Материалдар / Математиктер сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математиктер сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Қазақстанның саналы ұрпағын дайындай отырып, математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математиктер сыныбы» атты интеллектуалдық ойын.

(8-9-10-11 сынып оқушылары арасында)



Мақсаты: «Қазақстанның саналы ұрпағын дайындай отырып, математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, 8 – 11 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Математиктер сыныбы» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Математиктер сыныбы» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

І бөлім – «Кім көп біледі?»

ІІ бөлім – «Тіл - өнер»

ІІІ бөлім – «Жеті керемет»

ІҮ бөлім – «Білімділер сайысы» (топпен есеп шығару)

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім көп біледі?» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

I “Кім көп біледі?

«Кім көп біледі?» атты бөлімін бастаймыз, бұл бөлімде әрбір топқа 15 сұрақтан қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

Төртбұрыш тобы

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?. «0»

2. Квадрат теңдеудің жалпы түрі? « »

3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? «100»

4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? «бірдей»

5. Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? «5»

6. Төрт қойдың неше аяғы бар? «16»

7. Қандай сандар нөлден үлкен? «оң»

8. Үшбұрыштың орта сызығы деп? «табанының жартысына тең»

9. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? «3»

10. у = функциясының графигі қалай аталады? «жартылай парабола»

Вектор тобына

1. Вектордың ұзындығын қалай табамыз? «координаталарының квадраттарының қосындысын түбірдің астына аламыз»

2. Теріс санның модулі? «оң»

3. Вектор деп? «Бағытталған түзу»

4. Жақша алдында «+» таңбасы болса,

жақша қалай ашылады? «жақша ішінде қандай белгі тұрса, сол белгімен ашылады»

5. Бір гектарда неше метр квадрат бар? «100 метр квадрат»

6. Ең кіші 2 таңбалы сан. «10»

7. Квадраттың қабырғасы 4 см. Периметрі қанша? «16»

8. Кітаптың бағасы 520 теңге. Осындай 10 кітаптың бағасы қандай? «5 200 тг»

9. Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? «10 см»

10. Трапецияның орта сызығы деп? «табандарының қосындысының жартысына тең»

Қималар тобына

1. «Функция» терминін ғылымға енгізген кім? (Лейбниц)

2. Шеңбердің радиусы мен диаметрі арасында қандай байланыс бар? (D=2 R)

3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (квадрат)

4. синустың ең кіші оң периоды? « »

5. -нің мәні? « »

6. Қима деп? «стереметрия элементтерін бір жазықтықпен қиғанда, қиылған фигураның көрінісі»

7. Бір күнде неше минут бар? (1440 минут бар)

  1. Құмырысқа құдыққа түсіп кетті. Құдықтың биіктігі 10м. Ол күніне 3 м жоғары шығады да, шаршап 2 м төмен түседі. Ол неше күнде сыртқа шығады? «10 күн»

  2. Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу кезінде синустың түбірін табу формуласы қандай? « »

  3. Тангенстің графигі қалай аталады? «тангенсоида»



Пирамида тобына

  1. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ? «50»

  2. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 6 см болса, периметрін табыңдар.

  3. Екінің бес дәрежесі қандай цифрмен аяқталады? «2»

  4. Дифференциалдау деп? «функцияның туындысын алу»

  5. Ал интегралдау деп? «функцияның алғашқы функциясын табу»

  6. Қандай санның квадраты 225-ке тең? (он бестің)

  7. Стереометрия элементтеріне қандай фигуралар жатады? «призма, куб, параллелепипед, пирамида, цилиндр, шар, конус»

  8. Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? «4»

  9. Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? «бірдей»

  10. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. «дұрыс бөлшек»

  11. Синустың графигі қалай аталады? «синусоида»

  12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12- ге арттыр. «теріс айналдырып жазамыз»

  13. 1 т мақта ауырма, 10ц темір ауырма? «тең»

  14. Сағаттың ¼ бөлігінде неше минут бар? «15»

  15. Пирамида деп? «альфа жазықтығында жатқан көпбұрышқа альфа жазықтығында жатпайтын бір нүктеден жүргізілген түзулерден пайда болған фигура»



II Тіл-өнер (математикалық жұмбақтар).

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ шешу.

  1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. «қолғап»

  2. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды. «циркуль»

  1. Атадан 10 боламыз,

Бір- бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз «1-ден 10-ға дейін сандар»

  1. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап «Х»

  2. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ayaдай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан- жағыңа қарамай. «натурал сан»

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? «дәреже»

  1. Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де. «түзу»

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. «сызғыш»

III Жеті керемет

20

20

20

30

30

30

40

40

40

50

50

50

20 ұпайлық сұрақтар:

1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)

2. Қабырғасы 4 см, 6 см, 9 см болатын үшбұрыштың периметрі нешеге тең? (19 см)

3. Қабырғасы 6 см және 11 см болатын тіктөртбұрышытың ауданы нешеге тең? (66 см2)

30 ұпайлық сұрақтар:

1. «П» әрпімен басталатын 7 математикалық сөзді ата (пирамида, планиметрия, параллель, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр)

2. «С» әрпінен басталатын 7 математикалық сөзді ата (синус, сегіз, сәуле, сфера, сандар, статистика, стереометрия)

3. «К» әрпінен басталатын 7 математикалық сөзді ата (косинус, котангенс, куб, комбинаторика, көрсеткіш, конус, кему)

40 ұпайлық сұрақтар:

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика» сөзінің авторы. (Ломоносов)

2. «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы» сөзінің авторы. (Гаусс)

3. «Математика ақыл-ойдың кеніші» сөзінің авторы. (Әбу-Насыр-Әл-Фараби)





50 ұпайлық сұрақтар:

  1. функциясының графигі қалай аталады? «гипербола»

  2. функциясының графигі қалай аталады? «түзу сызық»

  3. функциясының графигі қалай аталады?

IV «Білімділер сайысы»

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек- дей келе IV «Білімділер сайысы» атты бөлімге де келіп жеттік. Әр топқа есеп таратылады, осы кезеңде қай сынып өздерін мектептің математиктер сыныбы екенін көрсетеді.әр топқа жас ерекшеліктеріне байланысты есептер таратылады.

Төртбұрыш тобына Есептеңдер:

Вектор тобына Жүйені шешіңдер:

Қималар тобына Тригонометриялық теңдеуді шешіңдер:

Пирамида тобына Интегралды есептеңдер:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік. Жеңімпазды анықтау.



Соңы: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!









Жауаптары:

Төртбұрыш тобына Есептеңдер:

Вектор тобына Жүйені шешіңдер:

Жауабы: (-5;11), (4;2)

Қималар тобына Тригонометриялық теңдеуді шешіңдер:

Пирамида тобына Интегралды есептеңдер:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!