Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясының рөлі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясының рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

«Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Алимбекова Жанна Маратовна



Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясының рөлі

Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өміріне тәрбие мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап, қажетті деп танылатын адамгершілік сапаларды меңгерту ойынға байланысты.

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын процессінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.

Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл - қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын - баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойындар мазмұнына қарай , өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық, дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті -рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету.

Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті -рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Дидактикалық құрлыс ойыны - балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т.б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Қорытындылай келе, ұйымдастырылған оқу қызметі үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру тәрбиешінің басты міндеті болып саналады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі