МКҚК «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы
«Қош келдің,Әз
Наурыз»
«Қарлығаш» орта
тобы
Тәрбиеші:Келжанова А
Тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау
қабілетің дамытуда «ертегі және қуыршақ терапиясын»
қолдану.
Бала
тәрбиесі- бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы»
деп Н.Ә. Назарбаев .
-
Ертегі – біз ұсақтап жинақтайтын, халықтың ұлы
рухани мәдениеті, және де ертегі арқылы біздің алдымыздан халықтың
мыңжылдық тарихы ашылады»,- деген екен.
А.Н.Толстой
-
«Кішкентай балаларға ертегілерді айтуда көптеген
ертегілерді қысқартуға, тілін өзгертуге, ертегіні толық
түсінушілікке әкелуге болады және солай ету
керек». Ата-аналарға ертегілерді таңдағанда оның идеялық
көркем әдеби мағынасына көңіл бөлу керектігін айтады: «Балаларға
арналған ең жақсы ертегілер,- деп жазады. А.С.
Макаренко
-
Ертегімен
терапия жүргізу – адамзат дамуындағы тәрбиелік
психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы
ғылым тәжірибиесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады.
Ертегі терапиясы тәрбие арқылы баланың көзқарасын
бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болу
тәсілдері Е.В Чехтің пікірі
бойынша .
Ертегі терапиясының
түрлері
Ертегіні айту
Ертегіні қою
Ертегіні сурет арқылы
салу
Қуыршақ жасау.
Терапиялық диагностика
Ертегіні құрау
Ертегі
терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың
ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы
оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай
өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның
ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты
айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп,
адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында
жеңе аларына деген сенімін нығайтады
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева ертегі терапиясын
арқылы жүргізу төмендегідей
түсіндіреді: емдеу (психотерапиялық
болып табылатын баланың ішкі білімін ашу); мағына іздеу
үдерісі (әлем туралы білімнің мағынасын ашу); шынайы өмірдегі
және ертегідегі оқиғалар мен тәртіптердің арасындағы байланыстың
білімі ,мәселелік оқиғаларды объективтілеу;баланы тәрбиелеу
және оған білім беруЕртегі терапияның ұтымдылығы – бала тілімен
жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде
ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі
шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық
ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының
тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы
балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын
түйсінеді.
Ертегі терапиясының жетекші идеялары
болып: өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің
құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну, оқиға мен
амалдардың себеп-салдарын түсіну;қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі
стильдерін танып-білу; қоршаған ортамен өзара
жасанды әрекет ету;үндестік пен күшті
сезіну
Дидактикалық Психокоррекциялық
Ертегі терапиясымен әсер
ету
ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге
асады:
Көркемдік
Медиативті Психотерапиялық
Ертегі терапиясы арқылы балаға
мынадай қасиеттерд і сіңіруге
болады:Баланың шығармашылығы дамиды; Ойлау
қабілеті дамиды;Баланың бойында тапқырлық дамиды; Өз ойын жеткізе
білу; Рөлге ене білу;Сөйлеу мәдениеті және т.б. қасиеттері
дамиды.
Ертегі терапиясы емдік
мақсатта Оларға қысқаша тоқталып кетер
болсақ: Әлеуметтік ортада туындап отыратын
көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись,
түрлі- түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау –
адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін
ең бір зиянсыз әдіс. Бейнелердің көмегімен ішкі
уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа
шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары
осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды
жағынан ілгерілеуін тездетеді.Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен
қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда
үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің
себептерін анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір
жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау
болып табылады .
- Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға
көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің шығармашылық жұмыстарындағы
кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен
бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.Іштей өзін-өзі
реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына
әсерін тигізеді. Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін
дамытады және нығайтады
Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай
әдістерді қолданған жөн: Ертегіні талдау. Мақсаты – арбір оқиғаны,
әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып шыққан
қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған
жөн. Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу
қабілетін, қиялын дамытады. Балаға бұл ертегіні қатысқан немесе
қатыспаған кейәпкердің атынан баяндап беруді ұсынуға
болады.
Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру. Ертегінің
мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде
қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін
өзгертіп бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін
таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай
алады. Ертегіні құрастыру . Кез – келген қиял – ғажайып ертегілерде
мазмұнның даму заңдылықтары бар. Басты кейіпкер бір отбасында
дүниеге келіп, қиындықтарға тап болып, ол кедергілерді жеңеді және
үйіне оралады. Сонымен, ертегі барысында кейіпкердің өмірі ғана
сипатталмай, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңі
айтылады.
5.Қуыршақтар арқылы ертегіні
сахналау. Бұл баланың қимыл – қозғалыстарын неғұрлым
шынайы етіп, қуыршақтың мінез – құлқын да шынайы сомдай алуына
көмектеседі. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы
өзгерістер мен эмоцияларды жағдайларға байланысты көзрсете алмайтын
жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.
Қуыршақ
терапиясы -бұл психотерапияның бір түрі.Дәлірек
айтқанда балаланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен
сырласуына мүмкіндік беретін обьект.
Қуыршақ терапиясының
мақсаты : бала бойындағы кездескен ішкі уайымды
қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту,
баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру. Өзіндік сана
сезімін дамыту. Және ұжымдық жұмыс барысында кез- келген
кейіпкердің рөлін сомдау
Қуыршақ терапияның
қызметі
-коммуникативтік- балалар ұжымдағы эмоцинальды қарым-қатынасын
қалыптастыру.
- релаксациялық - эмоцинальдық уайымдауды
жою.
- тәрбиелік - ойын арқылы тұлғалық қасиетін
қалыптастыру.
-дамытушылық –психикалық процесстің дамуы (есте сақтау,
көру,қабылдау)
- оқытуы -қоршаған ортада өз білімін
толықтыру
Қуыршақ терапиясында түрлі бағыттағы
қуыршақтардың қолданылуы