№4 жалпы білім беретін орта
мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі:
Камышева Сағираш
Жангалиевна
Математикалық
тартыс
Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізген дұрыс.
Мысалы, қайталау сабақ, ертегі сабақ, ойын сабақ, тартыс сабақ, т.
б. Осындай түрлі сабақтардың тартымды, қызықты болуы логикалық және
қызықты математикалық есептерге байланысты. Сондықтан да мұғалім
есептерді жай ғана ала салмай, әрбір есепті шешу деңгейлігіне,
маңызына, түріне, логикасына қарай іріктеп алғаны дұрыс. Жан-жақты
ойластырылып, құрастырылған есептер оқушылардың ойлау қабілеті мен
шығармашылық белсенділігінің дамуына ықпал етеді. Осыларды ескере
отырып, екі топ арасында дәстүрлі емес есептерден «Математикалық
тартыс» ойыны ұсынылып отыр.
«Математикалық тартыс» ойын
сабағы 3 кезеңнен тұрады. Әр топтың аты, ұраны болуымен қатар
құрамы 3-12 оқушыдан аспауы керек. Алдын ала жоғарғы сынып
оқушыларынан сайланған әділқазылар алқасы әр кезеңнен кейін топтың
бағасын беріп отырады.
1-кезең. «Жекпе-жекке»
шақыру.
Екі топ басшыларына бірдей
есеп беріледі, берілген уақыт ішінде қай топ басшысы есепті бірінші
шығарса, сол топ жекпе-жекті бастауыкерек.
Есеп. Үш әке және 6 бала
серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан
алма тиді. Бұл қалай болғаны?
Екі топқа 5 есеп беріледі.
Бірінші кезекті бастаушы топ қарсы топтың ішінен өзі қалаған
оқушыны атап жекпе-жекке шақырады. Осылай 3 минуттың ішінде
кезектесіп барлық есепті шығару керек.
-
Берілген квадратты бес
тіктөртбұрышқа бөледі.
Тіктөртбұрыштың қабырғалары беттеспеуі
керек.
-
Кім тез шеңбердегі нүктелердің
арасын кесінділер-
м
ен қосады.
Әрбір кесінді бір-бірімен жалғасып жа-
тады. Ал кесіндіні бір
жүргізілген жерінен екінші
рет жүргізуге болмайды, ал
кесінділердің қиылы-
суына
болады.
-
Қанша үш таңбалы сан
бар?
-
Сүт толтырыла құйылған бөшке
30 кг, ал толтырылмаған, яғни жартылай сүт құйғанда 15,5 кг болады.
Бөшкенің салмағы қанша?
-
Шырпымен
жұмыс.
А
) Екі
шырпыны ауыстырып үйдің қабырғаларын
өзгерт.
Б
) 6 шырпыны орынын ауыстыру арқылы үй
шығар.
В) 3 шырпыны өзгерту арқылы 5
бұрышты үшбұрыш шығар.
2-кезең. «Кім жылдам?»
Есепті дұрыс, әрі тез шығару керек.
-
Екі кастрюльдің біреуінің бойы
биік, ал екіншісінің көлемі кеңірек.
Екеуінің қайсысына су көбірек
сияды?
-
Газетті 3 бөлікке бөл, одан
кейін оның бір бөлігін 3-ке бөл, оның бір бөлігін тағы да 3-ке бөл,
осылай 40 рет қайтала. Сонда бір газет неше бөлікке
бөлінеді?
-
Жұлдызшалардыңорнына сандар
қой, олардың көршілес үш сандардың қосындысы 20 шығуы керек.
7******9
-
Көлде лилия гүлі өсіп тұр. Күн
сайын олар көбейіп, жиырмасыншы күні көлдің бетін түгел басып
кетті. Қаншасыншы күні көлдің жартысын лилия гүлі басып
кетті?
-
Екі бала кітап сатып алмақшы
болды. Олардың біреуіне 27 теңге, ал екіншісіне 1 теңге жетпейді.
Олар екеуі ақшаларын қосып еді, ақшалар тағы да жетпейді. Сонда
кітап қанша тұрады?
-
Берілген жарты айды екі
кесінді арқылы 6 бөлікке бөл.
-
Қолыңды алмай
сыз.
-
100 оң сан берілген. Олардың
кез келген жетеуінің көбейтінділері бірден үлкен. Екі оң санның
көбейтіндісі бірден үлкенін дәлелде.
3-кезең. Топ басшыларының
сайысы.
-
Берілген торкөзге 3, 4, 5, 6,
7, 8, 9 сандарын қой. Тең боладысында 21 шығуы
керек.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Мектепте 40 парта сырлану
керек еді. Үш күн сырланғаннан кейін әлі де сырланбаған 13 парта
қалды. Сонда күнінде неше партадан сырланып
отырған?
-
Бақта 83 түп алма, өрік
ағаштары бар. Ал, алма мен шабдалы ағаштарының қосындысы 74. Өрік
ағашы 28 түп болса, шабдалының саны қанша?
-
Теңдеу құру: Кітап қоятын
шкафта бірнеше сөре бар. Әр сөреде 32 кітаптан тұр еді. Шкафтан 50
кітап алғанда, онда 110 кітап қалды. Шкафта неше сөре
бар?
32х-50=110
32х=110+50
32х=160
х=160:32
х=5 (сөре)
Сандық ребустар.
1.Тізбек. Мына қатардың келесі мүшесі қандай
сан?
1,
6, 40, 277, 1935, ?
2.Өзгешелігі бар сан.
Мына сандардың қайсысы басқаларынан
өзгеше?
1 3
3 1
1 7
5 7 6
3 9
3 0 4
9 7
0 2 9 9
3.Квадрат-46.
Мына кавдраттың ішіндегі бос орындарға цифрларды
әрбір горизонталь, вертикаль және диагональ бойында орналасқан
сандардың қосындысы 46-ға тең болатындай етіп, яғни сиқырлы квадрат
шығатындай етіп жазып шығыңдар.
813
1817
516
15
4.Фишкалардан құрылған квадрат.
1-ден 9-ға дейінгі сандар мен нөмірленген
фишкалар төмендегі қатарда өсу ретімен орналасқан.Жаңадан құрылған
қатар бүтін санның квадраты болып шығуы үшін ең аз дегенде қанша
фишканы алып тастау керек? Сонда қандай фишкалар алып тасталуы
тиіс?
-
Екі
квадрат.
Мына сол жақтағы суретте кескінделген квадраттың
тамаша қасиеті бар: оның верикаль, горизонталь, диагональ бойында
орналасқан сандарының қосындысы бірдей және ол 15-ке
тең.
Ал,
сіз 1-ден 9-ға дейінгі цифрларды вертикаль, горизонталь, диагональ
бойында құрған сандардың қосындысы әртүрлі болатындай етіп
орналастыра аласыз ба?
2 7
6
9 5
1
4 3
8
6.Заңдылықты анықтаңдар.
Мына қатардың алдында және соңында тұрған
белгісіз мүшелерін анықтаңдар.
?,
42, 34, 33, 25, ? (43, 24)