Мақаланың авторы: №1 «Ромашка» бб-даму орталығы
ҚМҚК тәрбиешісі Мухаметказы Мадина Асетовна
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру жолдары
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.
Балабақша тәрбиешілері эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
А.И.Буров «Эстетикалық
тәрбиенің жүйелі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық
білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші
тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады:
1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары
болуы.
2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық
тәрбие
қортындысын бағдарламалай білу.
3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік
құралдардың анықтамаларын жасау.
Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты. Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Тәрбиеші суретке қарап әңгіме
құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда
болып, олардың рухани күші дамиды.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін
халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру
қажет.
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге,
тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын
жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде
пайдалануынан көруге болады.
Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, ал мынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады.
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру процесінде мына міндеттерді шешу қажет: балалардың эстетикалық қабылдауын, эстетикалық сезімі мен ұғымын, көркемдік-шығармашылық қабілетін үздіксіз дамыту, эстетикалык талғамын қалыптастыру. Бала алғашқы жастарынан-ақ өзі түйсінбеген нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, сезімі мен жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттардың көрсе қуанады. Осының бәрі оның рақаттану, қызығу сезімін туғызады. «Сұлу» деген сөз балалардың өміріне ерте енеді. Олар алғашқы жастарынан бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды; болмыспен бірге өнер олардың куаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады.
Эстетикалық тәрбие барысында оларда жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылудан сұлулықты саналы түрде қабылдауға көшу жүзеге асады.
Айналадағы дүниемен таныстыру
сабақтарында балалар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайында
біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды.
Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады,
қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілеттерін дамытуда, педагогтың
жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл
атқарады. Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста
шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан
көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық
талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде
балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерінің классикалық
шығармаларымен толық игеруді
үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның
негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін
көруге және сезінуге, оны аялауға
баулимыз.
Балалардың көркемдік қабілеттерін,
эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін
дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеудің негіздерін қалай
береді.
Бейнелеу өнерін үйретуге
мынандай мақсат алынады:
- бейнелеу өнері түрлері жайында баланың
қарапайым түсініктерін
қалыптастыру;
- живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері,
сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп,
эстетикалық талғамын
арттыру;
- өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік
сезімдерін ояту;
- жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге,
өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін
қалыптастыру;
- ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне
білуге баулу;
- басқа халықтар өнерімен салыстыру,
ерекшелігін сезіну;
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың
айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен
таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды
меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын
көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады.
Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер,диафильмдер, слайдтар
пайдаланылады.
Сабақтарды жоспарлауда бейнелеу іс-әрекетнің
барлық түрлерінің өзара байланысы қажетігін есте ұстаған жөн. Осы
іс-әрекеттің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі болатынын ескеру
маңызды: мүсіндеуде заттар мен қоршаған орта құбылыстарын -
көлемде, сурет салуда – жазықтықта, түсте, кеңістікте, жапсыруда –
түсте және сұлбалық (силуэттік) түрде беруге мүмкіндік
береді.
Көркемдік тәрбиенің басты құралдары –
бейнелеу өнері, музыка, көркем әдебиет
т.б.
Балалар қоршаған ортаны суретке салу,
сазбалшық пен ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып
жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б.
жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған
ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың
көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға
отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі
материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді,
бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. Ал мүсіндеу
арқылы заттардың, адамның, жануарлар мен құстардың пішінін бейнелеу
тәсіліне
машықтанады.
Ермексаздан бейненің кескінін, қимыл-қозғалыстарын, өзіндік ерекшелік, күнделікті көргендерін еске түсіріп, заттың дене құрлысын, «бөлшектердің» өзара байланысы туралы алғашқы түсініктерді алады.
Сәндік – қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар қағаздан арнайы желі құруға, үлгі арқылы қию, қағаз бетіне желімдеп жапсыру кезінде элементтердің жарасымдылығын, оюлардың түс жағынан үйлесімділігін меңгеруге үлкен көмегін тигізеді.Қатты, түрлі-түсті қағаз, мата қиындылары т.б табиғи заттарда көркем құрастыру жұмыстары негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің, қиялының жетілуіне, еңбек нәтижесінің әсемдігінен сұлулықты сезіну дағдыларының дамуымен бірге еңбек етуге тәрбиелейді.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып,оларды өздігінен ілтипатты оқырман,қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету қажет. Балалар әдебиетті оқуға,кинофильмді,теледидарды,спектакьді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады.Әр түрлі әдеби,музыкалық шығармалардағы іс- әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін,балаларды көз ізденуге үйрету,бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі,демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім.Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысынқалыптастыру.Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды . Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:
– Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
– Баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
– Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балалардың алғашқы жасынан бастап-ақ халықтың ауыз шығармашылығы
балалар әдебиеті олардың жақын серігінеайналады. Олардың өмірінде ертегілер айрықша орын алады.Балаларға арналған өнерге қойылатын талап жоғары.
Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты. Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді: «Әсемдіктің адамға ететін әсері – ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөлінетін жарқын қуаныш сезіміне барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз».
Тәрбиенің қай саласы да негізінен балаларға, жас өспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады. Балалардың эстетикалық тәрбие беруді халқымыздың дәстүрлерімен сабақтастыра жүргізе білу бүгінгі күн талабы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз