Материалдар / Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарламаның мақсаты- оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне біліп олардың түйініне ой жүгірте білуге, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға, пайдалана білуге баулу. Авторлық бағдарламаның міндеттері: -оқылым стратегияларын, оқу функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; -мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту; шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау; -тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру; -ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2023
1431
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Амирбаева Қымбат Сериккалиевна

Базилбаева Кундыз Мухаметкановна

Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы

ӘОЖ 373

КБК 74.268

М 30

Құрастырушы автор: Амирбаева Қымбат Сериккалиевна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Базилбаева Кундыз Мухаметкановна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір жазған:

Абай ат.ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,

Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры,

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі -А.Ш.Орақова

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2022ж «22» желтоқсан № 625 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған.

«Мәтінмен жұмыс жасау методологиясы» : /авт.бағдарл., /әд.нұсқ./

ISBN 978-601-02-0933-8

Түсінік хат

Жаңартылған білім стандарты мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі функциялары төрт дағды бойынша, яғни (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) оқытылу негізделген. Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей білім беру стандарты ережелері бағдарламасына сай коммуникативтік оқу-әрекеттері мен білім, білік дағдыларды іске асыру мақсатында оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалынып ұсынылған. Сонымен қатар, әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отыратындығын ескере, ұсынылып отырған бағдарлама «спиральді оқыту» әдісі негізінде мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін шыңдау мақсатында құрылған.

Мектеп табалдырығында дамып, талпынып келе жатқан баланы ерте жастан, яғни бастауыштан бастап оқуға машықтандырып, кітапханаға барып тұруына, функционалдық сауаттылығын арттырып, қлыптастыруына ықпал жасамаса қоғамда «сауатсыздық» нышаны орын алатыны сөзсіз. Ғалымдардың айтуы бойынша 8-сыныптан бастап оқушылардың 60% -ы өз бетімен оқу мен жазуға деген құлшынысты жоғалтады. Түлектердің үштен бірі де мүлде оқығысы келмейтіні дәлелденген. Сонымен қатар, ресми деректерге сүйенсек, мектеп оқушыларының 40% -ы көркем мәтінді түсінуде қиналады. Олар мектепте білім алғанымен, қызметке келгенде жазудың негіздерін білмейтіндіктерін көрсетті, тіпті әртүрлі жағдайларда кездескен формаларды (бланкаларды) толтыра алмай кейбір ақпараттардың мәтіннің мазмұн мағынасын түсінбейді. Жалпы, барлық зерттеушілердің пікірі бойынша сауаттылықтың төмендеуі адамдардың тиісті білім алмауынан, жан-жақты оқытпауынан, оқуға үйретпеуінен болады. Осыған орай, қазіргі кезде функционалдық сауатсыздықпен күресу лингвистердің міндеттерінің бірі болып табылады. Президенттің айтуынша, «білім беру тек оқытумен шектеліп қалмай, керісінше, әлеуметтік бейімделу процесіне бейімделуі керек». Айтылған өзекті проблемалық мәселелерді сараптай келе оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым коммуникативтік дағды-біліктерін қалыптастыру, шыңдау қазақ тілі пінңне деген қызығушылығы мен шыармашылық қабілеттерін арттыр мақсатында мұғалімдерге және оқушыларға қосымша қажетті әдістемелік құрал ретінде аталған авторлық бағдарламаны ұсынып отырмын.

Пәнаралық байланыс:бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға,сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді, ұлтжандылыққа, ана тілін жетік меңгеріп құрметтеуге негіздейді.

Авторлық бағдарламаның өзектілігі: оқу сaуaттылығы -оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі секілді қабілеттерін ашады. Оқушылардың бойында білім-білік дағдылары мәтінді оқу, aқпaрaтты қaбылдaу, мәтін ішінен іс-әрекетті белгілеу, ақпaрaттaн түйінді ойды жинaқтaу мәтіннің мaзмұнын бaғaлaу арқылы сауаттылық деңгейі артады;

Авторлық бағдарламаның мақсаты- оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне біліп олардың түйініне ой жүгірте білуге, мәтін мазмұнын өзіндік пайымдау жасауға, пайдалана білуге баулу.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

-оқылым стратегияларын, оқу функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

-мәтіндерге өз тұжырымын жасай отырып, белсенділік таныту;

шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алуға даярлау;

-тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін

құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру;

-ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға даярлау.

Күтілетін нәтиже:

-мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтай алады;

-коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді орынды қолданады;

-диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

-оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) сауатты қолданады;

-оқылым және тыңдалым дағдылары бойынша мәтіннің мазмұнын түсінеді, практикада қолдана алады;

-ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптасады.

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының 8-сыныптарына арналған «Оқу сауаттылығын арттыру» атты арнайы курс бағдарламасы оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ет барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде ) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.

Нормативті бөлім

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Нормативті бөлім

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім нәтижесі

Барлығы

Теория

Практика

1

Дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін

- сұрау және түрлі көңіл күйді білдіру мақсатында баяу және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша тиісінше іс-әрекет жасау

- тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/мәтін құрастыру

- мұғалімнің қолдауымен заттың немесе іс-қимылдың дыбысын анықтап, сөйлем мен мәтін айырмашылығын анықтау

1

1

Барлық оқушылар: Сұрақты түсінеді,толық жауап бере алады.

Оқушылардың басым көпшілігі: Тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:Сабақта үйренген материалдарды пайдаланып сөздік қорларын байыта алады.

2-3

Мәтін туралы пікірлер

- сұрау және түрлі көңіл күйді білдіру мақсатында айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша тиісінше іс-әрекет жасау

- тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/мәтін құрастыру

- мұғалімнің қолдауымен мәтін ұғымдарымен жұмыс жасау.

2

1

1

Барлық оқушылар: Сұрақты түсінеді,толық жауап бере алады.

Оқушылардың басым көпшілігі: Тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:Сабақта үйренген материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

4

Кеңейтілген және ықшамдалған мәтіндер (тезис, аннотация, презентация, конспект, кесте, схема, тезис)

- сұрау және жауап алу мақсатында баяу және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша тиісінше іс-әрекет жасау

- тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер/мәтін құрастыру

- мұғалімнің қолдауымен мәтін туралы ақпараттармен бөлісу

2

1

1

Барлық оқушылар: Сұрақты түсінеді,толық жауап бере алады.

Оқушылардың басым көпшілігі: Тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:Сабақта үйренген материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

5

Мәтіннің құрылымдық сипаттары (сөйлем, абзац)

6

Мәтіннің түрлері

7

Әңгімелеу мәтіні

8

Сипаттау мәтіні

9-10

Пайымдау мәтіні

- сұрау және жауап алу мақсатында баяу және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша тиісінше іс-әрекет жасау

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!