400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық "Брейн-ринг" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикаға қызығушылығын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық ойын «Брейн-ринг»

Мақсаты:

1.      Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2.     Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.     Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру

Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстелдер, интерактивті тақта.

Түрі: топтық сайыс

Барысы:

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Брейн-ринг» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.

Әділ қазылар алқасы:

Ойын барысы:

  1. Таныстыру

  2. Жеті жұмбақ

  3. Ғажайып үштік

  4. Блиц - турнир

  5. Логика алаңы

  6. Қара жәшік

Жеті жұмбақ: (жылдамдыққа, дұрыс жауап үшін 5 ұпай)

№1

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан?

Жан-жағына қарамай! (натурал сан)


№2

Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. (цифрлар 0, 1....9)


№3

Бірдей санды бірнеше рет

көбейтуден тұрады,

егер оны ықшамдасаң

қандай атау болады? (дәреже)


№4

Оң сандарға қолшатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтасың сен оны. (түбір белгісі)


№5

Күшіне сенген бір мықты

Жығып салып сегізді (шексіздік)

№6

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді. (параллель түзулер)


№7

Айналған шешу құралына,

Төрт саны араласқан құрамында.

«Теңдеудің түбірлері нешеу ?» - деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма. (Дискриминант)


«Эрудит» кезеңі

Ең, ең, ең ...

  • 10. Ең кіші жай сан? (2)

  • 20. Ең қарапайым геометриялық фигуралар? (нүкте мен түзу)

  • 30. Ең алғашқы әйел математик? (Гипатия)

Математикалық сөздік:

  • 10. Қабырғаны қақ бөлетін кесінді? (медиана)

  • 20. ОХ осі? (абцисса)

  • 30. Координаталық жазықтықта сызықпен кескінделетін әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік? (график)

Тұлғалар

  • 10. Алгебра сабағанда қолданылатын математикалық кестенің авторы?   (Владимир Модестович Брадис)

  • 20. Қандай математиктің есімімен үшбұрыштың ауданың есептеу формуласы атанған (Герон)

  • 30. Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотелі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950ж. ж. өмір сүрген ғалым. (Әль-Фараби)
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі