2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы 9-сабақ

М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы 9-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы 9-сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Бөлім: Махаббат және абыройМектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт-дәстүрлер. Идеялар тоғысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағыүзінділерді тапсырмалар орындау барысында орынды қолдану, үзінділерді қайта өзгертіп, өз пікірін жазу, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

Көпшілігі:өз көзқарасын дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, үзінділерді қайта өзгеріске ендіріп жазу,шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстыру;

Кейбір оқушылар: өз көзқарасын дәлелдеу дәлелдеу үшін әңгіме үзінділерін орынды қолданып, әңгіме үзінділерін сыни тұрғыдан қайта жазу, шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылығын ояту

«Теннис» әдісі

Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

  • Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?

  • Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?

  • Ғали сауатты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?

  • Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?

  • Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?

  • Міржақып Дулатовтың «Алаш маршы» туындысының құндылығы неде?

  • Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.



Оқушылар «Теннис» әдсімен өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.



Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

















ҚБ


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы.


















Сабақтың ортасы

















































2. Мағынаны тану.

1-тапсырма . "Әңгіме кестесі»

Сынып оқушылары шығарма үзіндісі негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.


Шығарма үзіндісі

Үзіндіні қайта өңдеп жазу

Үзіндіден алған әсер, өз көзқарасыңыз





Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

1.шығарма оқиғаларын талдайды;

2.үзінділерді өңдейді;

3.креативті жазады.

ҚБ

2-тапсырма. Оқушылар шығарманы Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романыменсалыстырады.

«Бақытсыз Жамал» романы

Қалың мал» романы

Басты кейіпкерлер



Құндылығы



Тарихилығы



Түйіні



Үндестігі



Спандияр Көбеев «Қалың мал» романының қысқаша мазмұны

Бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Би-болыстардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады. Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік жағдайдың да жемісі. Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке алу керек. Тұрлығұл елге - зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар Тұрлығұлдың әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны   Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау. “Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген ирониясы, юморы байқалады. Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса ол да жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана. ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында. “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”. Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге болады. Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан бөлек әлем. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес. Тұрлығұл сонша қатал-әрекет адамы болса, күйеу баласы Шалқанға қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа қарсы қалай болғанда да бір әрекет жасар еді. Тіпті солай болғанда да Тұрлығұлдың кейінгі әрекеттері тым жеңілдеу, автордың мінездеуіне сай емес. “Романды жазудағы тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді”. “Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да автор осы мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі әлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеледі. 60-тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын басқа нәрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. “Маған бермесе де малға береді” – деп, Ғайшаны малға алатынын біліп отыр. Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік. Енді қыз әкесі Итбай мен Ғайша ауылына келейік. Әбіш келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда ес қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Әлде ақшалай алсам ба екен” – деп тыным таппаса, оның жақын ағайындары Амантай мен Жамантай, Қарақұлдардың пікірін қараңыз. “Бәрі бір дауыспен, жарайды, жат жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, ол дағы бір орын ғой, әйел баланың орны табылған соң не керек, мал десе малы бар, бай десе бай”. 60-тағы Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа қарсылық та бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын естіген бойда-ақ ыршып түседі. “Мен он қырықжетіболса да баламдышалғаберуге риза емеспін”. Бірке, Әлкен, ЖүністерҒайшатілегінтілейді. Оны құтқарсаңшыдепҚожашқатілекбілдіреді. Ғайшаныңшілдеханадаайтқанөлеңінестіп, қыздаржылапалса, Серғазы да ойға қалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұлалпыста, әлдеодан да артық па, біраппақшалғабарыпбишара  қалайадамболады. Обал! Обал!... Ешкімгежазығыжоққорқызықсекілдібайғұстыңобалынабекеркіріскен екем, ендіретікелсеқұтылуынасебепкерболсам”. Серғазының ҚожанҒайшағауақиғасынаараласып, оларғатілекшіболуыныңнегізгі сыры осы. Сол тәріздіИтбайдыбілетінкөпшілік те Ғайшаныңжайынестігесін “бүйтіпалған малы құрысын” – дейді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

*Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;

*Тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

*Шығармалардың басты кейіпкерлерін салыстырады;

*Шығармалардың құндылығын салыстырады;

*Шығармалардың тарихилығын салыстырады;

*Шығармалардың ортақ түйінді анықтайды;

*Шығармалардың үндестігін анықтайды.

ҚБ

3. Ой толғаныс. «Менің сөзім» әдісі

Сынып оқушылары «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романында үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?» тақырыбына дәлелдемелер келтіре отырып өз көзқарасын білдіріп, ойтолғау жазады.Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған критерий бойынша бағалау жасайды.

Саралау.

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды.

Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытындылайды.

Дескриптор:

  • Тақырыпқа байланысты дәлелдемелер келтіреді;

  • Өз көзқарасын білдіреді;

  • Ойын жүйелеп, ойтолғау жазады.

  • Ойтолғау құрылымын сақтайды.

ҚБ

Үздік жұмыстар «Автор орындығында» оқылады.

Сынып оқушылары шығарма үзіндісі негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.













Оқушылар шығарманы Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романымен салыстырады.

*Шығармалардың басты кейіпкерлерін салыстырады;

*Шығармалардың құндылығын салыстырады;

* Шығармалардың тарихилығын салыстырады;

*Шығармалардың ортақ түйінді анықтайды;

*Шығармалардың үндестігін анықтайды.



































































Сынып оқушылары «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романында үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?» тақырыбына дәлелдемелер келтіре отырып өз көзқарасын білдіріп, ойтолғау жазады.












ҚБ «Жүрекше»













































































ҚБ «Жүрекше»


















ҚБ «Жүрекше»


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы.
































https://adebiportal.kz/kz/retailing/view/349






























































Сабақтың соңы

Кері байланыс:

Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «Білу қажет» кестесін толтырып, кері байланыс береді.

Біз нені білеміз?

Бізге нені білу қажет?

Бізге не белгілі?






Кері байланыс парағы


11 Қаңтар 2025
143
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі