Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамытудағы жұмыс түрлері, олардың маңызы қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
417
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР.

Мақаланы әзірлеген Сәтбаев қаласы «Гүлдер» бөбекжай I санатты тәрбиеші Хужаева Улжамал Бахитовна

Аңдатпа: Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамытудағы жұмыс түрлері, олардың маңызы қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.


Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — жан-жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Бала қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін тәрбиеші өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет.Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Инновациялық технологияларды қолданудың мақсаты - толық физикалықрухани психоэмоционалды денсаулыққабалалардыңата-аналардың, тәрбиешілер мен мамандардың тұлғааралықтоптық өзара 

әрекеттесуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі мекемеде 

жеке тұлғаға бағытталған білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
*ерекше және шығармашылыққа жақын мектеп жасына дейінгі балалардың 

әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу;
әр түрлі іс-әрекетте балалардың ынтасынқызығушылығын, еркіндігін

шығармашылық өзін өзі көрсету қабілетін дамытукоммуникативтік

танымдықойын және басқа да іс-әрекеттерін ынталандыру;
балалардың жеке тұлғаны қоғамда табысты әлеуметтендіруге және зияткерлік ойлау мен креативті қиял деңгейін арттыруға бағытталған заманауи 

инновациялық технологияларды қолдану біліктерін дамыту.
Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Біздің ба­ла­бақ­шамызда балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған.  Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық  

технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын.

Мен өз оқу-қызметімде де сабақтан тыс уақытта да денсаулықты сақтайтын технологияларды жиі қолданамын. Менің ойымша, адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру - қазіргі адамның жетістігі үшін қажет.Денсаулық сақтау тәсілі сабағымның барлық кезеңдерінде байқауға болады, өйткені ол іс-әрекеттің нақты ауысуын қарастырады.
Біздің бүгінгі міндетіміз - балаға денсаулығын сақтау мен нығайтудың түрлі әдістері мен тәсілдерін үйрету деп санаймын. Оқу-тәрбие процесінде денсаулықты сақтайтын технологияларды кешенді
қолдану шаршауды азайтуға көмектеседі, эмоционалды көңіл-күйді жақсартады және жас балалардың еңбекке қабілеттілігін арттырады.Осылайша, мен тиімді қолданатын осы технологиялар - баланың жеке басын дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін анықтау, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және жақсы нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлауға маған мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, демалдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз. 

Ойын технологиясының мәні:ойын-сауық  және демалыс ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту тәсілі; шығармашылық қызметті іске асырушы;  әдіспен емдеу; ең бастысы баланың  ортаға әлеуметтенуінің 

бірінші қадамы болып табылады.

Ойын сабақтары өте жанды, эмоциялық қолайлы психологиялық жағдайда, ізгілікті, еркіндікті, теңдікті талап етеді. Пассивті балаларды  оқшаулауды қажет етпейді.  Ойын технологиясы арқылы балаларда  өзіне деген сенімділік пайда болады. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.

Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы мен: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда жиі қолданамын. Бұл ойын балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындарды айналамен танысу, әдебиет сабақтарында жиі қолданамын.

Дидактикалық ойындардан басқа рөлдік ойындардың да мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орны бар. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдіруге болады.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­ ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Пайдаланылған әдебиеттер:1)Касаткина Е. И. Игра в жизни дошкольника. – М. , 2010. 2).Касаткина Е. И. Игровые технологии в образовательном процессе ДОУ. //Управление ДОУ. – 2012. – №5. 3)Карпюк Г. А. Реализация права ребенка на игру. //Старший воспитатель. – 2007 – №6.

4)Пенькова Л. А. , Коннова З. П. Развитие игровой активности дошкольников.

5)Источник: http://doshvozrast.ru/metodich/konsultac158.htm



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!