Мектеп басқаруын оңтайландырудың тиімді құралы – электрондық дерекқор жүйесі
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі
директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Қазіргі таңда білім беру жүйесін цифрландыру — заман талабы. Білім беру ұйымдарының басқару үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқу жұмысы жөніндегі орынбасардың қызметін автоматтандыру және цифрлық орта құру аса маңызды. Осы мақсатта «Білім беру ұйымы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының цифрлық көмекшісі: электрондық дерекқор» жобасы жасалды. Бұл электрондық дерекқор оқу үдерісін жоспарлау, бақылау, талдау және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету бағытында көмекші құрал ретінде қызмет етеді.
Білім беру ұйымының дамуы мен педагогтердің кәсіби өсуіне әсер ететін бірқатар сыртқы және ішкі факторлар бар. Бұл факторлар оқу процесін ұйымдастыру сапасына, әдістемелік жұмыстың тиімділігіне және ұжымның бірлескен дамуына тікелей ықпал етеді.
Сыртқы факторлар ең алдымен мектеп ортасындағы жағдаймен және басшылықтың ұйымдастыру қызметімен байланысты.
Біріншіден,
командалық
қолдау мен бірлескен дамуға бағытталған орта қалыптастыру маңызды. Мұндай ортада әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу, қолдау көрсету және ынтымақтастық артады.
Екіншіден,
сабаққа қатысу мен кері байланыс беру тек формалды түрде жүргізілмеуі тиіс. Ол нақты талдау мен әдістемелік көмекке бағытталуы қажет.
Сонымен қатар, мектепішілік серіктестіктің дамуы, әдістемелік бірлестіктердің белсенді қызметі және рефлексия жасау дәстүрінің қалыптасуы — мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыратын маңызды тетік болып табылады.
Соңғысы —
материалдық-техникалық база мен цифрлық ортаның мүмкіндігі. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану оқу үдерісін жаңғыртудың негізгі шарты болып отыр.
Ішкі
факторлар педагогтің жеке кәсіби
құзыреттілігі мен ішкі ынтасына тікелей байланысты. Біріншіден,
мұғалімнің цифрлық ресурстарды сабақта орынды қолдануы оқу
процесінің сапасын арттырады және оқушылардың қызығушылығын оятады.
Екіншіден, кері байланыс орнату арқылы педагог оқыту сапасын үнемі
жетілдіріп отыра алады.
Сонымен қатар, тәжірибелік және әдістемелік білім мұғалімнің кәсіби
жетілуінің негізі болып табылады.
Ал әріптестер арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдау – ұжымдық
табыстың басты кепілі.
Осылайша, сыртқы және ішкі факторлар өзара тығыз байланыста болып, мектептің даму стратегиясына және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бірдей үлес қосады.
-
Мектепті жаңғыртудың бағыт-бағдарын анықтау;
-
Ресурстық база қалыптастыру;
-
Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету;
-
Педагогикалық қауымдастықтың белсенділігін арттыру;
-
Нақты көрсеткіштер мен нәтижеге бағдарлану мақсатын негізгі алып, электронды дерекқор жасалды.
Дерекқорды дайындау барысында төмендегідей қадамдар жасалды:
1. Ақпарат жинау және зерттеу жұмысы (1-қадам)
Жоба аясында білім беру ұйымдарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары туралы деректер жиналды. Google форма арқылы сауалнама алынып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау, сабаққа қатысу нәтижелерін талдау және мектепішілік рейтинг жүргізу жүзеге асырылды.
2. Талдау және құрылымдау (2-қадам)
Жиналған мәліметтер талданып, мектепішілік серіктестік деңгейі, әдістемелік бірлестіктердің белсенділігі, цифрлық ресурстарды пайдалану жиілігі сияқты бағыттар бойынша құрылымдалды. Бұл кезең педагогикалық ұжымның әлсіз және күшті жақтарын айқындауға мүмкіндік берді.
3. Жоспарлау (3-қадам)
Талдау нәтижелеріне сүйене отырып, мектепті жаңғыртудың бағыт-бағдары анықталды. Негізгі басымдықтар: ресурстық базаны қалыптастыру; педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету; әріптестер арасындағы ынтымақтастықты дамыту; нақты нәтижелерге бағытталған жұмыс жүйесін құру.
4. Ресурстық база қалыптастыру (4-қадам)
Электрондық дерекқор құрылды. Онда нормативтік-құқықтық актілер, әдістемелік ұсынымдар, педагогтердің кәсіби дамуына арналған материалдар мен үздік тәжірибелер топтастырылған. Электрондық платформа: https://merke16om6.wixsite.com/my-site-12
5. Әдістемелік қолдау (5-қадам)
Дерекқорда пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар жүйеленген: инновациялық тәжірибелермен таныстыру; жас педагогтерге тәлімгерлік қолдау көрсету; үздік тәжірибелер мен ғылыми жобаларды тарату; мақала мен әдістемелік құрал жазу бойынша бағыттар.
6. Мониторинг жасау (6-қадам)
Педагогтердің кәсіби дамуын, сабақ сапасын және оқушылардың нәтижелерін үнемі қадағалау жүйесі енгізілді. Бұл кезеңде мұғалімнің кәсіби деңгейін анықтайтын сауалнамалар мен сабаққа қатысу талдауларының нәтижелері есепке алынады.
7. Қорытынды жасау және толықтыру (7-қадам)
Әр оқу жылының соңында жиналған деректер негізінде қорытынды жасалып, электрондық база жаңартылып отырады. Бұл дерекқор — үнемі дамып отыратын, мектептің әдістемелік қызметін жетілдіруге бағытталған динамикалық жүйе.
Электрондық дерекқор — оқу жұмысы жөніндегі орынбасардың заманауи цифрлық көмекшісі. Ол басқару үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасайды, білім сапасын арттыруға бағыт береді. Жоба командалық ынтымақтастықты нығайтып, мектепішілік әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Цифрлық орта — болашақтың мектебі үшін басты құрал.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз