Материалдар / «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» (мұғалімдерге арналған тренинг)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» (мұғалімдерге арналған тренинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Тексердім:

мектеп директоры оқу ісінің орынбасары

Н.Орынбекова П. Ботабекова

01.03.2018 ж. 28.02.2018ж


Тренинг: «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

(мұғалімдерге арналған тренинг)

Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдықа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту.
Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Түрі: Психологиялық тренинг
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, қобдиша, А4,А3
Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену

-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мектебімізге хош келдіңіздер. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Енді шаршағанымызды басып, сергіп алу үшін ортаға шақырамыз.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамыз

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

«Амандасу тренингі» қол шапалақтау
«Жан жылуы» жаттығуы. Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.

Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.

Психологтің талдау: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

  • Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

  • Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймын.

«Жемістер жинау» жаттығуы: Құрметті әріптестер қазір сіздер мына жемістерден өздеріңіз қалағанын алып, себеттерге саласыздар.(осыған байланысты үш топқа бөлеміз, әр топ өздеріне ат қояды,топ басын сайлайды)

II. «Негізгі бөлім»

«Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі)

Психолог сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар. Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз. Олай болса мына инежіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасап алады.

Психолог талдау: Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді бірктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер.

Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.

Ертегі терапиясы: «Жүзіктегі жазулар».Баяғыда бір хан болыпты.Оның перзенті болмапты.Хан қартайып,өлер шағына жеткен соң: - Мен өлгеннен кейін,менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын, - дейді уәзірлеріне.Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса,бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты.Ханды жерлегеннен кейін диуананы хан етіп сайлайды.Басқа диуаналар оны көре алмайды да: Сендер мені күндемей-ақ қойыңдар.Менің өмірімнен сендердің әмірлерің жақсы.Сендер өз пайдаларыңды өздеріңе жұмсайсыңдар,өз бастарыңды ойлайсыңдар.Ал мен болсам,халқымды ойлаймын,халқым үшін қызмет етемін дейді. Осы сөзді айтып хан диуаналарды шығарып салады.Арада біраз уақыт өтеді.Хан диуаналарды ұмытып та кетеді.Ханға қапа болған диуаналар жиналып әңгімелеседі. Сонда бір диуана тұрып:

Бұл хан бізді менсінбей барады.Біз былай істелік,барлық жиған ақшамызды қосып,бес күміс жүзік істелік.Сол жүзіктердің бетіне бес түрлі өсиет жаздырып,ханға сыйлайық.Сосын патша уәзірлеріне сөйлеген кезде,сол өсиеттерді оқып, мен-менсімейтін болады дейді.

Топтық жұмыс.Диуаналар ханға қандай өсиет сөздерді жүзікке жаздырды.

Әр топ өздері жазған өсиет сөздерін топ алдында оқиды.Бұл жүзікте:

Ұлық болсаң,кішік бол,

Менмен болма

Ең жақсы әдет жомарттық

Кішіпейіл бол.

Кем болма,кең бол,-деген өсиеттер жазылады.

Бұл жүзіктерді тағуға барғанда,диуаналар былай дейді:

-Әр кезде осы жүзіктерге қарап,өсиеттерді оқып тұр.Сонда ғана сені халқың сыйлайтын қадірлі хан боласың.Хан жүзіктерді өмірінің соңына дейін тағып өтеді де,оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға өсиет етеді.

Сергіту сәті «Би»

«Суретті аяқта» жаттығуы Барысы: Мұғалімдерге плакатқа сурет салу ұсынылады. Әр мұғалім бір бірінің ойын түсініп, кезек-кезек шығып, суретті жалғастыру. Соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.

«Ән шырқайық» жаттығуы

Биылғы жыл біз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қазақ халық әндері. Қазір сіздерге парақшалар таратамын. Ол парақшада қазақ халық әндерін жазылған. Сол әнді ыңылдап айтып жүру арқылы өз тобымызды табамыз. Іске сәт!

1-топ. "Салт дәстүр" Ән: Қазақы дәстүрлер-ай

Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен

2-топ. "Мәдени құндылықтар және өнер" Ән: Қара жорға

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.

3-топ "Ұлттық ойындар мен тағамдар" Ән: Қазақы дастарханым

Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым

«Әріптер әлемі »жаттығуы. «рухани жаңғыру» сөзі берілген осы сөздегі әріптерді пайдаланып, барынша көп сөз құрау қажет. Уақыт 1 минут негізі 30-дан аса сөз құрастырылады.

«Белгісіз басшы» жаттығуы

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.

Суретті тест” психологиялық жаттығу

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы

Суретті тест” жаттығуы арқылы білетін боламыз.

Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін,бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау:

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

7. Релаксация музыкалық қолдаумен(презентация пайдалану, фотографиялар)

Мақсаты: релаксация, эмоционалдық ширығудан арылу.

Құрал-жабдық: ноутбук, проектор, проекциялық экран.

Музыка – ол да психотерапияға жатады. Сіздер жайланып орынығып, экранға қараңыздар және музыка тыңдаңыздар. (презентация қарау)

Сіздерге сәттілік пен ішкі тепе-теңдік тілеймін


































Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.




Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен


Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым


Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым


Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым




Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым



Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым





Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен


Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен


Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен


Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен


Шілдехана, бесік той, 

Тұсау кесер, сүндет той, 

Ай, шіркін ай.

Құда түсіп, сырға салу, 

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, 

Қызбозбала кеңдаланы

Әнімен елітіп тербеткен

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.


Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.


Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.



Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.



Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.



Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,

Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.

Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,

Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.



Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме? Жағалай малдас құрған

Ей, менің асқар тауым Қазақы дастарханым!

Өзінсің бақ-берекем Ақ қайнар бастауларым


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!