Мектеп бағының сыбдыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп бағының сыбдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу. 0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру материалдарды үнемдеп жұмсау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

4 ҰОҚ. Мектеп бағының сыбдыры

(жапырақтарды бастыру)

Мектеп/МҰ:


Күні:


Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Ж


Сынып/топ:

Қатысқандардың саны:


Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары


0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу.

0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру материалдарды үнемдеп жұмсау.

Күтілетін нәтижелер


Барлық тәрбиеленушілер:

жапырақтармен бастыру техникасын пайдаланып, заттардың текстурасын бейнелейді;

қалыпты емес сурет салу тәсілін қолданады;

өз жұмыс орнын таза ұстайды:

Көпшілік тәрбиеленушілер:

бастыруды дұрыс орындайды;

көлемі әртүрлі жапырақтарды кезектестіреді, түстерді қиыстырады;

материалдарды үнемдеп, жұмыс жасайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Композиция, көркем талғам сезімін байқатады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді; • ойды салынып жатқан суретпен байланыстырады;

өз таңдауын түсіндіреді;

тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу; •

шығармашылық үдеріс барысында мүмкіндіктер спектрін талқылайды.

Көптілділік: жапырақ – лист – leaf.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

күздегі мектеп бағы, күзгі ағаштар, күзгі гүлдер, жапырақтармен

бастыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мектеп бағы дегеніміз не?

Мектеп бағында (ауласында) қандай ағаштар өседі?

Қай гүлдерді күзгі гүлдерге жатқызуға болады? Неліктен?

Жапырақтармен бастыру дегеніміз не?

Бастапқы білім


Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері туралы білімді пайдаланады, мектеп бағына, ауласына саяхат кезінде күзгі ағаштарды бақылайды.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




I. Оң көңіл күй

қалыптастыру.

0–1 минут





II. Өмірлік

тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2-5 минут

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Педагог балаларға: Мен сендерді, сендердің күлкілеріңді көргеніме қуаныштымын және осы күн сендерге қуаныш, бір-біріңе жақсы қарым-қатынас сыйлайды деп ойлаймын.Жайғасып отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар және күзгі бақта келе жатқандарыңды елестетіңдер. Ағаштар не туралы сыбырласуда, жапырақтардың түсі қандай? Аяқтарыңның астынан алуан түрлі жапырақтардың сыбдыры естіледі …. (күзгі жапырақтар бар себетті байқатпай қояды). Көзімізді жайлап ашамыз.

(Ұ) Балалардан сұрайды: Бұл кімнің сыйы? (Бұл мектеп бағының сыйы). Жақында жапырақтар түседі де, ағаштар осындай алтын, алуан түсті болмайды. Айсұлу естелікке мектеп бағының сұлулығы туралы сурет қалдыруды ұсынады. Педагог балаларға бірнеше күзгі пейзаж көрсетеді. Оларды сипаттауды сұрайды. Балаларға өздеріне ұнаған жапырақтарды таңдап алуды ұсынады. Жапырақтың құрылымын

саусақтарымен зерттеуді, қатпарлары мен сабағын қарауды ұсынады. Жапырақ

кескіндерінің неге ұқсайтынын болжайды (ағаш кескіндері). Жапырақтарды ағаштарды салу үшін қолдануды ұсынады. Балалармен бірге бедерлеу тәсілін талқылайды.

Түсіндіреді: Жапырақтармен бедерлеу – бұл боялған жапырақты қағаз бетінде бастыру.

Музыкалық сүйемелдеу.

Ағаштардың (қайың, көктерек, емен) жапырақтары бар

себет.


Жапырақтар неге сарғаяды

және түседі?

https://www.youtube.

com/watch?v=NLOv

Pt81qS8

«Күзгі бақ» тұсаукесері,

балалардың санына

қарай жапырақтар

(әр балаға 2–3 данадан).

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы бойынша

жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Мына жапырақтар қай ағаштардан түскен? Күзгі бақтың түстері қандай?

(Ж) Педагог балаларға жұппен жұмыс жасап, күлгін түс алу үшін палитрада түстерді

араластыруды ұсынады.

(Ұ) Сергіту сәті

Аулада өсіп тұрған терек сияқты: (бір аяқта тұрып созыламыз – қолдарымызды

жоғары, артынан екінші аяққа тұрып, тағы да осылай созыламыз).

Бір уақытта қатты жел тұрып, теректі әрі-бері қимылдатты: (денемен алға-артқа қарай бүгілу).

Теректің бұтақтары біресе төмен, біресе жоғары қарай майысты: (денелерін әрі-бері

қимылдатады).

Енді бәріміз бірге отырып-тұрамыз: бір-екі, бір-екі (отыру-тұру).

Біз жақсы сергіп қалдық, енді орнымызға отырайық (балалар орындарына отырады).

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау

Балалардан гуашьпен қалай дұрыс жұмыс жасауды әңгімелеуді сұрайды.

Жұмыс орнын тазалықта ұстауға ынталандырады.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Жапырақтары қатпарларымен жоғары қарай бұрыңдар, жапырақты қатпарлары жағынан гуашь бояумен бояймыз, сабағынан ұстап, жапырақты абайлап аударамыз және бедерлей отырып, қағазға бастырамыз. Барлық жапырақтарды тігінен, сабақтарын төмен қаратып орналастыруға тырысыңдар. Сендер қай түстерді аласыңдар? Неліктен? Осы жапыраққа басқа бір түс жағыңдар және сол орынға қайтадан бастырыңдар. Не болғанын қараңдар. Балалар күзгі жапырақтардан бедерлеме жасайды. Композицияны салып аяқтайды.

Әліппе-альбом.







Палитра, бояулар,

қылқаламдар.












Әліппе-альбом.

Қылқалам №5-6,

гуашь, суы бар

төгілмейтін стақан,

мақта майлықтар.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26-30 минут

(Ұ, Ө) «Мектеп бағы» сурет галереясы ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын

талқылайды. Педагог сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Бедерлеме дұрыс жасалды ма? Қиындықтар болды ма?

Сенің бағыңдағы ағаштар не туралы сыбырласады?

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.

Балалардың жұмыстарын

Орналастыруға арналған стенд, әліппе-альбом.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2023
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі