Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
274
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Целиноград ауданы білім бөлімінің» ММ

«Эквижн» ЖШС «Мейірім» балабақшасының

тәрбиешісі Эшанкулова Баян Юсупқызы

Баяндама

«Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу

өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту»


«Өнерді тауларының бұлағынан,

қойдың құлағынан.

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.» Ә.Қастеев


Балалардың бейнелеу шығармашылығы – баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі: қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретеді. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін, суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді.


«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену.

Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруда, бейнелерге қызықты да, әдеттен тыс сипат беруге үйретуде сурет салудың триз әдістері (үрлеу арқылы сурет салу және жіп графикасы, картоп бастырмасы, саусақпен, далаппен, ермексазбен сурет салу) енгізілді. Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойлап, өздерін шығармашыл тұлға ретінде сезінетіндіктерін байқауға болады. Мұнда балалар өз қабілеттерін көрсетуге толық мүмкіндік ала отырып, өз жұмыстарының нәтижесін көріп, қол жеткізген жетістіктерін сезінеді. Ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру кезінде балалар жауапкершілікке, өзара көмекке, өзіне және құрдастарына деген сенімділікке, серіктік қатынасқа тәрбиеленеді.

Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды.

Балалардың бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын әр түрлі әдіс – тәсілдермен арттыруға болады. Соның ішінде өзімнің балабақшада қолданып жүрген әдіс – тәсілдерімді атап өтейін.

Триз әдістерін қолданудың бір ерекшелігі – балалар нәтижеге тез қол жеткізеді. Мысалы, әр бала үшін саусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру – өте қызықты.

Триз әдістері:

Бастырма әдісімен сурет салу үшін әр түрлі заттарды қолданып көруге болады. Мысалы: поролон, бөтелке тығыны, жапырақтар, сәбіз, картоп. Картоптан әр түрлі пішіндер жасап алып, оны бояуға батырып, бейнелерге айналдыруға болады.

Монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі:

альбом парағын көз мөлшермен екіге бөлу;

бір бөлігіне бояу жағу;

содан соң қағазды бүктеу.

Бояу кепкен соң екіге бүктелген қағаздағы бейнені қиып алуға болады. Бір немесе бірнеше бояуды бірден қолдану әдісі гүл, ағаш, көбелек бейнелеуде ыңғайлы.

Балауыз әдісі арқылы салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың бетінде түрлі-түсті бояулар жағылған соң бейне пайда болады.

Балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу (ағаш, үй, балық, құс, жануарлар бейнесі);

қылқаламмен, мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу;

Картон арқылы сурет салу әдісі:

қатты қағаздан шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерді қиып алу;

картон қағазды бояуға батырып түрлі көріністерді (ағаш, үй, құс, т.б) салуға болады.

Сия тамшысы әдісі арқылы түсті өзгертуге, жаңа тамшылар түсіруге, оларды қоршап, аяқтауға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып тамшының пішінін өзгертуге болады. Тамшыға қарап одан қандай да бір бейне көреміз. Бұл баланың қиялы мен ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Сия тамшысын қағазға түсіру, неге ұқсайтынын табу, қосымша бөлшектерін бейнелеу;

сия тамшысын қағазға түсіру, қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп субояқты тамызып, сиқырлы бейнеге айналдыру;

Ұжымдық жұмыс әдісі:

балалар екі шағын топқа (4-5бала) бөлінеді;

бір тақырып белгіленеді (Отбасы, балабақша, т.б);

белгі берілгенде әр топтан 1-бала 40-50 сек. сурет салады, белгіден кейін келесі бала сурет салады, осылайша шеңбер бойымен айналып, сурет салу кезегі 1-балаға келеді;

соңында балалар өз суреттері туралы әңгімелейді, суреттер бағаланады.

Саусақпен сурет салу – алақанмен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.

Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады:

бояу жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраға құйылып дайындалады;

әр саусақты бір түсті бояуға батырып, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүртіп отырады;

қосымша далапты, көз бояуын пайдалануға болады;

Айна арқылы сурет салу әдісі:

бала айнаға қарсы отырады;

өз бейнесін айнаға қарап, бақылап әңгімелейді;

өз бейнесіне қарап, қағаз бетінде бейнелейді;

Дымқыл қағазға сурет салу:дымқыл қағазға салынған мазмұнды суреттер әсерлі бейнеленеді баланы қағаз бетін сәл дымқылдай білуге үйрету қажет;

дымқылдау үшін мақтаны аздап суға батырып, қағаз бетіне жағу қажет;

енді дымқыл қағаз бетіне тез сурет салып шығуы қажет;

(«Тұмандағы қала», «Менің түсім», «Жаңбыр жауып тұр», т.б)

Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі: алдымен негізгі бет, палитраға керекті қоюланған гуашь бояуының түстерін, умаждалған бірнеше қағаз бөліктері дайындалады;

бала умаждалған қағазды бояуға батырып сурет салады, әр түске батырған сайын қағаз бөлігін ауыстырады;

Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан-алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы болады. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білемін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!