400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы 7-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы 7-сабақ. Осы тақырыпта барлық сабақтар тізбегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Махаббат пен абырой

Мектеп: Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жамал мен Ғали әділетсіз қоғамның құрбандары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: Шығармадағы автордың ойын білдіретін жолдарды табу, рухани құндылықтарды анықтау.

Көпшілігі: Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтау, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру.

Кейбір оқушылар: автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Қызығушылықты ояту.

Ширату. «Конверттегі сұрақ» тәсілі

1. Жамалдың  бақытсыздығына, ажалына кім кінәлі, жағдайды өзгерту мүмкін бе еді? Сендер қандай шешім ұсынар едіңдер?

2. Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуы тиіс. Неліктен Жамал мен Ғали бақытты бола алмады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

3. Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерге өз көзқарастарыңды білдіріңдер.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушы назары сабаққа аударылады.

Оқушылар «Конверттегі сұрақ» тәсілімен сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалаулар

8-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы




Сабақтың ортасы

Мағынаны тану.

Шығармадағы автор бейнесін анықтау.«Балық қаңқасы» тәсілі арқылы берілген тақырыпың қалағанын таңдап, шығарма мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты себептер мен дәлелдемелер тауып қорғайды.

Автор – оптимист.

Автор – реалист.

Автор – патриот (елжанды).

Дескриптор:

  • Тақырыпты ашатын дәлелдемелер келтіреді;

  • Себебін анықтайды;

  • Қорытынды шығарады.

ҚБ

2-тапсырма.

Тапсырма. Берілген кестені толтырып, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жаса.

Мінезі, жеке қасиеттері

Көзқарасы

Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерге өз көзқарас-тарыңды білдіріңдер.

Жамал бейнесі

арқылы  жазушы

қандай мақсат

көздеген деп

ойлайсыңдар?






Дәлел

Дәлел

Дәлел

Дәлел






ҚБ. Бас бармақ

3-тапсырма

«Бақытсыз Жамал» романы, роман кейіпкерлері туралы пікірлеріңді«ПОПС формуласы» арқылы білдіріңдер.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Оқушылар роман мазмұнын талдау арқылы шығармадағы автор бейнесін анықтайды.







Берілген кестені толтырып, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне талдау жасайды.














«Бақытсыз Жамал» романы, роман кейіпкерлері туралы пікірлерін«ПОПС формуласы» арқылы білдіреді.












Бағалау. «Дауыс беру» әдісі.



















ҚБ



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
























Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Егер тапсырманы толық түсінсеңіз, желкенді жасылтүспен бояңыз.Егер сұрағыңыз болса, сары түспен бояңыз.Егер мүлдем түсінбесеңіз, қызылтүспен бояңыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі