Материалдар / Мәтінмен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс – тәсілдер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәтінмен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс – тәсілдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.
Авторы:
22 Наурыз 2024
415
13 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ишкимбаева Айнагуль Зарлыковна

Астана қаласы № 79 мектеп-лицей

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

педагог – сарапшы



Мәтінмен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс – тәсілдер.

Аннотация

Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екендігі анық. Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында оқушыларымыз үшін түрлі ғылым саласын жай ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білу – аса маңызды іс.

Кілттік сөздер: мәтінмен жұмыс жасау, дағды, шығармашылық тапсырмалар, оқыту мен оқу үдерісі, белсенді әдістер.

Annotation

The modern demand is to educate a well-rounded, functionally competent person. For this, changes are being made in teaching methods. First, training a citizen who learns a language, thinks in that language, and speaks in that language is the main goal. It is clear that learning a language is not an easy task. In today's era of continuous changes and new technologies, it is not enough for our students to simply know various fields of science. In the era of globalization, it is very important to be educated and to use your knowledge effectively in life, to be able to identify the problems and find ways to solve them.

Key words: working with text, skills, creative tasks, teaching and learning process, active methods.

Аннотация

Современная потребность – воспитать всесторонне развитую, функционально компетентную личность. Для этого вносятся изменения в методику обучения. Во-первых, главной целью является обучение гражданина, который изучает язык, думает на этом языке и говорит на этом языке. Понятно, что изучение языка – задача непростая. В сегодняшнюю эпоху непрерывных изменений и новых технологий нашим учпщимся недостаточно просто знать различные области науки. В эпоху глобализации очень важно быть образованным и эффективно использовать свои знания в жизни, уметь выявлять проблемы и находить пути их решения.

Ключевые слова: работа с текстом, навыки, творческие задачи, процесс преподавания и обучения, активные методы.

Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен еркін сөйлеуге үйрету немесе өз ойын ашық, анық жеткізе білу дағдысын қалыптастыру мақсаттарын көздейтіндіктен, тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ. Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.

Осыған байланысты елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде жан-жақты дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор.

Мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың ақпаратқа көзқарасымен, ақпараттың нысандылығымен  танылатын болса, шығармашылық – тұлғаның стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті. Мектеп оқушыларының жаңартылған білім беру жағдайында күнделікті білім алу, пәндер бойынша жиынтық бағалау жұмыстарында, қорытынды аттестаттау емтихандары мен сыртқы және тәуелсіз бағалау сынақтарында берілген мәтіндегі ақпаратты табу біліктілігін арттыру  үшін  мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытудың бүгінгі күні маңызы зор.

Оқушы тапсырманы орындау барысында мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды және т.б. анықтау) табу, ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіруді меңгеруі қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс жасаудың мақсаты – мәтіннің тілдік-құрылымдық, стильдік жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.

Білім алушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы шығармашылық ізденістерін, өзіндік ой-пікірлерін жетілдіру, игерілген ақпарат арқылы сыни ойлауы мен метатанымдық қабілеттерін арттыру. Мәтінмен жұмыс жүргізуде теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, мәтіннің және шығармашылықтың өзіндік заңдылықтарын сауатты қолдануға негізделген ауызша, жазбаша жұмыстар, теориялық ұғымдар негізінде мәтін мен шығармашылық бойынша түрлі деңгейдегі тапсырмалармен шығармашылық, ізденушілік бағыттағы өзіндік зерттеу жұмыстары.

Мәтін мазмұнын жан-жақты ашуда белсенді әдістер арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, тақырыптар бойынша тілдік және мәтіндік талдау, сыни тұрғыдан ойлануға байланысты жағдаяттық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар берілсе, оқушылардың өзіндік ізденісін де арттыруға мүмкіндік туады. Мәтінмен жұмыс жасау барысында тілдік (әңгіме, дәріс, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту), көрнекілік (танымдық, зерттеушілік, сюжеттік, деректі фильмдер, көрсету, презентация).

Практикалық (жаттығулар, тапсырмалар, графикалық органайзерлер, шығармашылық жұмыстар, ақпараттық ізденістер), репродуктивтік, проблемалық-ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары сияқты әдістерді кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу-тәрбие үдерісінде жоғарыда ұсынылғандай жұмыстар жүргізілгенде білім алушылардан мынадай нәтижелер күтуге болады: мәтінге қатысты құрылымдық сипаттарды, ерекшеліктерді, лингвистикалық терминдерді меңгереді; мәтін түрлері мен шығармашылық жұмыстардың түрлерін ажырата алады, құрылымдық ерекшелігіне сәйкес қолдана біледі.

Түрлі жанрдағы, тақырыптағы, типтегі мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіру, салыстыру, бағалау, түрлендіру жұмыстарын жүргізе алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың, сөздердің мағыналық топтарының мәнін анықтай алады; оқудың түрлі стратегияларын пайдаланып, мәтінге ақпараттық ізденіс жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; шығармашылық жұмыстарды жанрлық және стилистикалық ерекшеліктеріне сәйкес орындай алады.

Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Оқыту мен оқу үдерісінде білім алушы теориялық, танымдық ақпаратты мәтін арқылы алады, ал алынған ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы шығармашылық әрекетпен өмірде қолданады.

Түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды жинақтау арқылы өзінің ойын, көзқарасын, пікірін түрлі стильде, жанрда ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады. Оқушыларымен қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс жасау және олардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, оқу жетістіктерінің оң нәтижесін қамтамасыз ету барысында мәтінмен және шығармашылықпен жұмыс жасаудың бүгінгі күні тигізер пайдасы мол деп айтуға болады.

Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.

2. Сөздіктермен жұмыс.

3. Сөздік қорларын жетілдіру.

4. Тіл дамыту.

5. Ережемен жұмыс

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі үлкен.

1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.

2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.

3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.

4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды үйрету керек.

5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.

Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек. Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар

1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.

2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.

3) араласып немесе кезектеп оқу.

4) буынға бөліп оқу.

5) мәнерлеп оқу.

6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білімқуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету жұмыстарын орындау дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана, тіл үйрету сабақтарының мақсаты шешілері сөзсіз.










Пайдаланған әдебиеттер


1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

2. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

4. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

5. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту», 2001

6. Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!