«Жеңіл өнеркәсіп
және сервис колледжі»,
Арнайы пән
оқытушысы: Булегенов
А.Е.
МАТАЛАРДЫ СТАНДАРТТАУ, СОРТЫН
АНЫҚТАУ
Маталар туралы стандарт
түрлері
Стандарт деген сөздің ағыліпын тілінен қазақшаға
аудармасы норма, эталон, үлгі дегенді білдіреді. Стандарт белгілі
бір бұйым жайында негізгі деректер беретін қүжат. Матаны шығару,
барлық қасиеттерін тексеру, сорттау, маркілеу, жинастыру және
буып-түю стандарт нормаларына сәйкес жүргізіледі. Әр матаға және
маталар тобына бөлек стандарггар болады. Стандарттау деп барлық
сүраныс жасайтын жақтарға пайда келтіретін белгілі саладағы
іс-әрекеттерді ретке келтіру мақсатында белгіленіп қолданылатын
ережелер жинағын айтады.
Стандарт құзырлы органдармен бекітілген
стандарттау обьектісіне немесе біртекті өнімдер топтарына, керекті
кезде бір өнімге қойылатын нормативті-техникалық қүжат. Матаға
стандарт - матаның кұрамын, қүрылымын және қасиетін анықгайтын
техникалык нормалар жиынтығы. Матаның енін, тығыздығын, массасын,
жіптің негізі және арқауы бойынша тексін анықтайтын стандартта жеке
маталарға накты сандық нормалар берілген және матаның талшыкды
құрамы, оның сыртқы »көрінісі және айқаспасы суреттеледі.
Стандартта жеке маталар үшін оның үзілгіштігі, үзаруы, сулағанда
немесе жуғанда апшуы, жүн маталарының майлылығы, жіптер қүрылымының
сипаттамасы келтіріледі.
Топтық стандарт - бір топ маталарға немесе барлық
маталарға тиісті нормалар мен ережелерді қамтиды, мысалы матаның
сорттылығы олардың класқа бөлінуі, сызыктық көлемі мен массасын,
тығыздығын, бояуының мыктылығын анықтау әдісі жайьйіда мәліметтер
келтіріледі.
Маталардың сортын
анықтау
Маталардың сорты талшықтың
сапасымен сипатталады. Матаның сорттылығы стандарт нормаларына
сәйкес тоқыма фабрикаларында анықталып, сауда орындары мен тігін
кәсіпорындары өздерінің қосымша бақылауларын жүргізеді. Маталардың
сорты стандартқа сәйкес келмеген жағдайда тоқыма мекемелерінен
айырмасын төлеуді немесе өнімді алмастыруды талап етеді. Матаның
сорттылығын анықтайтын төрт стандарттың түрлері бар. Олар макта
және штапельді жүн маталары үшін, жібек маталары және зығыр
маталары үшін. Зығыр маталарының стандарттарынан басқа
стандарттарда, сорттылықты анықтау принциптері бірдей. Сорпылықты
аныктау балдық жүйе бойынша белгіленеді. Маталардың сорттылығы
сыртқы ақауына физикомеханикалық көрсеткііптерінің және бояуының
ауыткуына байланысты. Стандартқа сәйкес матада байкалған әр ақау
іпартты өлшем санымен, балмен бағаланады. Матаның сорты әр
жеріндегі акау үшін, жалпы ақау үшін және физико-механикалық
көрсеткіштерінің ауытқығаны үшін балдар жиынтығы, баллдык бағаға
байланысты калыптасады.
Механикалық қасиеттері бойынша
матанын сортын анықтау. Матаның механикалық касиеттірін, сапасын
тексеру мақсатымен токыма кәсіпорындарының лабораторияларында
жіптің негізі мен арқауы бойынша жуандығын, матаның енін, 1 м2
массасын, тығыздығын, тартқанда мықгылығын, апшуын
аныктайды.
Жүн маталардан қоспалар мен
майдың пайыздық мөлшерін анықгайды. Алынған көрсеткіштер тиісті
матаға арналған стандарт пен техникалык жағдай нормаларымен
салыстырылады. Тәжірибелік сынақты өткізу үшін бір партиядағы
маталар бөлігінің 3% үшеуден кем болмау керек. Матаның еніне
байланысты әрбір таңдап алынған бөліктен ұзындығы 25-75 см етіліп
мата енімен қоса үлгі кесіліп алынады. Тәжірибелік сынау жүмыстары
стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Физика-механикалық қасиеттіері
бойынша ауытқу саны 1 сортты мата нормасынан асып түседі. Мақта
және штапельдік маталардағы негіз бен арқау бойынша тьіғыздықтың 2%
жетпеуі, мықтылығы мен массасының 5% кемдігі 11 балмен бағаланады.
Таза жүн маталарының сулағаннан кейінгі ауытқуы 0,1- 1% болса 16
балмен бағаланады. Бұл 1 сортты маталарда механикалық акаулар
болуға тиіс емес деген сөз. Жібек маталарда механикалық
қасиеттерінің бірнеше ауыткуы болса коп балмен бағаланатын бір
ақауы алынады. Бүл ауытқулар бөлікке түгел катысты болғандықтан
физика-механикалық ақау үшін балдық баға матаның шартты үзындығына
сәйкес есептелінбейді. Егер де механикалық қасиеперінің
көрсеткіштері бойынша ауытқу стандарт тағайындалған нормадан асса
тәжірибелік сынақ қайта жүргізіледі, тексерілетін бөліктер саны екі
есе артады. Акаулар тағы да байқалса барлық партия түгел жарамсыз
деп табылады. Бояуы бойынша матаның сортын анықтау. Маталар
бояуының беріктігін сынау әдістері токыма өнеркәсіптерінде ҚР
Мемлекеттік стандарттары бекіткен норма бойынша жүзеге асырылады.
Матаның қандай мақсатқа пайдалануына карай бояудың әр түрлі
физика-химиялық әсерге жарыктың, таза судың, сабын мен сода
ерітіндісінің, тердің, жуғанға, химиялык тазартуға, үтіктеуге,
құрғақ және ылғал күйінде үйкеліске беріктігін
анықтайды.