
Кім кетіп, кім жетпеген бұл айларға?!
Кірерсіз сегіз бейіш сарайларға
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!
Бір келген он екі айда шақыр рамазан,
Қылыңыз рамазанда жанды құрбан!
Үш айда енді бізге қалам, Құран,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!» деген өлең жолдары - ұмыт болған жарапазан жыры. Ол да - салт-дәстүріміздің бір бөлігі. Кейінгі ұрпақ жарапазанды білмеуі мүмкін. Ол қандай жыр? Мәшһүр Жүсіптің өлең жолдарын оқи отырып, он екі айда бір келетін қасиетті рамазан айын насихаттауға, ораза тұтуға шақыратын жыр екенін түсінеміз:

«Ораза тұт, үшбу айда оқып құран,
Қараңғы керде шамың жағып тұрған.
Наныңыз бұл сөзіме, хақ мұсылман,
Мұхаммед үмбетіне шақыр рамазан!»

Жарапазанның негізгі мақсаты — осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан — Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады»,- деп жазған.

Келе-келе мұсылмандар ешкім оятпаса да, өздері ерте тұрып, сәресін ішуге дағдыланады. Бірақ жарапазан айту жоралғысы ұмытылмайды. Бұл салт күні бүгінге дейін қазақ арасында сақталып қалған. Оның көптеген үлгілері ел арасына кеңінен таралған. Солардың бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңі.[1, 189-б.]

Мәшһүр Жүсіп шығармаларында табиғатпен тіл табысу мәселесі де анық көрініс табады. Халқымыздың наным-сенімдерінде тірі табиғаттың киесі мен құты туралы қасиетті сезімдер баршылық. Мысалы, «Киік» өлеңінде:

«Екі лақты бейшара мұңдық еді!
Көңілі бұл киіктің лағында,
Қалды лағы бір таудың бұлағында.
Анасына азынап жылағаны-
Аян болды Алланың құлағына», - деп әрбір тіршілік иесінің Алланың құлы екенін, тіпті табиғаттың өзінің сезімі мен уайымы болатынын кәпірдің тұзағына түскен киіктің зары мен қайғысы арқылы жеткізеді.

«Жақсылық пен жамандықты айыруда және шиеленіскен қоғамдық проблеманы шешуде діни аңыздар адамға қайрат-жігер береді. Егер біз табиғатпен тіл табысып, өркениетті қоғамға айналғымыз келсе, діни аңыздарды санаға сіңіруге мәжбүрміз. Канадалық эколог Дэвид Сузуки: «Табиғатты саламат сақтау үшін адам ұрпағының жан дүниесі сакральді дүниетаныммен баюы керек. Экологиялық этикет сонда ғана қалыптасады», - деген».[1, 60-б.] Қазақтың наным-сенім, тыйымдарындағы «құмырсқаға тиіспе», «дәуітке тиіспе», «тасбақаны өлтірме», «бал арасының ұясын бұзба», «кептерге, торғайға, қарлығашқа, көкекке, бірқазанға, бұлбұлға, қасқалдаққа тиіспе», «аққуды атпа», «құс ұясына тиіспе», «ақбөкенді нақақ өлтірме», «көктемде жан-жануарға тиіспе» деген сөздер бекерден емес екендігін көрсетеді.

«Қарлығаш:
- Берем - дейді - бір-ақ тауып,
Қылмайды дәнемеден қарға қауіп.
- Міне, лашын келеді, өлтірді! - деп,
Қарғаға хабар беріп келген шауып.
- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр,
Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр.
Мен қашып бұл лашыннан құтылайын.
Қарлығаш, балаларға қараса тұр!» -

деп киік лақтарының құстардан көмек сұрауы тірі табиғаттың тылсым күшінің бар екендігін дәлелдейді.

ХІІІ ғасырда араб ойшылы Из-зәд ибн Әбу әс-сәләм Мұхамбет пайғамбардың хадистерін сұрыптап, жануарларды қорғау туралы арнайы трактат қалдырған. Бұл трактатта Әбу әс-сәләм адамзатқа пайдалы жануарлар жайында ғана емес, тіпті қартайып қызмет етуге шамасы келмей қалған ауру жануарларға да жанашырлықпен қарау жайында жазған.

Қазақ арасына кең тараған пайғамдардың бір өнегелі ісі бар. Етегіне ұйықтап қалған мысықты оятпаймын деп, етегін пышақпен кесіп тастап кетіпті. Енді бір аңызда қақпанға түскен киіктің орнына өзін құрбан етпек болады.

Міне, осындай мысалдар біздің экологиялық діни санада өте көп. Оның әрқайсысы жануарлардың киесі барын, соған орай тыйымдар шыққанын дәлелдеп отыр. Мәшһүр Жүсіптің шығармаларында жануарларға, құстарға байланысты жазылған жолдарда тірі табиғаттың киесі туралы айтпақ ойы жатыр.







































3. Исламға дейінгі салттар мен ғұрыптар

М.Көпейұлының шығармаларында ұлыстың ұлы күні – наурыз туралы көп жазылған. Кеңес үкіметі кезінде ұмыт болған наурыз мейрамын ақынның шығармаларынан оқи аламыз.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің наурыз жайлы жазған тағы бір ескі дерегі – наурыз айында болатын табиғат құбылысы жайлы айтқаны. Этнографтың Бұхар жұртынан келтірген дерегінде күн мен түн теңелгенде, балық аунап түседі. Кейбір елдерде күн мен түннің теңелгенін осы құбылысқа қарап байқайтын болған.

Жиырма тоғыз жасында Бұхарай шәрифте болған Мәшһүр Жүсіп өзі байқаған жайын: «Наурыздама той қылатұғын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алқасына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» деп, сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша береді: «Жаңа жыл тойы!» деп жазады.

«Өмірге жаңа жолдар ашатұғын
Жаңа жыл- бүгінгі күн - жаздың алды.
- Қатын тұр, көжеңді ішіп, асыңды сал!
Келейін түске шейін мен жайып мал!

Береке күннен — күнге таса берсін,
Кедейдің үстемдігі аса берсін!
Құдайдың не бергені қайырлы боп,
Ел өрлеп ілгері аяқ баса берсін!» -

деп, «Наурыз тілегі» атты өлеңінде өз батасын береді. Наурызды тойлаудың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, ертеде бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. 

Ұлыстың ұлы күні берілетін бата мұнымен шектелмейді, батаның көптеген түрі бар екенін әулие ақынның «Бата үлгілері» атты өлеңінен білеміз.

«Иа, Құдайым, оңдасын,
Мың саулығың қоздасын!
Сексен туйең боталап,
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін, Қоңыраттың түйесін берсін,
Біткен аруақ бәріне тие берсін!
Алла әкбар!» - деп, шаңыраққа жақсылық тілеу мақсатында оқылатын батаны жазады.

Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды.

Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды.

Жалпы батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы халықты бір нәрседен тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым.

Қазақ арасында осы дәстүрдің берік орнағаны соншалық, тіпті ел арасында Ыбырайым пайғамбар мен Жебірейіл періште туралы аңыз кең тарап кеткен. Кейбір әулие қарттар айналасында отырған адамдардың түгел ас ішіп болуын күтетін болған. Тіпті керек десеңіз, киіз үйдің есігінің алдында жем шұқып отырған торғайлардың да жем жеп болуын тосқан екен. Рухани сұхбатты уахиға теңегендіктен де әулие адамдар дастарқан басында дүние сөзін сөйлеп, мағынасыз сұхбат құрудан сақтанған. [1, 124-б]

Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін!
Әбубәкір, Сыздықтың салауатын берсін,
Әділ Омардың айбатын берсін,
Әзіреті (хазірет) Оспанның ұятын берсін,
Әзіреті Әлінің (ғалының) қуатын берсін!
Ибрайым (Ибраьим) пайғамбардың
малын берсін,
Әкім Лұқпанның жасын берсін,
Әкім Сүлейменнің тақытын берсін!” – деп, бұрынғылардың батасынан үзінді келтіріп, әр пайғамбардың ерекше қасиеттерін батаға қалай қосқанын біздерге жеткізген. Кейінгі бата, қуырдаққа берілетін бата айтылып, бұл дәстүрдің тәрбиелік мәні зор екендігін көреміз.

Қазақ халқының тұрмыс-салт тіршілігіндегі орындалатын әдет-ғұрыптар мен ырым, тыйымдардың басым бөлігі көне түркілік дәуірден бері үзіліссіз жалғасып келе жатыр. Тәңіршілдік кезеңінен қалған салттардың өміршеңдігі соншалық – тіпті олар Ислам діні келгеннен кейінде жойылып кетпеді. Керісінше, жаңа өркениетпен синтезделіп, мазмұндық жағынан байи түсті. Мысалы, келін түскенде жасалатын беташар дәстүрі Исламға дейін де болған.

Тұрмыс-салт жырлары қатарына жататын беташар дәстүрі – келін күйеудің үйіне келген кезде орындалатын салт. Осы дәстүр бүгінгі күні де кең тараған. Алайда, оның тәрбиелік мәніне назар аударып жатқан адамдар аз. Тойдың негізгі бөлігіне айналып кеткен беташар бүгінгі күні тіпті, асабалардың кіріс көзіне айналып кеткен. Мәшһүр Жүсіптің «Беташарында»:

«Айт, айт, келін, айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін!
Сауысқаннан сақ, келін,
Жұмыртқадан ақ келін!» деп, жаңа түскен келіннің сұлулығын суреттей келіп, келін атына сай болатындай, оғаш әрекеттер жасаудан аулақ болсын деп кеңес береді:

«Аузы- мұрның сүйреңдеп,
Өсек айтпа, келіншек!
Қайын ағаңның алдынан
Кесіп өтпе, келіншек!
Сары етігің салпылдап,
Сазды баспа, келіншек!
Сауыр етігің шойқаңдап,
Тоғай кезбе, келіншек!»

Беташар кезінде жаңа түскен келіншек ауыл ақсақалдары мен жаңа жұртының барлық игі жақсыларына иіліп сәлем етеді.











































Қорытынды

Жaлпы, М. Көпеев шығaрмaлaрының дені Ислaм дінімен, aрaб әдебиетімен бaйлaныстa сaбaқтaсып жaтыр. Ақынның «Жер мен көк»,

«Миғрaж», «Әдһaм диуaнa мен Ибрaһим», «Өліп тірілген Шaһзaдa», «Әбушaқымa», «Шaһaрбaн мен Хұсaйын» және т.б. шығaрмaлaры қaзaқ әдебиетіндегі діни қиссaлaрдaғы ортaқ сaрын: Аллaғa сыйыну, күнәдaн тaзaру, хaлифaлaр мен олaрдың ұлдaры жaйындaғы дaстaндaрмен үнде- сетінін бaйқaуғa болaды. Ақын көбінесе Аллaғa сыйынуды жырлaй отырып, өзі өмір сүрген қоғaмдaғы келеңсіздікті тұспaлмен, aстaрмен шебер тілмен көркем жеткізеді.

М. Көпеев шығaрмaлaрының шығыстық сипaтын зерделегенде шығыстық көшпелі мотивтердің ішінен тек aрaбтың клaссикaлық әдебиетіне ғaнa тән көркем сюжеттер мен сaрындaрды жеке бөліп, олaрдың қaзaқ әдебиетіндегі көріністері мен ықпaлы aйқын көрініс береді. Автордың көркем шығaрмaлaрынa aрқaу болғaн aрaб әдебиетінің көркемдік үлгілері мәтіндік тaлдaу aрқылы нaқтылы мысaлдaрмен дәлелденіп, шығыстық сaрындaрдың aйқын aңғaрылaтыны нaқтылы деректермен түсіндірілді. Бұл шығыстық сaрындaр тек суреттеу деңгейімен ғaнa емес, дүниетaным деңгейімен де тығыз бaйлaнысты.[6]

Қазақтың ойшылы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кейінгі ұр­пақ­қа қалдырған рухани мол мұ­расы – нағыз парасаттылық­­тың, инабаттылықтың, киеліліктің, ­ар-намыс пен тектіліктің жар­қын үлгісі. Бұл мұра – қазақтың тарихын түгендеуде, әдебиетін жүйелеуде таптырмас алтын қа­зына. Сол қазынаны ұлтымызға және әлемге жеткізу – бүгінгі ға­лымдардың, аудармашылардың абыройлы міндеті.

М. Көпейұлының шығармалары арқылы қазағымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көреміз. Бата беру, сәлемдесу, беташар, жарапазан, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, т.б. бірқатар дәстүрлерді оқыту арқылы олардың тәрбиелік мәнінің зор екендігін көреміз. Жүрегінде иманы бар, қазақи дәстүрден сусындаған бала жаман болмайтыны анық.


















Әдебиеттер тізімі:

  1. Салт-дәстүр сөйлейді. Отбасы хрестоматиясы.

  2. Көпейұлы Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалар жинағы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2014. -336 б.

  3. https://www.muftyat.kz/kk/nasihat/zhuma-minberi/2022-04-15/39268-zeket-bes-paryzdyn-biri/

  4. https://www.ihsan.kz/kk/articles/view/869

  5. https://www.muftyat.kz/kk/nasihat/zhuma-minberi/2023-06-16/42331-kazhylyk-bes-paryzdyn-biri/

  6. Салқынбаев М.Б. Хабаршы. Шығыстану сериясы.№3.82. 2017



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!