Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Дулатов «Оян қазақ». «Бақытсыз Жамал» романы

Материал туралы қысқаша түсінік
XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі






«Келісілген» «Бекітемін»

«Аспара» колледжінің әдіскері Директордың оқу ісі

_________ Алимбекова Б.А. жөніндегі орынбасары

« » ________ 2018 ж. Оспаналиева А.Е.

« » ________ 2018 ж.




Ашық сабақ

Тақырыбы:М.Дулатов «Оян қазақ».

«Бақытсыз Жамал» романы.






Жалпы білім беретін пәндердің ЦӘК отырысында қаралған

Хаттама № « » ______ 2018 ж.

ЦӘК төрайымы _________ Жандарбекова Д.А.



















Тараз 2018 ж.


Күні: 19.11.2018 ж.

Аудитория: 4

Тобы: МК 18-2

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов «Оян қазақ». «Бақытсыз Жамал» романы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру.

Дамытушылық.: білімгерлердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін байыту.

Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы білімгерлердің бойында танымдық тәрбиені қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау

Сабақтың құрал-жабдықтары: М.Дулатов портреті, тақырыпқа қажетті кітаптар, бүктемелер, интерактивті тақта.

Көрнекіліктер: М. Дулатов өлеңдері жазылған парақшалар, кесте – сызбалар, слайд, қима қағаздар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен сәлемдесу, кезекші мәлімдемесі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау: Алдыңғы өтілген тақырып бойынша алған білімдерін еске түсіру.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақты Міржақып Дулатовтың эпиграфымен бастасақ «Тәңірі жаққан шамшырақ су құйсаң да өшпейді». Ең алдымен Міржақып Дулатұлы туралы  не білесіздер, айтып кетсеңіздер.

Міржақып Дұлатұлы (1885-1935) қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы)

Әкесі -Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі-Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.

Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi - ұстаз, бipi - ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

«Оян қазақ» өлеңі

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ!

Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.

Алашағың аз ба мына дүниеден,

Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! 

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!  Бол, қазақ!

Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!

Ауырыңды арқала да, алға бас,

Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,

Ер мінезбен өр рухқа болма жат.

Ортасына жалғыз орыс кіргенде,

Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

Аталардан қалған асыл мұрамыз 

Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.

Азаттығы ұмытылған ұлт болып,

«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,

Сұмдық сіңген сүйекке де 

Қараңыз!

Тойланады мерекеміз жат жұртша,

Ойланады өзге тілде баламыз.

Құранды да,  Құдайды да сүймейміз.

Сұлу көрсек , оңашаға сүйрейміз.

Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,

Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

Біреу озса  күңкіл-күңкіл күндейміз,

Біреу тозса  дүркін-дүркін жүндейміз.

«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,

Бірақ оның не екенін білмейміз.

Дүниенің пайдасына пысықпыз.

Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.

Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,

Басқаларға бас игенде  мысықпыз.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды.

 Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.

Шығармалық мұрасы

Міржақып Дулатұлы - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы - ел тағдыры болды.

Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.

4.М.Дулатов туралы бейнеролик.

Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер

1993 - «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

1994- «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 -«Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

5. Сабақты қорытындылау.

Тапқырлық (сұрақ-жауап)

  1. Міржақып Дулатұлының өмір сүрген жылдары? (1885-1935)

  2. Міржақып Дулатұлы кім? (Ақын,жазушы,саясаткер)

  3. Міржақып Дулатұлы туып өскен жері? (Торғай уезі, Сарыоқпа облысы)

  4. 1879-1902 жылдары қайда және қай мұғалімнен дәріс алды? (Ауыл мектебі орысша оқытатын Мұқан мұғалім)

  5. Ата-анасының есімдері? (Дулат-Дəмеш)

  6. Алаш партиясының басшылары? (Ахмет Б. Əлихан Б. Міржақып Д.)

  7. Ата-анасы қайтыс болған соң кімнің қолында тәрбиеленді? (Ағасы Асқар)

  8. 1904 жылы Міржақып Дулатұлы қай қалаға барды ? Онда кіммен кездесті?

(Омбы қаласы, Ахмет Б. )

  1. 1909жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қандай өлеңдер жинағы жарық көрді? (Ояң Қазақ! Өлеңі)

  2. Ташкент қаласында "Ақжол газетінде" қай жылы қызмет етті?(1920жылы)

  3. 1922-1926 жылдары қай институттқа оқытушы болды? (Орынбордағы ағарту институтты)

  4. Қай жылы қазақ зиялыларымен қамауға алынды? (1928)

  5. "Ояң Қазақ" өлеңінен кейін қандай кітаптары басылып шықты? (1913- "Азамат", 1915-"Терме")

  6. Міржақып Дулатұлы оралу туралы фильмі қай жылы жарыққа шықты?

(1993жылы)
15. Міржақып Дулатнұлінің өлеңдерінен не білесіздер? 

  1. "Ояң Қазақ" деген тіркес сендерге қандай ой салады?

  2. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерін білесіздер?

  3. Міржақып Дулатұлы қайтыс болған жылы?

6.Үйге тапсырма: М.Дулатов «Оян қазақ» өлеңінен үзінді жаттау. «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал мен Ғани бейнесі.

7.Білімгерлерді бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
1366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі