Математикалық сыныптан тыс
сабақ
Тақырыбы: Білекті бірді жығар, Білімді
мыңды жығар.
Мақсаты: а) Оқушылардың математика
пәніне қызығушылықтарын
оята отырып есептер
шығару.
ә) Логикалық ойлау
қабілеттерін дамытып, дүниетанымын
кеңейту.
б) Тапқырлыққа алғырлыққа
зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ребус, видеопроектр,
электронды оқулық,компютер, тест, мақал
мәтелдер.
Сабақ
түрі: жарыс
сабақ
Сабақ
әдісі: сұрақ –
жауап
Жаңа
технология: «Тәй – тәй» бағдарламасы,
топтастыру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Психологиялық
дайындық
-
Балалар бүгін қай
күн?
-
Желтоқсан айы жылдың қай
мезгіліне жатады?
-
Желтоқсан айының 1 күні қандай
мерекені тойладық ?
-
Тағы қандай мерекелер
бар?
16 желтоқсан «Тәуелсіздік
күніне»арнап тілек айтқызу.
Үй
тапсырмасы:
Ғұлама ақын жазушылардың
математика туралы сөздерін айтқызу
-
Әлем математика тілімен
бейнеленген (Галилей)
-
Артық ғылым кітапта, Ерінбе
оқып көруге (Абай)
-
Білмегенді сұрап үйренген –
ғалым.
Арланып сұрамаған өзіне
залым
-
Ғаламдағылардың барлығы
математика заңдарына бағындырылған
(Галилей)
-
Білім – адам баласының ортақ
қазынасы (Жүсіп Баласұғұн)
-
Білімді адамдар – бұл XXI –
ғасырда адамзат дамуының негізгі күші
(Н.Назарбаев)
-
Ғылым халыққа пайдасын тигізсе
ғана қызықты (Ломоносов)
ІІ. Негізгі
бөлім.
-
Ребус шешу арқылы тақырыпты
ашу
,,,,,, ,, ,,, ,, ,,,
,,,,,
,,,,,
Сайыс шарттарын
таныстыру
-
Амандасу
рәсімі
-
«Тапқыр болсаң, тауып
көр»
-
«Ойлан
тап»
-
«Кім
жүйрік»?
-
«Мақал – сөздің мәйегі»
сайысы
-
Тест
тапсырмалары.
-
Топбасшылар
сайысы.
1 –
сайыс «Амандасу
рәсімі»
1. «Тапқырлар»
тобы
Ұраны: «Тапқырлық таныту
мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы
атымыз»
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен
келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді
кемеміз.
Білімменен қаруланған
тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз
жеңеміз.
Тапқырлар тобынан қарсылас
топтарға сәлім!
2. Алғырлар
тобы
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.
Сәлемдесу: Қиындықтан сірә да біз
қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты
ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан
құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз.
Алғырлар тобынан қарсылас
топтарға сәлем!
2
сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып
көр»
Бұл сайыста оқушылар берілген
мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің құрылуына
байланысты ұпайлар берілген сол ұпай бойынша жауап
береміз.
30
20
10
10
30
20
10 ұпайдың
сұрақтары:
-
Бірінші үйде 30 адам, ал
екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық тұрады? Екінші үйде
неше адам тұрады. (50)
-
Аулада 16 ер бала, олардан 6 –
уы кем қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр?
(10)
20 ұпайдың
сұрақтары:
-
Марат 15 сөз жазу керек болды
ол 7 сөзді жазып қойды Марат енді
неше сөз жазуы керек?
(8)
-
Асханада 8 литр сүт
жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.
Асханада неше литр сүт болған?
(14)
30 ұпайдың
сұрақтары:
1. Қоймада 60 қап күріш және
30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше кап
жарма қалды? (60 + 30 – 20 = 70)
2.Дүкенге 20 жәшік кияр және
30 жәшік қызанақ әкелінді. Және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде
неше жәшік көкөніс бар?
(20 + 30 + 40 =
90)
3 сайыс
: «Ойлан тап» сайысында оқушылар
қосуды меңзер бойынша тапсырмалар
орындайды.
Жанкүйерлерге логикалық
есептер беру (ауызша)
-
Кемпірқосақта неше түс бар?
(7)
-
Үш қойдың аяғы қанша?
(12)
-
Жұмылған көзбен не көруге
болады? (түс)
-
2 ғасырда неше жыл бар?
(200)
-
Қай кезде қолы суға кесіп
алуға болады? (мұз болғанда)
-
Екі адам тоғызқұмалақты 2
сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан ойнады (2
сағат)
-
Бір үйдің 20 тауығы және одан
2 – еуі артық үйрегі бар бүл үйде қанша үйрек бар?
(22)
-
Асқар Алтынайдың ағасы.
Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім болады.
(нағашысы)
4 сайыс
: «Кім жүйрік»
байқауы
Э лектронды
оқулықтан геометриялық фигураларды
тапқызу.
1
топ:
2
-топ:
5-
сайыс: «Мақал – сөздің мәйегі»
байқауы. Бұл байқауда 2 топ саны бар мақал – мәтелдер айтып
жарысады?
6
сайыс: Тест сұрақтары. Электронды
оқулықтан тест тапсырмаларын беру.
7 сайыс
: «Топ басшылар»
сайысы
1.оқушы:
2.оқушы:
1.Ең кіші үш таңбалы сан?
(100)
2.Қосу амалын немен тексереді?
(азайтумен)
3.Бір тәулікте неше сағат бар?
(24)
4.10 см де неше дм бар? (1
дм)
5.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
(5)
6.Аспанда неше күн бар?
(1)
7.Адам қолында неше саусақ
бар? (10)
8.2 ондық 8 бірлік?
(28)
9.6 ондық пен 3 ондықтың
айырмасы? (30)
10.Кітаптың формасы қандай
математикалық фигураға жатады?
(тік
төртбұрыш)
1.Ең үлкен екі таңбалы сан?
(99)
2.Азайту амалын немен
тексереді? (қосумен)
3.1 сағатта неше минут бар?
(60)
4.1 м – де неше см бар?
(100)
5. Шаршының неше бұрышы бар?
(4)
6.Адамда қанша көз бар?
(2)
7.Аспанда неше ай бар?
(1)
8.9 ондық 5 бірлік?
(95)
9.4 ондық пен 3 ондықтың
қосындысы (70)
10.Қосылғыштың орнын
ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні
өзгермейді)
Қорытынды.
Әділқазылар алқасына
сөз