Материалдар / Математика және салт -дәстүр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика және салт -дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2024
77
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай облысы

Үржар ауданы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ





Бағыты: Математика


Секциясы: Математика


Тақырыбы: Математика және салт -дәстүр


Ғылыми жобаның ізденуші: 5 сынып

Оқушысы Сағы Нұрасыл

Ғылыми жетекшісі: Математика пәнінің мұғалімі Болат Анаргүл















Үржар 2024 жыл







АННОТАЦИЯ

«Математика пәнінде қазақ ұлтымыздың құнды дүниелерін кескіндеу» атты еңбекте киіз үй мен ою-өрнектер туралы кең ауқымда көрсетілген. Бұл ғылыми еңбектің мақсаты - құнды және тарихи дүниелеріміздің мәртөбесін көрсетіп, әлемге паш ету!

АННОТАЦИЯ

Исследовательская работа «Отражение национальных ценностей через плоскость координат» посвящена юрте и национальным узорам, изображенным с помощью плоскости координат. Цель этой работы привлечь внимание к национальным и историческим ценностям.





ANNOTATION

The research «Reflection of our national values on the coordinating flat» demonstrates the yurt and national ornaments in the coordinating flat. The goal of this work is to introduce our national and historical values.

















«М.Әуезов атындағы орта мектебі» кмм-нің 5- сынып оқушысы Сағи Нұрасыл «Математика және салт-дәстүр» атты ғылыми жоба жұмысына

Пікір

Сағи Нұрасыл ғылыми жобасы үш тараудан кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Оқушы ғылыми жобасының тақырыбын өз ынтасымен қалағандығы байқалып тұр. Менің ойымша оның бұл тақырыпты таңдап алуы қазіргі кезеңдегі осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты. Сондай-ақ ғылыми жоба өз дәрежесінде жазылып, әрбір тарау мен бөлімдер мазмұны толығымен ашылған деп есептеймін. Оқушы іздене отырып, координаталық жазықтықта киіз үйді, ою-өрнекті шеберлікпен кескіндеп, өзіндік ой қорытқан.

Сағи Нұрасыл бұл ғылыми жұмысын жоғарыда көрсетілген негізге сүйене отырып, қорғауға жіберуді ұсынамын.













«М.Әуезов атындағы орта мектебі» кмм-нің

Математика пән мұғалімі: Болат А


















Ғылыми Жобаның Мазмұны


Аннотация.....................................................................1 бет

Пікір.................................................................................2 бет

Мазмұны..........................................................................3 бет


Зерттеу бөлімі


Математиканың қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде қолданылуы.


4 бет


КООРДИНАТАЛАР БОЙЫНДА НҮКТЕ САЛУ


Киіз туырлықты қазақпыз............................................


Ою-өрнек.......................................................................


ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................






















Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Математиканың қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде қолданылуы.

  2. Координаталар бойында нүкте салу


  1. Киіз туырлықты қазақпыз


  1. Ою-өрнек тарихы

ІІІ. Қорытынды











Кіріспе

Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика пәніне деген қызығушылығымыз көбірек болды. Математика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған математика және математикамен байланысының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, «білім», «ғылым» деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру. Еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып ғана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика –психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.








Зерттеу жұмысының мақсаты: Өз елімнің мәртөбесін көтеріп, қазақ халқының таңқаларлық дүниелерін әлемге паш ету!

Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы: Қазақ халқының байырғы заманан келе жатқан салт дәстүрін математика пәнінде координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығару.

Зерттеу жұмысының құрамы: Зерттеу жұмысы «Математика және салт дәстүр» тақырыбына жазылған. Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Жұмыстың мақсаты

Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне математика пәнінің қолданылу даналығы.

Жұмыстың міндеттері:

1. Қазақ халқының салт - дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу

2. Ата - бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу.


Бізге келіп жеткен салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез - келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи - физикалық кескінін геометриялық денелер арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады.


Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі. Бес саусақтың әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, әр саусақты бүгіп санау немесе жұмылған саусақтарды жазып санау. Енді бір түрі төрт саусақтағы буындар саны он екі. Сондықтан санаудың бұл түрі қайыру - мүшел есебіне, ай ретінде санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен, олай болса төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.

Сұқ саусақ – наурыз, сәуір, мамыр – көктем

Ортан саусақ – маусым, шілде, тамыз – жаз

Аты жоқ қол – қыркүйек, қазан, қараша – күз

Шынашақ – желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс.


Саусақтардың салыстырмалы заңдылығы жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурызда, қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі, ендеше сұқ саусақ пен аты жоқ қолдың бірінші буыны маусым айын ең үлкен саусақ ортан қолдың бірінші буыны маусым айын көрсетеді. Бұл күннің мейілінше ұзаратын айы(22 маусым) ал ең қысқа күн (22 желтоқсан) болатын айға шынашақтың бірінші буыны сәйкес келеді. Бала тәрбиесіне ерекше мән берген, арнайы көңіл бөлген қазақ халқы тілі міндетін алғашқы сатыда саусақтар атқарады. Бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ қол, шынашақ. Бұларды жаттауға жеңіл, ойға оралымды, көңілге қонымды ойын өлең түрінде пайдаланған.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек, - деп саусақтарды бүксе,

Сен тұр, жылқыңа бар,

Сен тұр, қойыңа бар,

Сен тұр, түйеңе бар,

Сен тұр, сиырыңа бар


Сен қария үйде жат, - деп саусақтарды біртіндеп ретімен жазып санауға үйреткен. Кейде құлыныңа, қозыңа, ботаңа, бұзауыңа бар деп төлдердің атымен де атайды. Мұндағы назар аударатын нәрсе дүниені құраушы негізгі тектер қамтылған, яғни жер, су, от, жел. (Дененің қатты, сұйық, плазма, газ күйі) төрт түлік малдың қасиеттерін сипаттағанда жылқы желден, қой оттан, түйе сордан, сиыр сордан деп айтылуының өзі бірталай нәрсені аңғартады. Ендеше санамақтағы үйрек, терек, шүмек, бөбек сөздері тек қана ұйқас үшін емес, жаңағы айтқан тектерді бейнелеп көрейік. Октаэдр – сегіз жақ – жел – жылқы – Қамбар ата, тетраэдр – төрт жақ – от – қой – Шопан ата, гексаэдр – алты жақ – жер – түйе – Зеңгі баба. Міне, жалпы әлемдік құрылымның алғашқы түсінігі, ұлы үндестіктің сипаты қарапайым ғана бейнелермен көрініс берді. Кескінделген дұрыс дөңес көпжақтар ғылымда кейде болатын денелері деп аталады. Табиғатта дұрыс дөңес көпжақтардың тек бесеуі ғана белгілі екені осыдан екі мың жыл бұрын дәлелденген. Тетраэдрдың, октаэдрдың, икосэдрдың жақтары үшбұрыштар болса, гексаэдрдың барлық жақтары шаршылар, ал додекаэдрдың жақтары дұрыс бесбұрыштар болады. Әр нәрсенің пірі, киесі, тегі бар десек, олардың бейнесін зерделеп тануға болады. Додекаэдрдың он екі жағы болады бұл көп жақ ғарыштық көршінің (метагалактика) бейнесі, яғни бүкіләлемдік нысан әр жағы дұрыс бесбұрыш. Бұрышының шамасы 1080 – қа тең. Ал 108 саны ежелден аспан саны деп аталады. Әрбір жағы 1 жылдағы он екі ай, он екі мүшел есебі, он екі зодиактік шоқ жұлдызы, он екі сағат күн мен түн есептеріне сәйкес. Дұрыс дөңес көпжақтардың төбелерінің, қырларының, жақтарының және сызықтық бұрыштарының саны белгілі бір заңдылықтарға бағынады.


Жақтарының саны+төбесінің саны – қабырғасының саны= 2

Бұл қасиет XVIII ғасырда анықталған.

Мысалы: тетраэдр,- 4 жағы, 4 төбесі, 6 қыры 4+4 - 6=2

Куб – 6 жағы, 8 төбесі, 12 қыры 6+8 - 12=2

Октаэдр – 8 жағы, 6 төбесі, 12 қыры 8+6 - 12=2

Додекаэдр – 12 жағы, 20 төбесі, 30 қыры12+20 - 30=2

Иносаэдр – 20 жағы, 12 төбесі, 30 қыры 20+12 - 30=2

Саусақпен санау құралының тағы бір сыры бар, ол көбейту кестесін оңай жаттауға болады. Тоғыз жерден кестемен сегіз жердегі кесте былай.

Сол қолдың шынашақ саусақтан бастау керек. Сол жақ ондық оң жақ бірлік деп есептеу керек. Тоғыз жерде екі он сегіз сол жақтан аты жоқ саусақты жұмсақ он сегіз қалады. Тоғыз жерде үшім жиырма жеті сол жақтан санағанда ортан саусақты жұмсақ жиырма жеті қалады, т. с. с.

Сегіз жерде үшім жиырма төрт ортан саусақты жұмсақ жиырма жеті қалады одан 3 азайтсақ жиырма төрт қалады. Сегіз жерде төртім отыз екі балан үйректі жұмсақ отыз алты болады, одан төртті алсақ отыз екі болады, т. с. с.


Күнделікті өмірдегі салт дәстүрлер, наным сенімдер түрлі ырымдар өзара тығыз байланысты. Олар – терең философиялық ойдың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған – тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі. Табиғатты зерделеп тани білген қазақ халқының өзіндік білімінің бір көрінісі қалың малдан байқалады. Қалың мал мөлшерінің отыз жеті, қырық жеті болып келуінде терең сыр бар. Бұл аталған сандар малдың саны емес, 40 рет жеті, яғни қырық түрлі жақсылығы болады. Ежелгі түсінік бойынша адам баласына әсер ететін күш, әр қат көктің өз иесі бар.


Олардың реті Зухол ( Сатурн), Мүштари (Юпитер), Маррих (Марс), Зуһра(Шолпан), Ғутрод (меркурий), Күн және Ай. Ана құрсағындағы баланың өсу кезеңінде періште қамқорлық жасап отырады. Сонымен, қырық жетінің қыруар мал, дүние – мүлік емес, терең аспанның мәні әр тылсым күшті түсіндіруге ұмтылған әлемдік жұмбақтың шешуінің бір ғана көрінісі бар екендігін байқаймыз. Қалың мал деп жарық дүниеге әкеліп, мәпелеп бой жеткізген, тәрбиелеген анасына деген тарту ғана. Сонымен қатар рухани күштерді періштелерді құрметтеу, солардың ізгілігіне ана арқылы басшы болып табылады. 97 туралы дабдәл осындай пайымдау жасауға болады. Баланың дүниеге келу мерзімі 9 айға толмаған жағдайда, шала туғандар 7 айлық болса, өмір сүруі мүмкін де, 6 немесе 8 айлық балалар тұрмайды. Бұл ежелден белгілі қазірші медицина мұны теріске шығармайды. 7 айлық болып туғандардың белгілі есебінде қалың малды солай атаған. Жеті айлық қыз бала дүнтеге келгенде «Сүйінші 37», ал 9 ай болғанда «47»деп хабарлау, ұл болса «Ноқта жетектер» немесе «ат ұстар» деп атаған.

Бір адам орта есеппен 70 жыл өмір сүреді. Ал қазақтағы қаны бір туыстардың жеті атаға дейін үйленуіне болмайтыны туралы жазылмаған заңға сүйенсек, әр ата 70 жылдан өмір сүргенде – 7 атаға дейін 490 уақыт өтеді екен. Бұл дегеніміз 5 ғасыр, жарты дәуір.

Осы 500 жылдың ішінде қанның тазаланатыны сондай, оның құрамында бастағы генетикалық - туыстық белгілерден ештеңе қалмауы, қалса да жекеленген ерекшеліктер ғана сақталуы мүмкін.

Жыл басы Наурыз айының 22 - нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда мүшел толады. Жыл басы тышқан жылы болады.


Кестеде қазіргі жыл санау мен ескі жыл қайыру қатар берілген. Сол арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісін өзінің қазақша қай жылы туғанын, неше мүшелге толғанын біле алады.

Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе – ол мешін, қалдық біреу қалса ол – оның тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса тышқан болғаны.


Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл ойының, өмірлік тәжірибесінің, табиғаттағы түсіне білуінің, сонымен қоса қас шеберлігі мен саналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек артық болмас. Мал шаруашылығының ерекшелігіне байланысты көшіп қонуға ыңғайлы, әрі жеңіл, әрі тасмалдауға қолайлы баспананың пайда болуы өмірге бейімделу еді. Тарихи даму кезеңдеріне назар аударсақ, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері, ауа - райы ерекше қазақ жерінде киіз үйдің пайда болуы табиғи заңдылық. Терең тамырлы тарихы бар халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа мирас болған ежелгі мұралардың қай - қайсының да пайда болуында және пайдалануында белгілі бір ғылыми негіз, табиғатпен адам өмірінің берік байланысын тани білуден туған білімдарлық, сарбаз талғам, келісті келбет бар. Соның бірі киіз үйді жасаған халық шеберлері оның тек баспана ғана емес, күнделікті өмірде тіршілік қарекетіне қатысты қажеттіліктерді өтеуінде ескергенін, көп құпиясы бар екенін байқаймыз.


Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне қарасақ жинақтылығы мен ыңғайлылығы өз алдында, сәулеттік шешімі мен пішіні сырт тұлғасының өзін ерекше сұлулығымен дараланып тұрады. Ғалымдар мен мамандар киіз үйді сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі деген пікірде. Ақиқатында бұл асыра айтқандық емес, жалпы пішініне зер салғанда киіз үйдің күрделі геометриялық беттерден киіз үйдің сүйегі біркелкі сәмбі талдан жасалады. Киіз үй Орталық және Орта Азия қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы болып саналған. Ол тез жығылып, шапшаң тігуге қолайлы, көшіп қонуға лайықты қылып жасалады. Енді, киіз үй жабдықтарына тоқтала кетейін.


Кереге – киіз үйдің қабырғасы. ол арнайы ілініп қырқылған ағаштардан құрастырылады. Үй жасауға қажетті ағашты таңдап алып, қозға салып балқытып, тезге салым иеді. Керегенің басы мен аяғы иіліп сыртқа қарай шалқайтылады. Сонда кереге желісінің жанабы екі кубты параболла тәрізді болып шығады. Желінің ішкі жағын сай - сай етіпбойлай қырлайды. Дайындалған желілерді біріктіру үшін көктелетін орындарын қарып белгілейді де ұңғып түскен соң түйенің мойын терісінің сірісінен жасалған көкпен бекітеді. Жайылған керегенің жоғарғы және төменгі жақтары геперболалық параболойд тәрізді де ортасы эллипсоидтың бөлігі пішінді болады. Керегенің бір қанатында желілер 14 ересінен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады. Алты қанат үйдің сағанақтар мен балашықтар саны 108. Бұл сан ежелден аспан саны болып есептеледі. Үй тапсырмасынан айналдыра тартылатын белдеу, аспан белдеуі, зодиактік шоқ жұлдыздар. Олай дейтініміз, киіз үйдің есігі белгілі бір бағытқа қаратылып тігілсе, ішкі мүлік - жиһаздардың орналасуы қашанда біркелкі. Үйге кіргенде оң жақта құрулы ши өреше болады. Оның ішінде ыдыс - аяқ, тамақтар сақталады. Ал сол жақ босағада ер - тұрман, одан жоғары ерлердің киімі, қару - жарағы ілінеді. Әрі қарай жүк жиналады. Әр нәрсенің тиісті орны бар. Мұның өзі зодиакті шоқ жұлдыздардың орналасуына сәйкестендірілген. Төсектің басы төрге қаратып салынады. Яғни, темірқазық жұлдызына бағытталады. Басты құбылаға қарай салу рәсімі осыдан шыққан болуы керек. Бұл жерде құбыла деп жердің магнит полюсі айтылып тұр. Әдетте шаңыраққа бақан көлбей тігіледі. Ол үйдің тірегі, бақанның көлбеу бұрышы 620 шамасында, яғни галактика экваторының аспан экваторына көлбеу бұрышына сәйкес.


Шаңырақ – шеңбер тәрізді, тоқымнан және күлдіреуіктерден тұрады. Күлдіреуіктер парабола тәрізді иіледі. Түндік жабылған шаңырақтың пішіні айналу параболойды. Бұл пішін көптеген күмбездерге тән, көп күмбездердің кішірейтілген бейнесі болып саналады. Түндік шаршы тәрізді жасалады да әлемнің төрт бағытын нұсқап тұрады.


Уықтың қаламы шаңыраққа, басы кереге басына бекиді, киіз үйдің негізгі қаңқасы үзік туырлықтармен жабылады. Үй іші шеберлердің айтуынша, уық біртіндеп иіледі, яғни түзу бөлінген қисық бөлікке біртіндеп ауысады. Есептеулер уықтың тиімді жанабы параболла екендігін көрсетті. Сонымен уық параболла тәрізді. Ұзындығы үйдің көлеміне байланысты 12 - 16 қарыс мөлшерінде жасалады, ал сандардың барлығы 360 - ты қалдықсыз бөледі. Таңмен таласа басталатын қой өргізу, сиыр, бие байлау т. с. с. қат - қабат үй шаруашылығын жүргізу белгілі уақытпен мөлшерленіп отырады. Халқымызда уақыт өлшемдерін білдіретін “бие сауым”, “сүт пісірім”, т. б. сөз тіркестері бар. Сол сияқты күн мезгілін білдіретін өлшемдер қолданылған. Мысалы, күн тұсау бойы, шідер бойы, арқан бойы көтерілді. Бұл өлшемдер шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан көрінеді, уық санымен есептеледі. Басқаша айтқанда, уақытты 1 - 5 минутқа дейін дәлдікпен өлшейтін күн сағаты. Мысалы, үйдің уық саны 72 болсын. Онда әрбір уақыттың арасы 50 тең (3600/72=50). Шамамен күн сәулесі екі уықтың арасын 40 мин жүріп өтеді немесе бие сауыс уақыт. Осы айтылғандардан - ақ аспан әлемінің кішірейтілген бейнесінің негізі үй болмақ деп пайымдауға болады.


Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы, күн жеке түсетін беттің неғұрлым аз ішкі көлемінің көк болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса, киіздердің ақ жүннен жасалуы күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Мұның өзі жазғы күннің ыстығында үй ішінің салқын болуында қамтамасыз етеді, әрі әсем көрінеді.


Кереге мен шаңырақтың арасын уықтар жалғастырған кезде үй күмбезге айналып кетеді. Уықтары конусты жасаушылар деп есептесек, төбесіндегі бұрыш 1080 - қа жуық болып шығады. Жоғарыда, айтылған аспан саны тағы кездесті. Дұрыс тігілген киіз үйдің әдемі көрінуі оның негізгі қатынасына тікелей байланысты. Биіктігінің диаметріне қатынасы жуық мөлшерде 0, 62 - ге тең немесе “Алтын қима” өлшеміне тең. Үйдің негізгі пішіні ауаны жақсы алмастыратын қасиеті бар. Пішінінің дөңгеленіп келуі, бұрыштардың болмауы киіз үйдің әсемдігін арттыра түседі.


Қорыта келгенде, киіз үй өнер туындысы ғана емес, халықтың математикалық, физикалық, астрономиялық, экономикалық т. б. өмірлік тәжірибесіндегі білімнің айқын көрсеткіші.

Киіз үй бұйымдары: абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, бөсте дастарқан, жастықағаш, жастық, жүкаяқ, кебеже, киіз, құстөсек, сандық, сандыққапқа салынатын сою - өрнек симметриялы кристалға тән қасиет болып келеді. Мысалы, айырқалпақтың төбесі төрт бірдей бөліктен болады, бөріктің төбесі алты қиықтың төбеде түйісетін ұштары үшкір болады да, етек жағы тіктөртбұрыш тәрізді болып келеді. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді, биік төбелі және үшкір төбелі тақия қазақтың ұлттық қолөнері, олардың осы да физикалық симметриялық кристалына тән қасиет. Әлімсақтан бері қарай бабаларымыздан қалған небір сыл мұралар, көптеген деректер, заттар емес пе? Осы бабаларымыздан, оның аса биік сана сезімімен, бүкіл әлем халықтарына өзінің ішкі сырлары ашылмай терең күйде ұялап келе жатқан ұлы дүниесі – киіз үй. Киіз үйді ойлап тауып, жаратқаннан соң, киіз басудың да дүниеге келуінің де маңызы зор. Қазақта киіз басу өнері өзінің сатысына орта ғасырдан бұрын - ақ жеткен.

Физика және ер жігіттің құрал - жабдықтары


Садақ тобылғы қайың ағаштарынан жасалады. Бұл ағаштар мықты, иілгіштік қасиеті жақсы болып келеді.

Жебе - садақ оғының масағы найзаның ұшы немесе жаудың жолына құрылатын тікенекті темір ретінде біздің ата - бабамыз пайдаланған. Жебе садақтың шығуына байланысты өте берік кремень тасынан, кейін қола, темірден жасалған. Жебені жасау үшін темірді немесе қорғасынды балқытқан, яғни оған жылу беріліп, заттың құрылысына әсер еткен. Садақты ату үшің жіпті кергенде серпімділік күші пайда болады.

Жүген – ер - тұрман әбзелі. Жүгенді қайыстан жасайды, қайысты жасау үшін теріні илеу керек. Теріні илегенде диффузия құбылысы болады. Қазақтың батырларының қаруы – қылыш.


Қылыштың үш қасиеті бар:

1. кескенде бірден кесу. 2. Қиып кесу. 3. оны оңға, солға қозғау. Қайқы қылышты ат үстінде адам аяғын үзеңгіден алмай, атта отырған күйінше қарсыласына шабады. Қайқы қылыштың шауып түсу қасиеті: аттың қозғалыс жылдамдығы, адамның қозғалыс жылдамдығы қосылады да, инерциясын сақтай отырып, тиген жерін шауып түсіреді.


Енді күнделікті тұрмыста қолданылатын балтаны алайық, оның жүзі тік болса, дұрыс болғаны. Ағашты қию үшің балтаны қиғаштап ұстау керек, егер тура сілтесек, ағашты қия алмайды. Себебі қатты заттың кристалдық торлары перпендикуляр біріктірілген.. сондықтан көлбеу ұстасақ тез кесіледі.


Әр адамға қылышты арнап, өзіне лайықты етіп жасайды. Әр адам үшің ол өлшем былай алынған: адам оң қолын жоғары көтергенде алақанның ортасындағы нүктеден кіндігіне дейін өлшенген. Оны шеңбердің диаметрі етіп, радиусын анықтайды, шеңбердің центрін табады. Шеңбер бойымен қылышты айналдырғанда кіндік пен алақан арасындағы қашықтық сіздің рычагыңыз деп есептеледі.


Ата - бабамыз малдан шыққан өнімді қалдықсыз пайдалана білген. Мысалы, тұяғы, мүйізі сүйегінен – музыкалық аспаптар жасаған. Жылқы - бие терісінен қымыз, шұбат, құятын ыдыстар - мес, саба, торсық жасаған. Қарынды - май салу үшін сиырдың ішегінен – қазы, шұжық жасаған. Ешкінің ішегінен музыкалық аспаптарға перне жасаған. Оған домбыра, қобыз, жетігенің пернелері мысал бола алады.


Заттың күйлері және оның қолөнермен байланысы

Табиғатта зат үш түрлі күйде кездеседі, әрі ол өзгеріп отырады.

Біріншіден, өзінің аты айтып тұрғандай, қатты заттар шын мәнісінде де қатты болады. Шынында да, тасты талқандап, сындырып не үгітіп көр. Тіпті ағаштың өзін біріктіру, сындыру, жаңалау оңайға түспейді. Балалар науат - қант қатырмасының ерекше түрін біледі. Бұл қаншалықты тәтті болса, соншалықты қатты қант қайнатпасы.


Үй саласы және станок жасайтын заттар күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың барлығы. Мысалы, ас тұзы, графит, алмас, алтын, күміс т. б.

Жеке - дара кристалдар бір - бірінің пішіндерін қайталап симметриялық фигура түседі. Қазақтың қолөнеріне тоқыма заттар, кілем, түскиіз, қоржын, киіз, сырмаққа орнаменттің барлығы симметриялық кристалдарға тән қасиет.


Зергерлік бұйымдарды жасау үшін металлды балқытады. Ал жылу артқанда қысым күші ортада Q=CMt. Балқыған металдан кез - келген бейне, ою – өрнек т. б. құю, жасау, соғу оңай болады. Себебі, балқу кезінде заттың кеңістік торы бұзылады, біздің оны пайдалануымызды жеңілдетеді. Зергерлік бұйымдарды жасап, отқа қақтағанда өргенде, бұрғанда заттардың балқу температурасы ескеріледі. Бұл да физиканың заңдарының білі болып есептеледі.

Зергерлік бұйымдар – асыл металлдардан әшекейлеп, өңдеудің, сондай - ақ түсті металлдарды қорытудың, олардың бетіне алатын, күміс жалатудың алынатын бұйымдар. Әдетте, таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар үшін түсті металдардан алынған суға қойған кезде күміс йондары суға өтіп, зат алмасу процесі жүреді. Сөйтіп күмістен су алынады. Оны денсаулық үшін пайдаланады.


Зергерлік бұйымдарды бейнелеп құю, бедерлеу, қалып салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру арқылы жасалған туындылар жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға ажар беретін болса, батырдың ерлігіне, ақынның тапқырлығына, жүйрікке тартылатын сыйлық болған.


Жүзік жасау зергерлік өнерге жатады. Жүзік – соғу, қалыптау, ширату тәсілімен жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлік сақина. Жүзік палеолитте тастан, қола дәуірінде металдан жасаған. Физиканың үйкеліс заңын пайдалана отырып, сүйектен сақиналарды қашау арқылы жасаған.


Сұйықтың жеке қабаттары, бөліктері қатты заттардың құраушы бөліктері сияқты емес, олар өзара мықты байланыспаған. Сол себепті сұйық заттардың формасы болмайды, оларды кез - келген заттан жасалған ыдыстарға құюға болады. Қымыз бен шұбатты сабаға құяды. Сабаны жасау үшін теріні пішеді, тобылғының түтініне ыстайды, терінің тесіктері бітеліп, өткізгіштік қасиеті жоғалады, теріні илейді, кептіреді, осы процестер физиканың диффузия заңдылығына сәйкес жүзеге асады. Ұлттық тұрмыста пайдаланатын сабаның өзі тікелей диффузия құбылысынан пайда болады. Төрт бие терісін бесінші бие терісін қыл арқылы қайып тігеді, себебі қыл шірімейді. Қыл процесін жүргізбейді. Оның ішіне құйылған сұйық неге ағып кетпейді? Оны тіккенде екі терінің арасында үшінші тері қоса тігіледі. Оның тігісі түрліше болады. Қайып тігу, итіс \- тіртіс тігіс, т. б. ыдысты ыстап алған соң қымыз немесе айран құяды. Онда бактериялар болса, айран құйғанда микробтардың өліп кетуіне себепші болады.


Заттың үшінші күйі ол – газ. Газ ауада тез таралып кетеді, себебі газ бөлшектерінің арасындағы байланыс өте нашар. Газдың тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды. Конвекция газ немесе сұйық арқылы тасмалданған энергия.

Қазақтың киіз үйінде конвекция жүреді. Киіз үйде конвекция газ арқылы тасымалданып, үйді жылыту процесі жүреді.


Қазақ халқы жер бетіндегі жалпы тіршілікті былай кескіндеп кеткен: тіршілік әлемін конус деп есептесек, оның екі қуысы біртұтас болмыс болып шығады. Конустың бір қуысы әлем болса, екіншісі қарсы әлем, яғни жұптық бейне. Оң және теріс таңбаласақ он сегіз мың ғаламның қозғалысы көрінеді. Бір - біріне өтіп жатқан шексіз де үздіксіз айналыстағы, тоқтаусыз қозғалыстағы дүние болып шығады.

Бес дұрыс көп жаққа бес айналу беті сәйкес келеді. Тең он екі бөлікке бөлінген дөңгелектің ішіне қақ көктің бейнесіне сәйкес бір орталықты шеңберлер орналасқан.



Координаталар бойында нүкте салу





Біз осындай суреттерді координаталар бойында салуды білеміз. Ал неге біз өзіміздің ұлттық нақыштағы дүниелерімізді суреттемейміз. Киіз үй,ою-өрнек, домбыра, кебеже осыларды суреттеуді қолға алып отырмын.



Киіз туырлықты қазақпыз

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкенлері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты,  күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.

Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

Шаңырақ Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес олықтардың ұштарын біріктіріп ұстап

тұрады.Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

 

    Шаңырақ

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Киіз үй керегесі   

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

 Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.



Ою-өрнек

Ою латын тілінен аударғанда «әшекей» деген сөзді білдіреді. Оюларды әртүрлі заттарды, сәулеттік құрылыстарды және адамның денесін әшекейлеу үшін қолданған. Оюларда адамның іс-әрекетінің эстетикалық, сонымен қатар, табиғат пен діннің мәні ашылған. Оюларда, әсіресе халық шығармашылығында, әлемге деген фольклерлы-ақындық көзқарасы көрсетілген. Ою - өрнектер – халық өнерінің үлкен де күрделі салаларының бірі.

Ою ежелгі көшпенді тайпалардың өнерінде туындаған. Ою-өрнек салу адамның қоршаған ортамен тығыз байланыста болу процесінде пайда болған. Ежелде оюдың наным-сенім, ырым-рәсім т.с.с. мәндері көп болған. Мысалы қазақтарда, өздері табынатын күн, ай, аспан сияқты символдары бар, тұмарлары болған. Мұндай оюланған тұмарлар бақыт және байлықтың белгісін көрсеткен. Негізгі оюлаларды келесі түрлерге бөлуге болады: космогониялық, зооморфтық, өсімдіктік және геометриялық.



Қазақ оюларының түрлері



Космогониялық оюларға келесілер жатады: күн көзі, күн сәулесі, шыққан күн, ай гүл, айшық гүл, жұлдыз гүл, жұлдыз өрнек, топ жұлдыз.

Зооморфтық оюларға: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, құлжа мойын, бұғы мойын, төрт құлақ, түлкі бас.

Өсімдіктік оюларға: жапырақтар, үш жапырақ, гүлдер. Бұлардың мәні қазақ оюларында бірлік пен татулықты білдірген.

Геометриялық оюлар архитектурада, кілем жасауда, тас және ағаш материалдарын әшекейлеуде қолданылған. Олар: шаршы, ромб, үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, сегізбұрыш. Сонымен қатар түзу, толқынды, спираль тәрізді оюлар жатады. Қазақ оюларында көптеген геометриялық өрнектерді қолданады.











Оюлардағы математикалық фигуралар





"Жұлдыз" – бұл өрнек аспан әлемінің қартасы іспетті өзіндік символдық мәні бар бұл ою аспан әлемі шырақтарын тұспалды бейнелеу болып табылады. Көбінесе алаша, кілемдерге түсірген. Мұнда бірнеше үшбұрыштардың жиынтығы ретінде, дәл ортасында жұлдыздың бейнесі көрінеді.





"Күн" – бұл оюды кілем, түскиіздердің ортасын өрнектеген, сонымен қатар сүйек және ағаш заттарды әшекейлегенде қолданған. Мұнда эллипс тәрізді бір біріне жанасқан жартылай шеңберлердің жиынтығы ретінде келтірілген, ортасында шеңбер салынған.





" Қос дөңгелек" — қазақ ою-өрнегіндегі геометриялық үлгінің жекеленген түрлері, өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспап әлеміндегі Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған.









" Мөр", "таңба", "бестаңба" бұл өрнек әлемнің төрт бағытының символы болып табылады. «Таңба« және "бестаңбаны" малдарға белгі қою және алаш, сандық, төсек, кебежені әшекейлеу үшін қолданған. Математикалық мәні – оң таңба және қосындының белгісін көрсетеде.









" Жыланбауыр" Отырар қаласының зергерлерінің бұйымдарында қолданылған. Ою, қыз баланың жіңішке қабағын бейнелейді. Оюда, бір біне түйіскен теңқабырғалы үшбұрыштар бейнеленген



Picture 2 "



Ромб" – оюдың сыртқы бейнесі ромб болатын геометриялық фигура, ал ішінде "кошқар муйіз" немесе «құс қанаты" өрнектерінің композициясы берліген. Көбінесе алаша, кілем, сырмақтарды әшекейлеуде қолданған. Геометриялық тұрғыдан, ромб – төртбұрыштын бір түрі.













"Ирек", "ирексу" бұл геометриялық өрнек. Ою сынық түзулерден құралған. Бұл түзулер шексіздікке ұмтылады. Бір жағынан, тікбұрышты үшбұрыштар түрінде бейнеленген. Ирексу өрнектері көгілдір, көк сия түстерге боялады. Түс киіз, алаша, кілемдерді әшекейлейді.

Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқа шыңына жеткізе білген.







































Қорытынды

Қазіргі нарықты экономикалы Қазақстан үшін математикалық терең білім қажет деп білемін. Рас, математика ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы қазба байлықты ашпайды, машина жүргізбейді. Бірақ математиканың құнды пікірлері мен әдістері арқылы аурудың алдын алу, құнды дүниелерімізді әлемге көрсету, жер қойнауындағы қазба байлықтың орнын анықтау математикалық білімнің құдіреттілігі емес пе? Математика тек математиктерге ғана қажет деген пікірден арылу керек деп ойлаймын. Математика арқылы құндылықтарымызбен тарихи дүниелерімізді ұрпағымызға, әлемге танытып мақтан етуіміз керек. Сонымен қатар, математика - ғылымның бастауының негізі, ғылымның қан тамыры екенін ескеріп, қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының туындысы - киіз үй координаталық жазықтықта кескіндедім. Енді осы үйге математикалық тұрғыдан қарасақ оның күрделі геометриялық беттерден тұратынын көреміз. Мысалы, керегенің жоғарғы және төменгі жақтары гиперболаның параболасы болады. Үйді айнала таратын белдеу - шеңбер. Сол сияқты шаңырақ та шеңбер. Сонымен қатар аталарымыз уықтар арқылы уақытты да біліп отырған. Күн сәулесі екі уық арасын 20 минутта жүріп отырған. Сондай-ақ біз математикада есеп шығартып ғана қоймай салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды үйрене алдық деп ойлаймын. Ал осы ойымды ары қарай жалғастырып, дамыту біздің қолымызда.















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Бәрі де сандар туралы» Джонни Болл

2. «Математика және физика» журналы, № 2, 2011ж.

3. Алдамұратова Т. А., Байшоланов Т.С., «Математика 6» , Алматы, «Атамұра» 2015ж.

4. «Ханталапай» журналы 2013 жыл

5. Интернет беттерінен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!