Ана біздің күніміз
Тақырыбы: «Ана біздің
күніміз»
Жібек: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән – маржанын шашайық
Ән: «Анашым»
Тәрбиеші: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз -
ана. Бала дүниеге
келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық
құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін,
мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет
күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар
аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай
болса, бүгінгі мерекеміздің тақырыбы осы қасиетті «Ана» есімі
болмақ.
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз
Адамның анаға айтар лебізі
- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Динара: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Серік: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ақбота: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Тәрбиеші: Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық
Би: «Малинка» (қыздар мен ұлдардың орындауында)
Тәрбиеші: Бүгінгі қыздардың мерекесіне, ұлдарымыздың дайындаған ән
– шашуы бар, әзіл – сықақ әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Су тасушы қыз»
Ерлан: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Айсұлу: «Ана» деген сөзді де
«Апа» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Тәте» деген сөзді де
«Аға» деген сөзді де
Хормен балалар: «Ойлап тапқан балалар»
Данияр: Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Хормен балалар: «Ойлап тапқан аналар»
Ән: «Мереке күніңмен»
Ойын: «Гүлді кім көп жинайды»
Тәрбиеші: Құлыным дейді әжем
Бірақ мен баламын
Әппағым дейді әжем
Бірақ мен қарамын – деп Шөмішбай Сариев деген ағамыздың өлеңінде
айтылғандай біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең
бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді
қарсы алатын адам бар. Ол кім?
Балалар: Ол – біздің әжеміз.
Тәрбиеші: Осы жерде отырған әжелеріміздің құрметіне бір ән салып
берейік. Бұл ән барлық балалардың әжелеріне арналады.
Ән: «Ақ әжем»
Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы
ажыратады)
Индира: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді
Марат: Айналайын дегені
Жанға рақат береді
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады
Тәрбиеші: балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы
берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады
екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып
берсін.
Дильназ: Әлди, әлди, әл бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып беерйін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін
Ойын: «Мақалдың жалғасын тап» (ата – аналармен)
1 бала шығып мақалдың бастапқы сөзін айтады, анасы сол мақалдың
жалғасын табады. Ананың сүті...., Баланың тілі...., Қыз өссе....,
гүл өссе....
Анаға қарап...., әкеге қарап.....,
Тәрбиеші: Бала тілі – бал дегендей балалардың шын жүрегінен шыққан,
аналарына
деген тілектері бар, соны оқып берейін. (әр баланың тілегі
оқылады)
Тәрбиеші: Иә, баларыңыз айтқандай ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар,
әрдайым әдемі, сүйкімді болып жүріңіздер. Осы тілек білдіруші
балаларыңыздың атынан «вальс» биін қабыл алыңыздар.
Көктем: Сәлем өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаңыңдар
Міне, балалар бұл менің мол байлығым. Қыздарымыз шаштарына мына
резинканы тағып, көктемдей құлпырып жүрсін деп әкелдім. (Ұлдар
қыздарға тапсыруға көмектеседі)
Би: «Ча - ча - ча»
Тәрбиеші: Барына риза болыңыздар
Үйретерміз білмегенін
Осымен бұл қызықты қорытындыласақ
Тағы да үйретерміз аман болсақ
Мерекенің соңында балалар өздерінің қолынан
жасаған