Материалдар / М.Байғұт "Жоғалған жұрнақ"әңгімесіне көрініс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Байғұт "Жоғалған жұрнақ"әңгімесіне көрініс

Материал туралы қысқаша түсінік
Текемет кенті. (Сынып іші.Оқушылар сабақ үстінде) Қазақ тілі мен әдебиетінен сабағы. Қонақбай ағай сабақ түсіндіру де) Нұрмахан:(Қонақбай ағай): -Ал,балалар!Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Жұрнақ пен Жалғау. (Оқушылар дәптеріне тақырыпты жаза бастайды)
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Байғұт «Жоғалған жұрнақ» әңгімесі


Рөл сомдайтындар :

Қонақбай ағай:Нұрмахан

Оқушылар:Лейла.Арай ,Диас.Ермек

Жұрнақ : Нұрдаулет

Сағындыков мектеп директоры: Жасұлан

Сағыныш апай:Нұрай

Ауыл адамдары:

Нұрбақыт.Хайдар,Бекарыс,Арай;Салтанат;Албина

Аруана;Мадина.

Балалар:Алихан,Абзал,Темирлан

Инспектор:Онур


«Желтоқсан желі»әні





















1-эпизод


Текемет кенті.

(Сынып іші.Оқушылар сабақ үстінде) Қазақ тілі мен әдебиетінен сабағы. Қонақбай ағай сабақ түсіндіру де)

Нұрмахан:(Қонақбай ағай):

-Ал,балалар!Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Жұрнақ пен Жалғау.

(Оқушылар дәптеріне тақырыпты жаза бастайды).

(слайд) «Желтоқсан оқиғасы»жайында хабар естіледі.

(Нұрмахан:(Қонақбай ағай) ары-бері жүріп,құлайды.Бетіне ақ мата жабылады).

Ауыл адамдары: Қонақбай ағайдың жалғыз ұлы Жұрнақ көке Мәскеудегі аса ірі, атақты оқу орнына түскен және оны қызыл дипломмен бітіруіне бес-алты ай қалған мақтанышымыз болады.

Ауыл адамдары:Текемет кентінен тауарлы пойызға мініп кетіп, ешкімге айтпастан, Мәскеуіңіздің өзінен бір-ақ шыққан. Жүздеген мың талапкерден біреуінің қолы бәлкім жетіп, бәлкім жетпес өзгеше оқуға өз күшімен түсіп, алты жылдан астам уақыт оқып, Алматыдағы сүйген қызына келген екен. Ауыл адамдары: Әйтеуір Жұрнақ Қонақбайұлы сынды мәскеулік студенттің де “бүлікшілерді” бастаушылардың бірі екенін естідік. (Текемет кентінде, Қазығұрт тауының бір бүйіріндегі кеңшар орталығында сыбыр мен күбір көбейді)

Ауыл адамдары:Жұрнақ жынданып кетіпті.Жұрнақ бүлікші (шуылдайды)









2-эпизод.

(Жұрнақ ауылға келеді.Ауыл адамдары қарсы алады )

Біреулері айналып-толғанып, арқасынан қағып жатты. Екіншілері әкесіне көңіл айтуды да ұмытпады.

Жұрнақ көке дөрекілеу кейіпте ыржалаңдап күлген секілденді. Сәлем берушілер сәл-пәл состиыңқырап, шошыңқырап, шегіншектеңкіреп, шеттеңкіреп тұрысты

мектеп директоры( Сағындыков)Жасұлан:

Жұрнақ, айналайын, асылдың сынығысың ғой сен! — деді


Нурай (анасы оның басын иіп, бетінен сүйіп):

Келген қадамың құтты болсын, жарығым. Сәтін салса, жазылып кетерсің, шырағым...

(Біраз-біраз кісілер көздерін сүртісті. Соншама жұрттың ішінен Сағындықовтың шешесі ғана Жұрнақ көкенің бетінен сүйген еді)

-Жүріңдер үйге Жұрнақжанның құпметіне шай ішейік жүріңдер.



(Барлығы шығып кетеді)





























3-эпизод:

Жынды Жұрнақ: Е-е, балдар-е! Е-е, балдар-е! Бір сом! Бір сом беріңдерші-е! — деп келе жатып , жалыныпалбарынады.

(Айқұмырсқа аулының балалары қоршап алысады)

Балалар:

Жынды-жынды, есекке мінді, — деседі.

Ойбай, мұның есегі де жоқ қой, ең ақыры, — деседі.

Өзі есек қой мұның.

Үйі де жоқ, — деседі.

Қонақбай ағайдың үйін ӛзбектер сатып алған ғой, әйтпесе сонда тұруына болатын еді, — деседі қыздар жағы сәл мейірленген кейіп көрсетіп.

Жынды Жұрнақ — ебелек, сен жындыға не керек? — деп сұрайды және бір оқушы.

Е-е, балдар-е! Е-е, балдар-е! Бір сом беріңдерші-е! — дейді ол.

Әй, жынды! — деседі Айқұмырсқа аулының балалары.

Мына сөмкелердің бәрін саған артамыз, ауылға дейін апарасың. Бір сомды содан кейін аласың. Мақұл ма?

Анадағыдай алдайсыңдар ғой, е-е, балдар-е! — дейді Жұрнақ.

Жынды Жұрнақ! Қап-қара тырнақ! — деп мазақтайды шолжаңдаған шіркіндер.

(Сөмкелерін арқалап шығып кетеді)

















1

4-эпизод

Жынды Жұрнақ жерді шұқылап-шұқылап отырыпты да, ыржалаңдап кеп күліпті. Аһылай күрсініп, уһілей түңілген директордың шешесі:

Нурай:

Жұрнақ, айтшы айналайын. Ең бомағанда бір адамды да білмейсің бе? Мына мені де танымайсың ба? — депті.

Жұрнақ:

Жоқ, сізді танымаймын, бірақ бетімнен сүйгеніңізді білем ғой, неге білмеймін, — депті.

(Нұрай): Ана байқұс ал кеп еңіресін-ай сонда:

Мектептен дедіңіз бе, апа? — депті жынды Жұрнақ содан соң жер шұқылаған күйі.

Мектептен кімдерді танисың деп сұрадыңыз ба жаңа? Менен? Мына менен? мектеп директорының шешесі:

Иә-иә! — деп айқай салыпты.. — Айтшы-айтшы, кімдерді білесің, айналайын жарығым? Жұрнағым?!

Жұрнақ:

Са-Сағыныш апайды танимын. Са-Сағындықов ағайды білемін... Болды... Басқа бір де бір адамды білмеймін, апа. Ренжімеңіз...

Көзінің жасы көл болып, ебіл-дебілі шыққан ана: Нурай

Айналайып кетейін Жұрнағым-ау, сол Сағындықов деген мектеп директоры менің балам ғой! Мені неге танымайсың? Ол — менің ұлым, — дейді.

Жұрнақ:

Ой, апа! Кімнің баласы кім екенін, кімнің шешесі кім екенін, кімнің әкесі кім екенін мен қайдам білейін. Басымды қатырмаңыз, — деп, орнынан тұрып кетіпті жынды Жұрнақ.


(Өзі түнейтін, тұрақты мекен ететін Қамбар ата әулиеге қарай аяңдайды. Артынан мектеп директорының шешесі біразға дейін ілесіп, бірталай әңгіме айтып үлгермекке тырысқан)

Нурай:

Айналайын Жұрнақ-оу, — дейді кейуана көп-көп нәрселерді Жұрнақтың жадына түсіріп, ойына оралтпақ мақсатпен.

Нурай:

Сен осы ан-а-а-ау.Айқұмырсқа ауылында туғаныңды білесің бе? Қонақбай деген әкеңді білесің бе? Адамның адамы сол еді ғой, айналай-ен. Бейшараның жалғыздығы ғана жазығытұғын. Жалпы, оның арғы аталарынан қалған мұңды мұра жалғыздық екен. Қонақбай бейшараның әкесі де, әкесінің әкесі де, әкесінің әкесінің әкесі дағы жалғыз бопты, Жұрнақжа-а-а-ан.

(Осы тұста жынды Жұрнақ кенет кідіріп, кілт тоқтасын да, жөнделіп жатқан мешіт маңындағы жұмсақ топырақтан бір ұшы көрініп жатқан темір таяқты 2.суырып кеп алсын.. Ары да қарасын, бері де қарасын. Қарап-қарап тұрсын-дағы, айқайға бассын-ай кеп-кеп).

Жұрнақ:

А-а-а-а-а-а! —

Апа-а-а-а-а! — деп, мектеп директорының шешесіне қарай тұра ұмтылсын.

(Бес-алты адымдап ауыл адамдары жетеді)

Мектеп директоры:Жасұлан

Мұнда неғып жүрсіз, мама? — дейді директор Сағындықов не айтарын ажырата алмастан, не күлерін, не жыларын білместен. — Не болды сізге? Неғып жығылып жүрсіз? Әлде...

(Сағындықов жынды Жұрнақ жаққа қарай беріп, көзін тайдырып әкетіпті).

Хайдар:

Адам шошырлықтай айқаймен апаға қарай, ұрайын деп ұмтылғанын өз көзімізбен көрдік.

Нұрбақыт:

Ұстап қалдық қой, әйтеуір,.

Мадина:

Қолындағысы анау жатыр, — (дейді үшіншісі кеспелтек темірді иегімен нұсқап көрсетеді).

Майор:Онур

Алып кетеміз, ауданға табыс етеміз, (Жұрнақ жаққа жұлқиды).

Аруана:

-Сөйтіңіздер .

Ортаға директордың шешесі шығады: Нурай

Қойыңдар! — дейді бұйрық райлы сөйлеуге мәжбүрленіп, өз ұлына бір, өзгелерге бір-бір қарап. Жұрнақ екеуміз әңгімелесіп келе жатыр едік ғайыптан құлап қалдым. Ол бала мені ұрған жоқ, соққан жоқ. Не себептен алып кетесіңдер?!

Мектеп директоры:Жасұлан

Мына мешітті қалпына келтіріп жүргендер айтып тұр ғой, апа,

Нурай (жылап қоя береді):

Мен де айтып тұрмын, Жұрнақжан тырнағын да тигізген жоқ, айқай-ұйқайын да естімедң ғой бәрің. Таниды екен ол. Менің баламды таниды, анау ән-күй сабағынан беретін Сағыныш деген апайын да таниды екен. Сұраңдаршы қанеки, байлауын шешіп...

Нұрбақыт:

Шешіп жіберіп, өкініп жүрмейміз бе? — дейді мешітті қалпына келтірушілердің бірі. — Бой бермей, қашып кетіп, масқарамыз шықпасын.

Майор:Онур

Жарайды, шешіңдерші, апай айтып тұр ғой,

(Жынды Жұрнақтың аяқ-қолы шешіледі. Аузы-мұрнының қанын сүртіп, анадай жерде жатқан арматура таяққа тұра ұмтылады. Майор мырза бастап, қалғандары қостап, бәрі жабылып ұстай алысады)


3.

Ермек:

Айтпадық па?! Айттық қой!

Нурай:

Бәрің бірдей жабылмай-ақ, екеу-үшеуің ұстасаңдар да жетеді ғой,-( жынды Жұрнақтың алдына жасқанбай жетіп, жиіркенбей бет-аузын сүртіп). — Айналайын жарығым, Жұрнағым, айтшы қане? Осы тұрғандардан кімді танисың?

(Жынды Жұрнақ тұманытқан жанарын жұртқа аударып, біраз қадала қарайды да: Жұрнақ

Сағындықов ағайды білем, — дейді, аузының қанын сүртіп.

Нурай:

Ол қайсысы, жарығым? — дейді директордың шешесі. — Қай жерде тұр?

Жұрнақ:

Қара өріктің түбінде тұр ғой Сағындықов ағай,





Нурай:

Тағы кімді танисың, Жұрнақжан? — дейді.

Жұрнақ:

Сағыныш апайды білем, бірақ ол кісі көрінбейді мұнда,

Майор:Онур

Басқа ешкімді білмейсің бе?

Жұрнақ:

Білем,

Майор:Онур

Кімді?

Жұрнақ:

Анау арматураны!

Жасұлан мектеп директоры:

Тоқта! Неге жұлқынасың сен? Арматураға неге ашуландың, Жұрнақ?!

(Сол сәтте жынды Жұрнақ еңірей жылап қоя береді)

Жұрнақ:

Ағатай-ай! Ағатай-ай! ( егілген жынды Жұрнақ етпеттей жығылып, жерді тоқпақтайды. — Сағындықов ағай-ай, анау арматура таяқты әперіңізші маған-н-н-н..

Жасұлан мектеп директоры:

Әперіңдер!

Майор:Онур

Ойбай, қойыңыз! Желтоқсаншыларды баяғыда мына біз сияқтылар да қуғындаған, маған тиісіп жүрмегей!

Жасұлан мектеп директоры:

Қорыққандарың аулақ кетіңдер!

(Жынды Жұрнақ арматура темірдің кесіндісін қос қолдап ұстаған күйі)Жұрнақ:

А-а-а-а-а-а! — деп айқай салады..

4

5. Нурай (ана ): жылайды.

Е-е-е, сорлы балам-ай, Мәскеуден Алматыға іздеп келген, сүйген қызының аты Алма екен деуші еді, ып-ырас екен дә-ә-ә-ә-ә, — деген бармағын тістеп.

Жасұлан мектеп директоры:

Бәрі түсінікті болды, бұ Жұрнақ ешкімге тиіспейді, қорықпаңдар, жүре берсін, Байқадық. Естідік. Көрдік. Тарқайық.Апа сізде үйге жүріңіз. (түгел шығып кетеді)

(күй орындалады )

(Өзімен-өзі боп, өзіне-өзі сөйлеп)

Жұрнақ:--- «Сол. Сол. Сол ғой, сол. Сол арматура... Менің басыма тиген... Алмаға тиген... А-а-а-а-а... Іштен тепті... Іштен тепті... А-а-а-а-а... Алманы... Ішінен тепті... Етпетінен жатқызды... Қыздардың бәрін... А-а-а-а-а... Етпетінен... Тұрғызбай қойды... А-а-а-а-а... Етпеттеген қыздар-ай... А-а-а-а-а... Шашы жұлынған Алматай... А-а-а-а-а... Арматура-а-а-а! — деп жүрді. Деді де жүрді. Деуден шаршамады. — Алма-а-а-та-а-ай...»

(Сахнадан шығып,етегін тасқа толтырып кіреді)

Жұрнақ: «Сол. Сол. Сол ғой, сол. Сол арматура... Менің басыма тиген... Алмаға тиген... А-а-а-а-а... Іштен тепті... Іштен тепті... А-а-а-а-а... Алманы... Ішінен тепті... Етпетінен жатқызды... Қыздардың бәрін... А-а-а-а-а... Етпетінен... Тұрғызбай қойды... А-а-а-а-а... Етпеттеген қыздар-ай... А-а-а-а-а... Шашы жұлынған Алматай... А-а-а-а Етегіне тас салып,Қамбар ата кесенесінің жанында қайтыс болады -а... Арматура-а-а-а!

Слайд Қамбар ата кесенесі)

(Етегіне тас салып,Қамбар ата кесенесінің жанында отырады).

(Видео көрсету)

(Етегіне тас салып,Қамбар ата кесенесінің жанында қайтыс болады. Қатыпты да қапты. Тізерлеп отырып, қолдары сәл бүгілген күйінде... Тас төгіп отырып... Шапанының етегінен. Қатқан да қалған... Жұрнақ жымиып отыр екен десті. Жаман тұмағы жерде жатыр екен десті. Тастың жартысы жерде, жартысы етегінде екен десті).













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!