Мектебім, алғысым саған көп менің!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектебім, алғысым саған көп менің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз мектебіме алғыс, ұстаздар қауымына, 11 жыл бірге оқыған сыныптастарым рақмет! Бұл жазба соңғы қоңырау тәрізді €
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы : «Мектебім, алғысым саған көп менің! »
Мектеп - үлкен өмірдің алғашқы баспалдағы. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулетшісі ,
ұлағатты есімнің иесі . Мектеп пен оқушы . Осы екі сөзге жан бітіретін – ұстаз. «Мектеп –
білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» деген нақылдың мәнін енді түсінгендеймін.
11 жыл. Кеше ғана тарыдай болып кірген мектебімізден, таудай болып түлеп ұштық. Осы
орайда , өзім білім нәрімен сусындап шыққан алтын ұя мектебіме алғысымды білдірсем
деймін . 2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Өскемен
қаласындағы №22 орта мектебінің табалдырығын аттадым. Қолыма алғаш қалам алып,
жылы жүректі ұстазымыз күнде қарсы алып, оқуға баулып еді. Бастауыш сыныптардан - ақ
түрлі жарыстарға , олипиадаларға қатыстым. Мектепте үздік болуыммен қатар,
ұстаздарым мені шығармашылық бағытта да қолдай білді. Ән айтып, би билеп, мәнерлеп
оқу сайыстарынан шет қалмадым. 2016 жылдан бастап мектепшілік әрі қалалық іс шараларда жүргізуші болдым. Менің сахна төрінен түспеуім дәл осы мектебімнің
арқасында. Араға жылдар салып, мектеп Ұланбасы атандым. 2018 жылы қалалық комитет
арасында «Ең тапқыр Көшбасшы» номинациясы иегері атандым. Менің бойымдағы қайсар
мінездің, жауапкершілікті оқушы болуым әрі адамгершілік сиякты қабілеттерді дарытқан
да мектебім. Қазіргі таңда кез - келген ортаға тез сіңісіп кете аламын. Еркін сөйлеп, өз
ойымды нақты жеткізе алуым , бәрі - бәрі мектеп , сенің арқаң! Ал қазір мемлекеттік
емтихандар аяқталып, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтіп жатырмыз. Зымыраған уақыт - ай
десеңші.. Осыдан 11 жыл бұрын мектепке енді ғана келген жас бүлдіршіндер қатарында
едік, енді есейіп азамат атанып, жаңа өмірге қадам басқалы отырмыз. Осы сәтте айтарым,
ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Алтын ұя
мектебімнің ұстаздар қауымы, бізге білім мен тәрбие беріп, жақсылығымызды асырып,
жамандығымызды жасырғандарыңызға, балалық қателіктерімізді кешіре білгендеріңізге
алғысымыз шексіз! Сынып жетекшіміз, Бибигуль Токтархановна, Сізді бәріміздің
қамқоршымыз, екінші анамыз , шәкірттеріңіздің сүйікті ұстазы болғаныңызды мақтан
етеміз! Әрқайсысымызды салмақты ақылыңызбен тәрбиелеп, өмірден өз орнымызды
табуымызға көмектескеніңіз үшін , бізді ел қатарына қосып, үлкен биікке қол жеткізуімізге
үлесіңізді қосқаныңыз үшін біз Сізге әрқашан қарыздармыз!
Он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің де ендігі өмірлеріңе тек қана
сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса
беріңдер. Жоғары оқу орындарына түсіп, беделді маман иесі атаныңдар!
СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК !
Ұлан, естеліктер үшін рақмет!
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.06.2022
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі