Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
математика фкультатив
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қаралды пед.кеңесте Бекітемін________Утегенова А. Келісілді: ________Сейлханов Б.Д
№__ «__ » ___2022 ж. Сұлукөл ЖОББМ-нің директоры м.а Аудандық білім бөлімі басшысы
Тақырыбы:
Математика күнделікті өмірде
(белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар)
2-сынып
Орындады: Сәрсенбайұлы О.
Бастауыш сынып мұғалімі
Ә/Б отырысында қаралды: ________
(Ә/Б жетекшісі)
№____хаттама _____күні_____айы 2022
Тексерілді: ___________Утегенова А.
Оқу ісінің орынбасары
Түсінік хат
2-4 - сыныпқа арналған
«Математика күнделікті өмірде» таңдау курс бағдарламасы оқыту
процесінде оқушы математикадан алған білімді күнделікті өмірде
қолдана білу дағдысын арттырып, математикалық ойлау қабілетін
дамытуға арналған.
Берілген курс математикадағы қатысты
ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың
тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады. Бұл курсты игеру
оқушылардың ой - өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулерді жүргізу,
практикалық есептеулерді шығару барысында математикалық білімдерін
қолдану біліктілігін дамытуға PISA, TIMSS зерттеулерінің
тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылықтарын
дамытуға, жалпы адами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы
интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне
бағытталған.
Мақсаты:
- жеке тұлғаның таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту;
-коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
-оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау әрекеттерін жетілдіру;
-әрбір оқушының жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы оның интеллектісін байыту, дүниетанымын тереңдету, ой-өрісін дамыту;
-оқушылардың өзін-өзі тану қабілетін дамытуға жағдай жасау;
Оқушылардың өзін-өзі тану қабілеті арқылы өмірлік ұстанымын қамтамасыз етуде қажетті ресурстарды қалыптастыру.
Міндеттері:
- проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттері дамыған тұлғаны қалыптастыру;
- оқушыларға бейіндік оқу шеңберіндегі пәндерді таңдауда білім алу әрекетінің ынталық деңгейін арттыру;
-оқу әрекетінің формаларын даралау, оқушылардың өнімді және қайталама әрекетін ұштастыру және өз бетінше жұмыс істеу, оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру;
-оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытында математика элементтерін тиімді пайдалану;
-түрлі логикалық тапсырмаларды шешу арқылы өзін-өзі ашуға, өзіндік дамуға және өздігінен дұрыс әрі жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті болатын жеке тұлғаны қалыптастыру;
-әр сабақ барысында денсаулық сақтауға бағытталған жаттығуларды тиімді пайдалану;
-оқу әрекеті және оның нәтижелері бойынша оқушылардың өзіне-өзі ұдайы талдау жасауына , баға беруіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Білімі терең, дені сау, өзін-өзі тану қабілеті арқылы өмірлік ұстанымы қалыптасқан тұлға. Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады. Оқушыларды түрлі математикалық олимпиадаларға қатыстыру.
Мазмұндық бөлім:
-
Қарапайым математикалық есептеулер -9 сағат
-
Қызықты математикалық есептер -10 сағат
-
Геометриялық фигуралар мен шамалар – 8 сағат
-
Логикалық ойлауға арналған есептер – 9 сағат
Нормативтік бөлім
2 сынып
р\с |
Тақырыптары |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
І |
Қарапайым математикалық есептеулер. |
9 сағат |
|
|
1. |
Суреттер бойынша қарапайым есептер құрау. |
1 |
07.09 |
|
2. |
Ондықтар мен жүздіктерге арналған тапсырмалар |
1 |
14.09 |
|
3. |
Теңдеулер құру, шығару. |
1 |
21.09 |
|
4. |
Зейін топтарын дамытуға арналған тапсырмалар |
1 |
28.09 |
|
5. |
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер |
1 |
05.10 |
|
6. |
Амалдарды ауызша есептеу тәсілдері |
1 |
12.10 |
|
7 |
«Біз есептей аламыз» жарыс сабағы |
1 |
19.10 |
|
8. |
Сурет бойынша теңдік құр |
1 |
26.10 |
|
9. |
Білімдерін тиянақтау |
1 |
09.11 |
|
ІІ |
Қызықты математикалық есептер |
10 сағат |
|
|
1. |
Өрнектер |
1 |
16.11 |
|
2. |
Жақшалы есептер |
1 |
23.11 |
|
3. |
Амалдардың орындалу тәртібі |
1 |
30.11 |
|
4. |
Қызықты тапсырмалар |
1 |
07.12 |
|
5. |
Математикалық ойын есептер |
1 |
14.12 |
|
6. |
Есту арқылы есте сақтауға арналған тапсырмалар |
1 |
21.12 |
|
7. |
Көру арқылы есте сақтауды жаттықтыру тапсырмалары |
1 |
28.12 |
|
8. |
«Математикалық турнир» жарыс сабағы |
1 |
11.01 |
|
9. |
Математикалық ребустар |
1 |
18.01 |
|
10. |
«Қызықты тапсырмалар» ойын сабағы |
1 |
25.01 |
|
ІІІ |
Геометриялық фигуралар мен шамалар |
8 сағат |
|
|
1. |
Геометриялық фигуралар (тік төртбұрыш, шаршы т.б.) |
1 |
01.02 |
|
2. |
Фигура бұрыштары |
1 |
08.02 |
|
3. |
Фигуралардың периметрін табу |
1 |
15.02 |
|
4. |
Шамалар.Ұзындық бірліктері |
1 |
22.02 |
|
5. |
Уақыт бірліктері |
1 |
01.03 |
|
6. |
Масса бірліктері, сыйымдылық |
1 |
09.03 |
|
7. |
Геометриялық фигуралардан құрастыру жұмыстары |
1 |
15.03 |
|
8. |
Білімді тиянақтау.Тест |
1 |
29.03 |
|
ІV |
Логикалық ойлауға арналған есептер |
9 сағат |
|
|
1. |
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту |
1 |
05.04 |
|
2. |
Екі таңбалы сандардың разрядтары |
1 |
12.04 |
|
3. |
Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту |
1 |
19.04 |
|
4. |
Екі таңбалы санға толық ондықты қосу. Екі таңбалы саннан толық ондықтарды азайту. |
1 |
26.04 |
|
5. |
Екі таңбалы санды жазбаша қосу және азайту |
1 |
03.05 |
|
6. |
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша ондықтан аттап қосу және азайту |
1 |
10.05 |
|
7. |
Білімді тиянақтау |
1 |
17.05 |
|
8. |
Фигуралар салу |
1 |
24.05 |
|
9. |
Қозғалыс бағыты |
1 |
31.05 |
Ақпараттық – әдістемелік бөлім
-
«Дамыта оқыту» технологиясы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы;
-
Математикалық есептерді шығаруға қызығушылығын арттыру мақсатында сайыс, пікірталас, дөңгелек үстел өткізу;
-
Сөздік әдістер, көрнекілік, практикалық әдістер;
-
Өз бетімен іздену, шығармашылыққа бағытталған практикалық жұмыс түрлері;
-
Дидактикалық ойындар;
-
Ұжымдар, жұптық, өзіндік жұмыс формалары;
-
Тірек сызбалар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:
-
Математика 1 сынып. «Мектеп» баспасы 2016ж
-
Математика 1-4 сыныптар. Алматы «Атамұра», 2008-2010ж
-
Қызықты математика: Жұмыс дәптері Ақбаева Л.А., Лебедева Л.А- Алматы баспасы. 2012
-
Кішкентай тапқырлар үшін көңілді жаттығулар. Ярославль. Таным ғылымдары, 2002ж
-
«Қызықты математика» Я.И Перельман
Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер:
-
Бастауыш кластарға математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар. Алматы «Мектеп».
-
Бастауыш мектеп журналы. №12,2009ж №4,2010ж №3,2010ж
-
«Бастауыш мектеп оқыту» журналы
-
«Математиканы оқыту әдістемесі» Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.
-
Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау. Шымкент 2008ж
-
Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан тыс жұмыстар.
-
Алматы «Мектеп» 1985ж
-
Математика. 1-4 сыныптар, Алматы «Атамұра» , 2010-2011ж\ж
-
Бастауыш сынып оқушыларын математикалық олимпиадаға даярлау. Ж.Бейсеков, А.Жақсыбаева, Ж.Қамбаров.
-
«Математиканы оқыту әдістемесі» Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып мұғалімдеріне арналған.
18