жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған қосымша сабақ 34 сағат ктп қмж мен
Мулькеманова Акбопе Кылышбековна
Кусаинова Ақбота Ардаққызы
ИНКЛЮЗИВТІ ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Алматы,2021
ӘОЖ 373
КБК 74.268
И11
Құрастырушы автор: Алматы облысы,Кеген ауданы,"Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің,педагог-логопеді
Мулькеманова Акбопе Кылышбековна
Кусаинова Ақбота Ардаққызы
Пікір жазған:
Омаров Д.К.- Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика саласы бойынша PhD докторы
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2021 ж. «06» қараша №840 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған
И11 «Инклюзивті топ балаларының оқу дағдысын дамыту» авторлық бағдарлама/құрастырған авт: А.К.Мулькеманова., А.А.Кусаинова– Алматы, «EDU print» жедел басу баспаханасы,2021
ISBN 978-601-02-0323-4
Авторлық бағдарлама арнайы білім мекемелеріне арналған
ӘОЖ 373
КБК 74.268
И11
ISBN 978-601-02-0323-4
құраст.Авт: А.К.Мулькеманова
А.А.Кусаинова
© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2021 ж
Түсінік хат
«Математика – ғылымдардың патшасы»
К.Ф. Гаусс
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар баланың әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуі оның мектеп қабырғасында алған біліміне тікелей байланысты. Мектеп қабырғасында алынған білім – баланың болашақта өз орнын тауып, барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алу кепілі. Адам - ойлау процесін қалыптастыру мәселесімен күнделікті, үнемі кездесіп отырады. Ойлау үрдісі адамның бар іс-әрекетін реттеуші болып табылады. Ешқандай әрекет ойлау қабілетісіз жүзеге аспайды. Сондықтан, баланың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөлді математика пәнді атқарады.
Математика – пәнаралық байланыс аясы кең, мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Математика пәнін оқытуда жалпы білім беретін мектептерде қандай мақсаттар мен міндеттер қойылса, дәл сол мақсаттар мен міндеттер арнайы мектепте де қойылады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу, қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, жинақтау, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс- әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Математика пәнінің баланың тұлға ретінде қалыптасуына да зор үлесін қосады. Мәселен, білім алуда ерекше қажеттілігі бар баланы кәсіби еңбекке баулу, болашақта мамандық таңдауда да бастапқы математикалық білім қажет.
Арнайы мектептегі бағдарламаның негізгі мақсаты –
оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Танымдық мақсаты
Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру, дамыту. Жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жету, ерекше тәсілдерін табу.
Дамытушылық мақсаты
Сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту.Ойлау мен тіл бір--бірімен тығыз байланысты.Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу болса, керектісін дәлелдеу, пікірін айту, өзгемен хабарласу,жауап беру тіл арқылы жүзеге асады. Қиялдау,елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Тұлғааралық қатынастың тәрбиелік жүйелері. Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу. Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету, ізденімпаздыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Осы мақсатқа сәйкес бағдарламаның келесідей міндеттері айқындалады: логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабі- леттерді дамыту; математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау; өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту; қарым-қатынастық және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту; ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
Бүгінгі таңда білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды белгілі көлемде білім дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсінік беріп, ұғымын кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты үйретуде үздіксіз іздену –арнайы мектеп мұғалімдеріне қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Күтілетін нәтиже
- заттарды атауды, салыстыруды, талдауды, жинақтауды,
қортындылауды, жүйелеуді үйренеді;
- түсініктерге анықтама беру қабілеттері қалыптасады;
- логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына жол ашылады;
- сөйлеу, тапқырлық және ойлау шапшандықтары жетіледі.
- есте сақтау қабілеттері мен алған білімдерін іске асыра білуі
қалыптасады.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары: Жұптық, жеке және топтық жұмыс;
Сағат саны: 34 сағат (аптасына 1 сағат).
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
|
|
Тақырыптар |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Балалардың даму деңгейін анықтау |
1 |
|
|
2 |
Балалардың даму деңгейін анықтау |
1 |
|
|
3 |
Салыстыру |
1 |
|
|
4 |
Салыстыру |
1 |
|
|
5 |
Ұқсастығы мен айырмашылығы |
1 |
|
|
6 |
Мөлшерді зерттеп салыстыру |
1 |
|
|
7 |
Қисынды ойлауды дамыту |
1 |
|
|
8 |
Қисынды ойлауды дамыту |
1 |
|
|
9 |
Қисынды ізденіс тапсырмалары |
1 |
|
|
10 |
Қисынды ізденіс тапсырмалары |
1 |
|
|
11 |
Заңдылықты іздеуге үйрету |
1 |
|
|
12 |
Заңдылықты іздей білуге жаттықтыру |
1 |
|
|
13 |
Ойша көз алдына елестету |
1 |
|
|
14 |
Ойша көз алдына елестетуді жетілдіру |
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 10.01.2024 686
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген