Материалдар / МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Оқу-әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Оқу-әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Smart оқыту дегеніміз не? Электронды оқыту. Мобильді оқыту. Кез келген жерде кез келген уақытта оқыту. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту Smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін Smart оқыту ортасын дамыту. Smart оқытудың келеңсіз жақтары да бар, дегенмен, білім берудің екі аспектісі руханиадамгершілік және интеллектуалды білімдерді өскелең ұрпаққа құстың қос қанатындай бірдей бере отырып, оқушылардың интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін де түсіну керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
362
8 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

АУДАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ











МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Оқу-әдістемелік құрал




















Темірлан

2



023

К





БЖ 74.262.21

М29


Оқу-әдістемелік құрал Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің сараптамалық кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған, №3 хаттама 00.07.2023ж.





Құрастырушылар:

Турекулова С. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Мырзалиева Н. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Аринова З. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі




Пікір жазғандар:

Исаева З. – «Зерде» негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистры

Исанова С. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі, педагог-шебер










Математика сабағында СМАРТ технологияларды пайдаланудың тиімділігі: М29 оқу-әдістемелік құрал/құраст. С.Турекулова, Н.Мырзалиева, З.Аринова.– Темірлан:

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, 2023. – 48 б.




Оқу-әдістемелік құралда математика сабақтарында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ақпараттық технологиялар, соның ішінде смарт технологиясын пайдалану арқылы арттырудың жолдары қарастырылған.

Оқу-әдістемелік құрал математика пәні мұғалімдеріне арналған.




КБЖ 74.204



© Ордабасы аудандық адами

әлеуетті дамыту бөлімі, 2023


МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................

2

1.

SMART технологиясы – жаңа заманның құралы................................

3

2.

Математика сабағында қолданылатын

компьютерлік технологиялар...............................................................


9

3.

Сабақтарда пайдалануға арналған цифрлық

платформалардың түрлері....................................................................


17

4.

Математика сабағында білімді бейне сабақтар

арқылы жеткізу......................................................................................


23

5.

Математика сабақтарында интербелсенді тақтаны пайдалану.........

26

Қорытынды…...........................................................................................

33

Қосымшалар............................................................................................

34

Әдебиеттер...............................................................................................

48





























КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі білім беру мен ғылымды дамыту болып табылады, оған экономикалық, әлеуметтік және мәдени прогрестің қарқыны, сондай-ақ жақын жылдардағы қазақ ұлтының бәсекеге қабілеттілік деңгейі шешуші түрде тәуелді болады. Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне белсенді интеграцияланған қазіргі заманғы барлық дерлік мемлекеттер«ақылды экономикаға» сүйенеді. Ал оны құру үшін ең алдымен жеке адами капиталды дамыту қажет.Оқыту мен дамыту мәңгілік педагогикалық проблема. Адамзат қоғамының әртүрлі кезеңдерінде, тіпті әртүрлі этникалық қауымдастықтарда, әлеуметтік топтарда бұл проблема мезгіл-мезгілімен жаңартылып отырды, шешуге тырысты және әртүрлі жолдармен шешілді. Жеке тұлғаны дамыту мақсатықазақ білімін ең дұрыс шешімін табуға тырысып, оқыту мен дамыту проблемасына қайта тіреді.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп тұжырымдады. Ендеше, сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты әрбір оқушыға жеке адам ретінде, өзіне тән ой-өрісі, ерік-жігері, жеке дара әрекет жасауға ынта-жігері бар тұлға ретінде қарау міндеті қойылып отыр.

Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты: математика сабақтарында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ақпараттық технологиялар, соның ішінде смарт технологиясын пайдалану арқылы арттырудың жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

  • Оқушы сауаттылығын арттыру;

  • Өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға даярлау;

  • Ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алдыру;

  • Шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу;

  • Ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар әр түрлі ақпараттық құралдар арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттырады; есептерді жылдам есептеуге дағдыланады.

Жаңашылдығы: Жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыра отырып, кәсіпкерлікке баулу, логикалық ойлау, өз бетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.


1. SMART ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ҚҰРАЛЫ


Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.

Бүгінгі таңда кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады. ХХІ ғасыр –технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Қазір елордамызда  да Smart мектептер қалыптасып келеді.

Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.

Smart білім беру тұжырымдамасы – үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.  Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары. Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Яғни білім беру үдерісінің кез келген  қатысушысы (оқушы немесе мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.

SMART-мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі:

S (specific) – мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)

М (measurable) – өлшемділік

А (achievable) – қолжетімділік (келісімділік)

R (relevant) – релеванттылық (сәйкестік)

Т (time bound) – уақытша мерзімдер.

1. Specific. Мақсат нақты болуы керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Ал, ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат, тәулік, ай, жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек. Мысалы, оқушының «математика пәнінен аудандық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз боламын» деп мақсат қоюы.

2. Мақсат өлшенетін болуы керек. Мысалы, «жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3. Мақсат қолдан келерлік болуы керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, жоғарыда аталған оқушының мақсаты-қолдан келерлік, ал негізгі мектепті тәмәмдап, «мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат – кез келген оқушы үшін қолдан келмейтін нәрсе (мектеп бітірушіден басқа)

4. Мақсат шынайы болуы керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң, «мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат – бұл жаста қол жетпейтін жағдай. Ал «мен математиканы жақсы меңгерсем ғана таңдаған мамандығымның иесі бола алам» деген мақсат – шынайы мақсат.

5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Оқушының «осы оқу жылында математика пәнінен аудандық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңімпаз боламын» деуі мерзімі анықталған мақсат.

Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ Мақсатты дұрыс қою – адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі, оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр оқытушысына сай болуы үшін ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбек қор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болуы керек. Оқушыларға терең білім беру үшін АКТ-ны пайдалана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтағаны жөн:

  1. Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны оқушыларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет.

  2. Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.

  3. Мұғалім әр оқушыға бүкіл талапты қоя білуі қажет.

  4. Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс.

  5. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі қажет.

  6. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері, электронды оқулықтар бойынша бере алуы тиіс.

  7. Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалануы керек.

  8. Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін тапсырыс берушілер: бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде пікірлерімен анықтауда. SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз «грифельді» тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді.


Smart оқыту дегеніміз не? Электронды оқыту. Мобильді оқыту. Кез келген жерде кез келген уақытта оқыту. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту Smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін Smart оқыту ортасын дамыту. Smart оқытудың келеңсіз жақтары да бар, дегенмен, білім берудің екі аспектісі руханиадамгершілік және интеллектуалды білімдерді өскелең ұрпаққа құстың қос қанатындай бірдей бере отырып, оқушылардың интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін де түсіну керек.

«SMART» технологиясының мүмкіншіліктері:

  1. Оқушылардың сабаққа қызықты әрі белсенді қатысуына ықпал етеді.

  2. Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуға немесе интернетпен жұмыс жасауға болады.

  3. Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі.

  4. Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің жақсы өтуіне септігін тигізеді.

  5. Оқушылардың өздеріне деген сенімі арттып, шығармашылықпен жұмыс жасаулары артады.

«SMART» технологиясының мүмкіншіліктерімен қатар қиыншылықтары да кездеседі.

  1. Мектептегі материалдық техникалық базасының толық болмауы (планшеттер).

  2. Интернет желісінің жылдамдығының аздығы т.б.

Білім беру үрдісіндегі Smart технологияның артықшылықтары:

  1. IT-ортада «негізгі білімдердің» көлемі ұлғаяды;

  2. Білім алушылар қажетті ақпаратты мобильді түрде алады;

  3. Smart білім беруді енгізуде инновациялық технологияларды пайдалану деңгейі артады;

  4. Әр түрлі оқу орындарының арасындағы байланыстың дамуына мүмкіндік туады.

Смарт білім беру оқытушыларға жаңа талаптар қояды. Сонымен бірге педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктерді аша түседі, соның ішінде тәжірибе алмасуға, ғылымға ден қоюға, уақытын үнемдеуге әсер етеді. Smart-технологиясы концепциясына сәйкес білімнің сапалы болуына және білім алушының мотивациясына ықпалы зор. Педагогтің кәсіби дамуына ықпал ететін басты фактордың бірі – кәсіби тәжірибенің жинақталу нәтижесінде және әлеуметтену кезінде туындаған кәсіби дұрыс бағыттың анықталуы. SMART-педагогінің бейнесі. Self-directed: білім берудің тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ететін педагог:

- Motivated: ынталанушы педагог;

- Adaptive: бейімделген педагог;

- Resource free: ресурсқа еркін қол жеткізе алатын педагог;

- Technology embedded: технологияларды белсенді пайдаланатын педагог.


Смарт технологияны сабақта қолданудың тиімділігі:



Оқушылар үшін тиімділігі:

  • Мұғалім веб-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалды оқушыларға жеткізуді күшейтеді;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!