Бекітемін
|
Күні:12.04 |
Мектеп: мұғалім: |
|
Сабақ тақырыбы |
Мазмұндама: |
|
Осы сабақта қол жеткізетіноқу мақсаттары |
Оқушылардың жазбаша тілін дамыту, шығарма жазуға дайындау, оқушылар өзі естіген материалды жазбаша жазуға машықьтандыру |
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді жаза алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндердің мазмұнын сақтап жаза алады.Кейбір оқушылар орындай алады:стильдік, тілдік нормадан қате жібермейді |
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар жазба тілдік дамыту |
|
Сабақ түрі |
Жазба сабақ |
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәтін мазмұны бойынша оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу,оларды насихаттау жұмыстарына тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
Жоспар
|
Уақыт |
Жоспар бойынша орындалатын іс әрекет |
дереккөз |
|
Сабақ басы |
Ұйымдастыру |
|
|
Сабақ ортасы |
Мазмұндаманы оқып беру Тақырыбы: Мәдинаның атасы Мәдина мен Әсел мектептен үйге бірге оралды. Емхананың жанында Мәдинаның көрші ауылда тұратын атасы жүр екен. Атасын көре салысымен, Мәдина аяғын жылдам басып, еркелей сәлем берді. Құрбысы Әсел де қолын ұсынып, амандасты. – О, менің жақсы қызым. Айналайын, Мәдинажан, – деп атасы немересінің маңдайынан мейірлене иіскелеп, сүйді. Мәдина атасының жылы-жылы сөйлегеніне жаны жайдарыланып, жүзі бал-бұл жанды. – Айналайын, бақытты бол, – деп атасы Әселдің де маңдайынан сүйді. Мәдинаның атасы өзін танымаса да бауырына тартып, маңдайынан иіскегеніне Әсел алғашқыда таң қалды. – Мәдина қызым, құрбың тәрбие алған, көргенді жерден екен, – деп атасы Әселге қарады. – Үлкенге сәлем берген кем болмайды. Қайта алғысын алады. Рақмет, қызым. Мәдинаның атасы Әсел екеуін үлкен жолдан өткізіп, емханаға қайта бұрылды. – Енді бара беріңдер. Мен дәрігерлерге көрінейін. Ауа райынан ба аяғым екі–үш күннен бері жер бастырмай жүр, – деп қоштасты. – Мәдина, атаң жақсы екен. Мені танымаса да, бетімнен сүйді, – деп Әсел бала мінезбен, өз ойын ашық айтты. – Менің атам адамдардың бәрін де жақсы көреді. «Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы», – деп үнемі айтып отырады.Мәдина мен Әсел емхана жаққа көз салды.Емхана алдында ақ халат киген екі дәрігер Мәдинаның атасын қолтығынан демеп, ішке қарай кіргізіп барады. – Құрметке ие ақсақал екендігіне көзі жеткен Әсел ынты-шынтымен Мәдинаның атасына қызыға қарап қалды.(200 сөз) Мазмұндау жоспары: Мәдина мен Әсел. Мәдинаның атасы. Атаның мейірі. Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы. |
Оқушылар мұғалім оқып бергенннен кейін түсінгені дәптерге жазады |
|
Cабақтың соңы |
Мазмұндаманы аяқтап, дәптерді жинау |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мазмұндама "Мадинаның атасы" 6-сынып
Мазмұндама "Мадинаның атасы" 6-сынып
Бекітемін
|
Күні:12.04 |
Мектеп: мұғалім: |
|
Сабақ тақырыбы |
Мазмұндама: |
|
Осы сабақта қол жеткізетіноқу мақсаттары |
Оқушылардың жазбаша тілін дамыту, шығарма жазуға дайындау, оқушылар өзі естіген материалды жазбаша жазуға машықьтандыру |
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді жаза алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндердің мазмұнын сақтап жаза алады.Кейбір оқушылар орындай алады:стильдік, тілдік нормадан қате жібермейді |
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар жазба тілдік дамыту |
|
Сабақ түрі |
Жазба сабақ |
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәтін мазмұны бойынша оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу,оларды насихаттау жұмыстарына тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет |
Жоспар
|
Уақыт |
Жоспар бойынша орындалатын іс әрекет |
дереккөз |
|
Сабақ басы |
Ұйымдастыру |
|
|
Сабақ ортасы |
Мазмұндаманы оқып беру Тақырыбы: Мәдинаның атасы Мәдина мен Әсел мектептен үйге бірге оралды. Емхананың жанында Мәдинаның көрші ауылда тұратын атасы жүр екен. Атасын көре салысымен, Мәдина аяғын жылдам басып, еркелей сәлем берді. Құрбысы Әсел де қолын ұсынып, амандасты. – О, менің жақсы қызым. Айналайын, Мәдинажан, – деп атасы немересінің маңдайынан мейірлене иіскелеп, сүйді. Мәдина атасының жылы-жылы сөйлегеніне жаны жайдарыланып, жүзі бал-бұл жанды. – Айналайын, бақытты бол, – деп атасы Әселдің де маңдайынан сүйді. Мәдинаның атасы өзін танымаса да бауырына тартып, маңдайынан иіскегеніне Әсел алғашқыда таң қалды. – Мәдина қызым, құрбың тәрбие алған, көргенді жерден екен, – деп атасы Әселге қарады. – Үлкенге сәлем берген кем болмайды. Қайта алғысын алады. Рақмет, қызым. Мәдинаның атасы Әсел екеуін үлкен жолдан өткізіп, емханаға қайта бұрылды. – Енді бара беріңдер. Мен дәрігерлерге көрінейін. Ауа райынан ба аяғым екі–үш күннен бері жер бастырмай жүр, – деп қоштасты. – Мәдина, атаң жақсы екен. Мені танымаса да, бетімнен сүйді, – деп Әсел бала мінезбен, өз ойын ашық айтты. – Менің атам адамдардың бәрін де жақсы көреді. «Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы», – деп үнемі айтып отырады.Мәдина мен Әсел емхана жаққа көз салды.Емхана алдында ақ халат киген екі дәрігер Мәдинаның атасын қолтығынан демеп, ішке қарай кіргізіп барады. – Құрметке ие ақсақал екендігіне көзі жеткен Әсел ынты-шынтымен Мәдинаның атасына қызыға қарап қалды.(200 сөз) Мазмұндау жоспары: Мәдина мен Әсел. Мәдинаның атасы. Атаның мейірі. Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы. |
Оқушылар мұғалім оқып бергенннен кейін түсінгені дәптерге жазады |
|
Cабақтың соңы |
Мазмұндаманы аяқтап, дәптерді жинау |
|
шағым қалдыра аласыз













