Материалдар / Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Математиканы оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздері туралы түсінік берілген, материал зерттеу жұмысы болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
190
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ


Кіріспе.

І. Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері.

1.1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама.

1.2 Математика пәні оқу материалдарын оқытып – үйретудің жоспары.

1.3 Математиканың жаңа білім мазмұнынының ерекшеліктерін талдау.

ІІ. Қорытынды.

ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер.


































КІРІСПЕ

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған жоқ.

Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы" заңында “Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді” – деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда.

Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, «тура пропорционал», яғни тура тәуелділік бар екенін көрсетті.

Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.

Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде « ... адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын жаңа кезең басталды.

Міне осы “ математикаландыру кезеңінде» орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика пәні болып табылады.

Бастауыш математиканың білім мазмұны «... дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес» болу керек.

Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен –күнге нығайып келеді [1].

Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтаң қай саладан болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә.

Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді.

Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж.Қараев, С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, К.Жақсылықова, Г.И.Уәйісова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Қ.Игенбаева, Р.О.Ізғұттынова, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде қарастырылған.

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының бастауыш білімді дамыту тұжырымдамасында.

Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін әрбір жас баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді педагогтарымыз.

Бастауыш мектеп жас кезеңі ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет.

Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдауда - кезек күттірмейтін іс.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты істі жүктейді.

«Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым А.И.Маркушевич айтқандай, оқушыларға математикалық білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті.

Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.

«Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Д.И. Писарев. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру мұғалімдер үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімінің математика пәні мазмұнының ерекшелігін айқындап, талдауды қажет етеді. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімі болатындықтан диплом жұмысымның тақырыбын « Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері» деп таңдауымызға себеп болды.































І математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама

1.1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты» бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: «Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады» - делінген.

Осыған байланысты, соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың ішінде ерекшелерінің бірі – «Қазақ білім академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті А.Құсайынұлы мен осы академияның академик - хатшысы Р.Башарұлының «Білім берудің ұлттық модельін дұрыс таңдай алдық па?» - тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат) бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани -әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған.

Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.

Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған мақсаттарының бірі- «тілдердің үш тұғырлығы» идеясын, бүкіл еліміздің ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.

Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.

Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.

Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.

Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.

Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.

Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.

Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.

Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

-аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын,

-оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды,

-олардың білімін бағалау жолдарын,

-оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

-пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

-негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

-әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

-пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

-әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

- ұсынылған әдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-лықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.

Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:

-оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;

-курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.

Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады.

Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.

Дәстүр бойынша да, мәні мен маңызы жөнінен де оқытудың сан алуан құралдары ішінде оқулықтың алатын орны ерекше. Ол мектептік білім – тәрбие беру қызметінің бірегей педагогикалық үлгі – моделі ретінде бүгінгі таңда да тиімді және ең кең таралған әрі оқыту, әрі оқу құралы болып қалып отыр. Сондықтан мемлекетімізде жүргізіліп жатқан мектеп реформасының мақсаттары мен талаптарын ойдағыдай жүзеге асырып, еліміздің жас ұрпағын өзіміз бүгінде іргетасын қалап жатқан алдағы өмірге неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына сай жоғары сапалы төл оқулықтар жасау – дәуірлік маңызға ие міндет.

Тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты мұндай жаңа да күрделі әрі ауқымды міндетті жекелеген тіпті талантты деген авторлардың интуициясы мен тәжірибесі шеңберінде шешуге болмайтыны белгілі. Оқулық жасалынып дайын болған күнде де, оқушының сапалы білім алуына лайық па деген сұрақтар туындары сөзсіз.

Мемлекеттік білім стандартының және Қазақстан Республикасы бастауыш білім мазмұнын жаңарту Тұжырымдамасының негізінде дамыта оқыту идеясы жатыр. Осыған орай бастауыш сынып оқушылары мектептің өзекті тақырыбына сәйкес «Дара тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде, дамыта оқыту идеясын жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асыруда» төмендегідей жұмыстар атқарып, жетістіктерге жетті:

-оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, орындалуы әртүрлі нұсқада дайындалған бақылау жұмыстары құрастырылып, жинақталды;

- оқушылардың білім сапасын анықтауға арналған тестер дайындалды;

- бастауыш сынып мұғалімдері жаңа буын оқулықтарымен жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өтті;

- жаңа буын оқулықтарын енгізу, өңдеу оқу бағдарламасын жетілдіру мақсатына сәйкес білім сапасына мониторинг жасау жүйелі жүргізілуде.

Төл оқулықтарды дәстүрлі оқулықтармен салыстыра отырып қарағанда жаңа буын оқулықтарында этнопсихологиялық ерекшеліктер, оның сапалы, әсем безендірілуімен қатар мазмұнының да өзгергенін байқадық.

Оқулықтар ұлттық тәрбиеге негізделіп, дамыта оқыту идеясы басшылыққа алынған, мазмұны жағынан қызықты, оқушы орындайтын жұмыс түрлері, тапсырмалар түрлендіріліп берілген.

Математикадан оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар мол қамтылып, қызығушылықтарын арттыруға жетелейді.

Дегенмен, оқулықтағы кейбір тапсырмалар күрделі. Өйткені, түсініксіз сөздер, өздігінен орындай алмайтындай қиындық, оқып, білуге уақыттың аздығы бәрін орындап, еске сақтауға мүмкіндік бермейді.

Жаңа буын оқулығы мектептің ұлттық сипатын айқындап, оқушылардың бойына ұлттық сананы дарытатын, туған халқының рухани әлеміне бойлайтын, елінің намысы мен атақ – абыройын ту ғып ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарады.

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық деңгейін дамыта оқытуға арналып құрастырылған.

Оқулықтар ірі бөлімдер мен ішкі тақырыпшаларға бөлініп жазылған. Бірақ та, кейбір тақырыптар оқушылардың түсінуіне ауыр, жас ерекшелігіне сай емес.

Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда.

Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио, видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.

 Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров (математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда), Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда), Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова, Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми еңбектерінде негізге алған.

Бастауыш сыныпта білім берудің көп пәнділігі, тәрбие жүйесінің ерекшеліктері, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендердің мектеп өміріне енуі, педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде, оқулықпен жұмыс істеуді ғылыми тұрғыдан зерттеуді де қолға алуды қажет етеді.

Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, жоғары білімді маман даярлаудың жаңа стандарты, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуді кәсіби іс-әрекетте меңгерген мұғалімдерді даярлау қажеттілігі туындайды.

Оқулық – ол оқытуды бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап. Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны, мәтінге қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі ол оқулықтану саласы болып отыр, сондықтанда әрбір ұстаз, әдіскер бұл саланы игеруі бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде шығарыла бастаған жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің тұжырымдамасы ғылыми-теориялық бағамдаулар негізінде өмірге келуде.

Әйтсе де, жалпы ғылыми қағидалар мен өз еліміздің идеологиясын басшылыққа алып, ұлттық сана, рухани құндылықтарымызды арқау еткен нақты да дәл оқулық теориясын жасау алдағы күндердің еншісінде қалып отыр.

Еліміздің төл Конституциясы, «Тіл туралы» және «Білім туралы» Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, бастауыш сынып оқушыларына математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін оқытуға арнайы көңіл бөлінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Респуликасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту.

Бастауыш сынып оқушысын жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу қазіргі заман талаптарының бірі. Өйткені оқушының рухани әлемінің дамуы, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы өздігінен жүрмейтіні анық.

Қандай зәулім үй салсаң да, оның іргетасы дұрыс қаланбаса, күндердің күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді бала тәрбиелеуде де мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ.

Сондықтан білім берудің әр сатысының мақсат - міндеттері, формаларының айқындалуы, 2002-2003 оқу жылынан бастап еліміздің ғалым, әдіскер, мұғалімдеріміз дайындаған төл оқу құралдарына толық көшуі, осы жаңа буын оқулықтарының нақты іс жүзіне асуы өте маңызды десек қателеспейміз.

Алайда, қателесу, кемшілік жібермеу тіршілік иесінің бәріне тән жағдай. Сол себепті, мұндай жағдайда атамыз қазақ айтқандай «көш жүре түзеледі» деген қағиданы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешені білім берудегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, ал бір ғана математика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер М.Дулатов, К.Жәлелов, Қ.Сәтбаев, С.Қожанов, Ә.Қасымов, Е.Қасболатов, Е.Омаров, Т.Құралов сияқты жазушы, ғалымдар ат салысқан.

Оқулық авторлары өз туындыларының бірінші басылымында кеткен, жіберіп алған «әттеген айларын» екінші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!