"Мәтін әлемі" бағдарламасы - қосымша білім берудегі пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәтін әлемі" бағдарламасы - қосымша білім берудегі пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Әдеби - шығармашылық бағытта, қосымша білім беруде сөз саптау мәдениетіне, ойлауына ерекше көмек беретін бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп - гимназиясы» КММ












Мәтін әлемі

(әдебиеттік оқу 2 –ші сынып оқушыларына арналған

вариативтік курс бағдарламасы)






Құрастырушылар: Каримова Л.А.

Ещанова А.К.

бастауыш сынып мұғалімдері


Нургалиева Г.С.

қосымша білім беру мұғалімі















Қостанай – 2025

Кіріспе

Өзектілігі. Бастауыш сыныптың 2-сыныбына арналған әдебиеттік оқу пәні бойынша «Мәтін әлемі» (әдебиеттік оқу 2 –ші сынып оқушыларына арналған вариативтік курс бағдарламасы) аптасына 1сағат, жылына 34 сағат жүктемеге негізделініп берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндерінен алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін, байланыстыра сөйлеулерін, сөздік қорларын және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескерілді. 

Тіл дамытудың негізгі міндеті оқушыны мәнерлі сөйлеуге үйретуден, сөздік қорды байытудан, сөзді дұрыс қолданудан, сөйлемдерді байланыстырып жазудан, орфографияны меңгеруден т.б. білік – дағдылардан тұрады. Бастауыш сыныпта бұл білік – дағдылар тілдік қызметтің негізінде көбінесе қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында қалыптасады.

Екінші сыныпта оқушы ауызша сөйлеуді еркін меңгеріп келеді, өйткені ауызша сөйлеу табиғи жағдайда қалыптасады. Бала сөздердің орнын қалай ауыстыру керек, қалай байланыстыру керек деп көп ойланбайды.

Ал сөйлеудің жазба түріне қойылатын талап жоғары. Жазба тілге айтайын деген ойдың түсінікті болуы, сөздерді дәл мағынасында қолдану, тілдік бейнелі құралдарды дұрыс пайдалану сияқты көптеген талаптар қойылады.

Оқушы өз ойын байланыстырып айтып, оны жүйелі түрде жаза алуы оқу әрекетіндегі барлық пәндерді жақсы, жетік меңгеруіне мүмкіндік ашады, орфографиялық сауаттылықты қамтамасыз етеді.Сондықтан баланы дұрыс сөйлеп, жүйелі жазуға үйрету күнделікті сабақта жүргізілуі қажет.

Вариативтік курс бағдарламасының мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын мәтіндер арқылы дамыту, оқушылардың сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.

Бағдарлама міндеттері:

1. Жазушы шеберлігіне көз жеткізу, әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір – бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

2.Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

3.Оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын, сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижесі:

Оқушылар біледі:

- ұғымдарды,мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді өмірде өзі үшін пайдалануды;

- мәтіннің негізгі ойын саралап айқындайды;

- мәтін бойынша өз ойын анық және нақты жеткізе алады.

Оқушы жасай алады:

Мәтінді талдау

Мәтін мазмұнын салыстыру, өмірімен байланыстыра алады

Сауатты оқуға дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы баланың өзін қоршаған ортасы,басынан өтіп жатқан оқиғалар,өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін оқу материалымен ұштастыруға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісін дамуына да септігін тигізеді.

























«Мәтін әлемі»

әдебиеттік оқу 2 –ші сынып оқушыларына арналған вариативтік курс бағдарламасы бойынша тақырыптық жоспары


Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Мазмұны

Сағат саны

1

Алғыс

Білімалушылардың бойында мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру

Мәтінді жоспар бойынша мазмұндау, шығармашылық жұмыс жасайды

1

2

Достар

Құстарға қамқорлық жасау


Мәтінге лайықты ат табу. Мәтіннің ішінен жауабы бар сұрақты таңдау.Кейіпкерге мінездеме береді

1

3

Ауылда

Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық тағамдардың маңыздылығын сезіну

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып жазу; Лайықты мақалды таңда

1

4

Ата мен бала

Мәтіннің негізгі ойын таба білу, өмірмен байланыстыру


Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың? Мәтінге сүйене отырып өз бойыңнан қандай кемшіліктерді алып тастар едің?



1

5

Жазғы демалыс

Өз елінің тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеу және сүйіспеншілігін арттыру

Туған жеріміздің көрікті жерлерін анықтау, мәтінге сүйене отырып диалог құрастыр

1

6

Алматы қаласы

Алматы қаласы туралы түсінік беру, оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыра отырып, өз пікірін ашық айта білуге машықтандыру

Мәтінді оқып, берілген автор ойын анықта. Алма туралы өз ойыңды жаз

1

7

Қырғауыл

Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту,құстарға қамқорлық жасай білуге баулу

Мәтінге ат қой Қырғауыл қандай құс? Сипатта

1

8

Күз

Күздің белгілерін анықтау, күз мезгілін сипаттау

Құстардың көңілді дауысы неге естілмейді? Себеп-салдарын түсіндір.Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңда

1

9

Құсжолы

Құсжолы сөзінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын дамыту.

Топтық жұмыс. Құсжолының жүруінің әр бағытын таңдау.

Жұмбақтың жауабымен құсжолын байланыстыр

1

10

Сұлтан Бейбарыс

Туған жерді құрметтеу.Әркімге өз туған жерінің қымбат екенін түсіндіру

Мәтін бөліктерінің (басы, ортасы, соңы) орнын тауып, жақша ішіне жазып шығу. Автордың негізгі ойын жазу


1

11

Сегізаяқ

Оқушыларда сегізаяқ туралы түсінік қалыптастыру. Мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету

Мәтін мазмұнына сай сөздерді сәйкестендір. Мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?

1

12

Асыл шөп

Шыдамдылыққа, сабырлы болуға қалыптастыру

Ой түй! (тиісті қосымшаларды қой) Мақалдың жалғасын тап


1

13

Шығармашылық тапсырма

Мәтінді өз ойымен аяқтау арқылы теріс қылықтардан аулақ болуға қалыптастыру

Басқы бөлігі берілген мәтінді өз ойыңнан аяқта. Бұл мәтінде ит қандай теріс қылық жасады?

1

14

Қабылан

Мәтін мазмұнына, тақырыбына сәйкес келмейтін абзацты анықтау және дәлелдеу

Мәтін мазмұнына, тақырыбына сәйкес келмейтін абзац бар ма? Бұл абзац неліктен сәйкес келмейді?

1

15

Шындық

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауға дағдыландыру, кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз ойын айтуға төселдіру

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере алады, мәтін сұрақтарына байланысты жоспар құрайды


1

16

Қатыгездік

Білімалушыларды мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру


Мәтіннен кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтау, автордың не айтқысы келгенін табу


1

17

Бозторғайдың жұмыртқасы

Дала құстарының жұмыртқасына зиянын тигізбеу

Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөйлемді тап, өз ойынды жеткіз, құстың пайдасын ата

1

18

Адал достар

адал дос қасиеттерін балалардың бойына қалыптастыру

Мәтін бойынша сұрақ құрастырады, достықтың түрін анықтайды

1

19

Туған жер

Мақал-мәтелдерді оқи отырып, ертегінің түрін анықтау

Мәтінге байланысты ертегінің түрін анықта, сәйкес мақал-мәтелді тап

1

20

Қоян

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қоя отырып, мәтіннің мағынасын аша білу

Мәтіннің мағынасын ашатын мақалды анықта, көп нүктенің орнына қойылатын тиісті сөзді тап

1

21

Сауысқан

Мәтін бөлімдерін дұрыс орналастыру арқылы, абзац нөмірлерін анықтай білу

Абзац нөмірлерін анықта, мәтін бөлімдерін дұрыс орналастыр

1

22

Бурабай

Қазақстан Швецариясы аталған Бурабай демалыс орнымен танысу


Мәтіндегі басты тірек сөздерді тап, сәйкес ақпаратты анықтап, оның сауықтыру орны екенін біл

1

23

Байлық пен ақыл

Сөздің қарама- мағынасын анықтау арқылы,мәтінге басты тірек сөздерді, ақпараттарды табу

Мәтіннің жанрын, негізгі ойын, жағымды кейіпкердің басты қасиетін анықта

1

24

Қожанасыр

Адам бойындағы қасиеттерді сипаттау арқылы, мәтіндегі негізгі ойды, анықтау

Мәтіндегі негізгі ойды, жазылу үлгісін анықта. Адам бойындағы қасиеттерді сипатта

1

25

Мәтінге ат қой.

Мәтінге ат қойып, себебін түсіндіре алады, өз ойың жеткізе алады

Кейіпкерге мінездеме бер, өз ойынды сөйлеммен жаз, негізгі ойына байланысты сәйкес мақал жаз

1

26

Құмырсқа

Ұйымшылдықтың қадірін бағалай білуге үйрету


Мақалдың мағынасын аш, өз ойынды 4-5 сөйлеммен жеткіз

1

27

Достар

Дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту

Мақалдың мағынасын аш, сұрақ құрастыр, кейіпкерлердің мінезіндегі ұқсастықты жаз

1

28

Пәндердің айтысы

Әр пәннің маңыздылығын білу.


Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағала, мәтінді өз ойыңмен жалғастыр

1

29

Маржан мен Алма

Көршінің жақындығын бағалай білу


Маржанға мінездеме бер, көршің туралы әңгімеле, мәтінге сәйкес мақалды тап

1

30

Тиін - жабайы жануар

Әр жануардың мекен ортасына бейімделетінін білу

Мәтін не туралы, жанрын анықта, тиіннен қауіп төнуі мүмкін бе?

1

31

Дәмді сорпа

еңбекпен келген астың маңыздылығын білу

Мәтіннің жанрын тап. Неліктен сорпа дәмді болды? Ойыңды жаз. Жарылғап сорпаға қандай баға берді?

1

32

Құстардың көмегі

Достарыңның қадірін бағалай білу

Мәтіннің негізгі идеясын анықта, жағымсыз кейіпкерге мінездеме бер

1

33

Жақсылық жасау

Жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсетінін ұғындыру

Жақсылық жасау деген не? Ойыңды жаз. Өзіңнің жақсылық жасаған ісің туралы әңгімеле.

Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақалды тап


1

34

Жүгері қайдан келген?


Мәтіннің тақырыбына, негізгі ойына сәйкес келмейтін абзацты алып тастау, дәлелдей алу,мәтін не жайында айтылғанын баяндау


Мәтіннің тақырыбына, негізгі ойына сәйкес келмейтін абзацты алып таста,кейіпкер туралы мәтін құрастыр

1


Барлығы:



34

































Әдебиеттер тізімі:

1. Адамбаева Ж., Жұмағұлова Ш. Тіл дамыту текстері. – Алматы, 1996. – 48-52 бет.

2. Жапбарова А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. – Алматы,-2007,-120-122 б.

3. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық – PEARSON, 2013-138б.

4. Базарбекова Р.Ж. Дидактикалық материалдар мен сабақ үлгілері. - Алматы: Алматы кітап баспасы , 2010.- 140 б.

5. Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары 1-2 кітап. - Алматы: Алматы кітап баспасы, 2019. – 86 б.

6. Әлімов А., Табысты сабақ. – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2014.-114б.

7. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М., Базарбекова Р.Ж. Интербелсенді әдістеме. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2013. – 125б.

8. Ерешева,К., Жамалбекова ,Г. Қазақ тілі өздік жұмыстар.-Алматы, 2011. -45 б.

9. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық – PEARSON, 2013-138б.

10. Жақсылықова , К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар – Алматы, 2015. – 86 б.

11. Мұғалімдерге арналаған мазмұндамалар жинағы. –Алматы: «Атамұра» баспасы, 2018.- 24-25 б.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі