Мәтінді қайталап тыңдау негізгі ойды анықтауда қолданылатын әдістемелер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінді қайталап тыңдау негізгі ойды анықтауда қолданылатын әдістемелер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді қайталап тыңдау негізгі ойды анықтауда қолданылатын әдістемелер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәтінді қайталап тыңдау негізгі ойды анықтауда қолданылатын әдістемелер.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушысы, 4 курс студенті Еркінбек Аяжан


Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселердің бірі. Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Осы себептерден де сөйлеу процесінде жетілу, тілді дұрыс және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде – ақ басталған.

Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсін-

діру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді. Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады. Айтылым оның кімге арналғанына,

мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазақ халқының біртуар перзенті, ғалым А.Байтұрсынов: «Әдіс – келешектен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»-деген екен. Жаңа технологияны пайдалану, оларды жинау, зерттеу соның нәтижесінде өз тәжірибесін дамыту – жаңашыл

мұғалімнің ісі. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабы– жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде

сөйлейтін азамат даярлау – басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені

айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қаже:.

мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен

білім алудың жолын көрсетеді;

қушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;

оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған

білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;

оқушының өзіне деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын

дамыған тұлға қалыптасады.

Айтылым дағдысын дамытуда қолданылған әдіс-тәсілдер – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жас ұрпақты болашаққа дайындауда

шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.

Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)

Жаңа және құнды идея ұсыну. • Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсам, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып, тиімді тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, айтылым дағдысын дамыту бойынша жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, өз ойын еркін айта білуге шығармашылығына бағытталған. Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну; • мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау; • тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; • мәтін бойынша жоспар құру; • тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; • мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу. • мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау; • мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу; • ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі. бойынша ауызша есеп беру.

Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы айтылым дағдысын дамыту техно-логиясы сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға; • білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; • жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды іздене отырып, белсене орындауға; • білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып мұғалім көмегінсіз атқаруы; • құр мәлімет ғана емес, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүр-гізуге; • рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері арқылы айтылым дағдысын дамыту жаттығуларын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 2.Сенімділікке тәрбиелеу. 3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау. 4.Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау. 5.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. 6.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау. 7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері-жүйелілік және тұтастық. Тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдасуынан көрінеді. Мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты. Мәтін - бұл жалпы белгілі бір тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастыққа ие, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.Мәтінді ұғыну үшін оны қабылдауға арналған арнайы тапсырмаларды орындау қажет. Іштей немесе дауыстап оқылған мәтінді тыңдап отырған адам қандай дәрежеде ұққанын тексеру немесе кездескен түрлі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін түрлі сан-алуан тапсырмалар қызмет етеді. Мәтінді меңгерту барысында түрлі әдістер іске қосылады. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, көбінесе ауызша баяндау негізінде жүзеге асады. Әңгімелесу – оқытудың диалогтік әдісі, оқытушы білім алушыға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп те атайды. Эвристикалық әңгімелесу барысында оқытушы білім алушының білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.Жалпы мәтінді өз бетімен оқыса да, ұжымдық оқу арқылы меңгерсе де оны толық түсінгенін білу үшін арнайы тапсырмалар ұйымдастырылады. Ондай тапсырмалар интербелсенді немесе белсенді әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістер тақырыптың күрделілік дәрежесіне байланысты және білім алушының білім деңгейіне сай таңдалады. Мәтінді оқыту барысында қолданылатын тапсырмалардың түрлері:

-тақырыпты оқып шығып, мәтіннің негізгі мағынасы не туралы екенін айтқызу;

-мәтіндегі оқиғаның қалай өрбитінін болжату;

- тақырыптың аты мәтін мазмұнын бере ала ма деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын айтқызу;

- мәтіннің мағыналық жағын ашатын негізгі сөздерді, сөз тіркестерін, т.б. бөліп көрсетуге тапсырма беру;

-мәтінді оқып шығып, ерекше көрсетілген сөздерге назар аударыңыздарту;

-мәтіндегі қамтылатын негізгі мәселелерді анықтату;

- мәтінде не туралы айтылғандығын 2-3 атаулы сөйлем арқылы бергізу.

Оқу материалын меңгеру бірінші кезекте оны оқып, түсінуден басталады. Егер де қиындық туғызатын болса, онда:

- таныс емес сөздерді табу мақсатында оқып отырған мәтінді қарап шығу: білім алушыға аз уақыт ішінде (3 бетке- 1 минут) таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін, ұғымдар мен терминдерді табу тапсырылады. Мұнан кейін олар өз жұбымен сөздердің мағынасы туралы пікір алмаса алады. Егер мағынасы табылмаса, топ болып талқылайды. Бүкіл топ таба алмаса, оқытушы өзі айтып беруі тиіс;

- мәтіннің мазмұнын меңгеру үшін алғашқы жасалатын қадам – көз жүгіртіп оқу. Сосын кілтті (маңызды) сөйлемдерді белгілейді. Әдетте ол әр абзац басындағы сөйлемдер болып келеді. Негізгі идеяны топ болып талқылайды;

-оқылым әдетте миға шабуыл немесе ой шабуылынан басталуы керек. Ол үшін «мәтінде не туралы айтылуы мүмкін деп ойлайсыңдар» деген сияқты сұрақтардан басталуы тиіс;

- мәтін бойынша миға шабуылдың тағы бір түрі білім алушылардың өздеріне болжам сұрақтарын құрастыртуға болады. Мәтін оқылып болған соң сол сұрақтарға жауап тапқан, таппағандарын тексеруге болады;

Жады үзінді түрінде жұмыс жасайды - нәтижесінде оқылған мәтіннің 85% ұмытылып қалады. Бірақ, есте сақталатын ақпарат көлемін ұлғайтудың бірнеше жолы бар. Ол үшін белсенді оқу тәсілін қолдану керек -белгілер қою, қызықты немесе пайдалы үзінділерді көрсету, болашақта тереңірек ақпарат іздеу үшін сұрақтар құрастыру. Кітап бетіне қарындашпен белгі қойып, оқығаннан кейін пікір немесе қысқаша мазмұнын жазса, мәтінді меңгеруде көп көмегін тигізеді, ал ең құнды ақпарат үнемі қолжетімді болады. Тиімді және белсенді әдістер мәтінді меңгеруге ықпал етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады

1. Мәтін және оның түрлері.

Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.

Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.

1. Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.

2. Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.

3. Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.

Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады. Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер. Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндермонологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жердесөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызшамәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.

Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.

1.Мәтін оқушыға білім береді.

2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.

3.Мәтін оқушының ойын дамытады.

4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.

5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.

Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.

«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:

1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.

3. Шығарманы оқу.

4. Шығарманың жоспарын жасау.

5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар:

* Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу.

Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.

* Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу.

Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін, сіз күтпеген ақылды ойларын таңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін.

* Өзіңнің жеке ойыңды айтпау.

Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады.

* Талқылауды мәтінге жақын ұстау.

Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл бөлмеу).

Сонымен, аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды. Барлық жұмыс түрлері тілдік материалмен салаларды тізбектеп оқыта берумен емес, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалды танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен де ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жоғары. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жоғары. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде. Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек». Өз пікірін айта алатын, өз көзқара-сын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына сенімдімін. Қорыта айтқанда, аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін, айтылым дағдыларын дамытуға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Әр сабағымның оқушы көңілінен шығатындай мазмұнды, жүйелі болуы – әдіс-тәсілдердің тиімділгінде деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

-Д.Х. Кушмурзина, К.Б. Шинбулатова. – Қостанай: Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің баспасы, 2018. – 152 б.

-С. Симбаева.– Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспаханасы, - 2019.- 133 б.

-Научно-методический журнал «Педагогическая наука и практика» (до 2018 г. — «Вестник Өрлеу-kst»). номер 1 (43) Утралинова Г.С., «Қазақ тілі сабағында айтылым дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
99
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі