Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдау жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдау жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
724
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалтай Күлжамал Сайлауқызы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі.

Түркістан облысы. Ордабасы ауданы. Қарақұм елді мекені.

Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ДАМЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ


Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру да жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Табиғи мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын жетілдіру. Әрбір баланы дербес тұлға ретінде қалыптасуына лайықты тәрбие беру.



Міндеттері:

- Балалрдың зейінін тұрақтандыру, интеллектісін дамыту;

- балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;

- логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.





























Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.

Сол себепте қазіргі таңдағы  негізгі талаптардың бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Балалар бақшасында педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ баланың өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. 
Шығармашылық жұмысымдағы мақсатым: балабақшада қарапайым математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі тақырыбын ашу және балаларды шығармашылық белсенділігін арттыруда қолданылатын ойындардың маңыздылығына тоқталу.
Мақсатқа қойылатын міндеттер: балалардың қызығушылық, шығармашылық ұғымдарының қарапайым математикалық ұғымдармен өзара байланысын қарастыру.
Логикалық ойындар арқылы балалардың математикалық сауаттылығын арттыру;

Балабақшада математика негіздері оқу қызметтерін өткізу технологияларының түрлері.

Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Оқуқызметін қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келемін. 
Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды, Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. 
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іс -тәжірибесінің шеберлігіне байланысты интегралды оқу іс- әрекеттер өткізуі өте тиімді әдіс. Олай дейтініміз, оның ерекшелігі оқу қызметтерін бір -бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияларды күнделікті оқу қызмет үрдісіне пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. Оқу қызметін қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер дайындауы қажет. Математика оқу қызметі баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:
– берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек;
– есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
– балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Осы айтылған әдіс- тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет. Ең алдымен осы уақыт ішінде технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам:
1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады ;
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады :
3. Іштей бір – бірінен қалмауға тырысады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады ;
5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады ;

Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін сен білесің, сенің қолыңнан келеді, үйренесің деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Оқу іс – әрекетті түрлендіріп өткізуде пайдаланатын технологияларды пайдаланамын
1. Оқу іс- әрекетті түрлендіріп өткізу
2. Басқа о
қу іс – әрекетермен ұштастыру
3. Жарыс- сайыс, оқу іс -әрекеттер
4. Көрнекіліктер арқылы
5. Венн диаграммасы, логикалық ойындар
6. Тірек сигналы
7. Кубизм әдісі
Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу деген тарауда мысалы: іс- әрекетінің кіріспе бөліміне сол бүгінгі өткізілетін математикалық ұғымдарды немесе санға байланысты тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар айтамын. Жұмбақ, ауызша есептер шығарту арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттырамын.
Оқу қызметі ортасында балалар шаршамау үшін сергіту сәтін жүргіземін.
Басқа білім салаларымен ұштастыру математика оқу қызметін жапсыру, сурет, сөйлеуді дамыту оқу қызметтерімен байланыстыра өткізсе, тәрбиешінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болады. Осы орайда балабақша да «Балапан» ересектер тобымен өткен «Беске дейін тура және кері санау» тақырыбында балаларды геометриялық пішіндерді тану, атау, бес – бесеуден топтастырып тура және кері сануды үйренді. Балабақшада геометриялық пішіндермен таныстыру барысындағы ересектер тобы балаларының тосын сәтке келген Аяз атаға өзінің жоғалтып жүрген кілемшесін , түрлі геометриялық пішіндермен құрастырып берді аяз атаға көмек берді. « Құстар» тақырыбымдағы оқу қызметімде балаларға құстар мен ағаштарға қатысты көлемдік ұғымдарын кеңейтіп, құстарға қамқорлық жасауға үйретіп, ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, жалпы және ұсақ қол қимылдарын жаттықтырдым. ҰОҚ- ті барысында талдың басына қонған құстарды балаларға санатып, олардың тапсырмаларын орындадық. 1-топ. Геометриялық пішіндерден торғайды құрастырды ( дөңгелек, үшбұрыш, сопақша) пішіндерін атады. 2- топ. Биік талдың басына үлкен құсты қондырып , аласа талдың басына кішкентай құстарды көлеміне қарай қондырып орналастырады. 3- топ. Үстінде қанша шырша болса , астына сонша құсты орналастырады.
Мысалы: дене шынықтыру оқу қызметін де пайдалансақ, математика оқу қызметі арқылы тепе- теңдікті сақтайды, оңға, солға бұрылу, тақтай бөрене үстімен жүру, жүгіру, бәрі есеппен жүргізіледі. Тек қана математика оқу қызметінде емес, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет оқу қызметтерінді да санамақ, тақпақ, жаңылтпаштар пайдаланамын.Оқу қызметтерін бір – бірімен байланыстырғаны соншалық балаға қызықты болар еді.
Жарыс-сайыс оқу қызметтерін пайдалана отырып, түрлі ойындар өткізу балалардың ақыл -ой еңбегін ерекше қажет етеді. Математика оқу қызметтерінде балаларды екі топқа бөліп, жарыс –сайыстарын күннің екінші жартысында өткіземін. Әр топқа ат қою. Әр топ ұпай жинаған сайын балаларға жұлдызшалар беру. Жылдың соңына қарай балалармен Кім тапқыр, Ойланғын, таппай қоймағын атты жарыстар ұйымдастырамын. Мұндағы көздеген мақсатым: балада психикалық процестер мен психикалық қасиеттердің қалыптасуымен дамуын және сол жыл бойына алған білімдерінің деңгейін тексеру баланы оқытуда және тәрбиелеуде . Мұндай жарыстар баланың қызығушылығын арттырып дүние заттары мен құбылыстарын танысам, көре білсем деген талабын арттыра түседі.
Мысалы : суретпен жұмыс, сөзжұмбақтар, т.б. көрнекіліктерді қолданып отырамын.
Іс әрекетінде логикалық ойындарды ойнағанда, балалардың ойлау қабілетін арттыру. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл -ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.
Венн диаграммасы. Бір -біріне жуықтау термин сөздерді, ұқсастығы мен айырмашлығын талдау. (ересектер, мектепалды даярлық топта қолданады) 
Тірек сызбасы деген тарауыда тақтаға іліп талдау жасау арқылы балаларды ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Өткен тақырыптарды бүкіл балаға түсінікті болуы, олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шығармашылық ізденіс, оқу-тәрбие процесін оптималдандыру нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бала білімінің тиянақты да сапалы болуы сабақтың шебер ұйымдастырылуына байланысты.
Кубизм әдісі – текшенің алты қыры арқылы термин сөзді талдау, кубиктегі бейнеленген суретке қарап, өз ойларын жеткізу.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, ұстаз парызы. Шығармашылық жаттығулар балалардан тек қана математикадан білім емес күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Ойлау-логиканың заңдылықтармен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық дамыту жолы – логикалық ойындар

Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?», «Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар», «Логикалық есептер», «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл-ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады.

Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.Білім берудің басты мақсаты - үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау. Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады. Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада, білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда, жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады. Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді, оқуға деген құлшынысы төмендейді. Бала логикалық операцияларды меңгергенде, анық және дәл ойлай алады, амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді, өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады. Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.

Логикалық тәсілдер - салыстыру, талдау, жіктеу, дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады. Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді. Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір соқу қызметтің құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – ҰОҚ. ҰОҚ-ті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және оқу қызметінде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады.Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.ҰОҚ-нің құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. 
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. 
Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.
Санай білуге үйрету тәсілдері.
Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар.
Қандай сан қалып қойды
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.
Көршілес сандарды тап
Көршілес сандарды тап атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады.
Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар 
Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды бастарына тартып сапқа тұрады. Бірінші, екінші деп дауыстап санайды. Жүргізуші қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып, шығып кетеді. Осы кезде орамалды әпкейлер орын алмасып тұрады, жүргізуші қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді, ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты. Жүргізуші дұрыс жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке дағдыландыру үшін Өз орныңа тұр ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді. Сонан соң тәрбиеші белгі береді Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!. Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді

Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Осындай логикалық тапсырмалар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденістің нәтижесінде балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру бағытындағы тапсырмалардың басты назарында болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейдегі балалар көріне бастады. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры - бүгінгі ұрпақ. Сондықтан бүгінгі күн талабына жан-жақты дамыған жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты парасатты азамат тәрбиелеуді міндет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. [Білім заңы]

  2. [Сиқырлы пішіндер мен сандар 2003 ж]

  3. [Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі 2011 ж]

  4. [Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі 2014 ж]

  5. [Мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытушы технологиялар әдістемелік құрал 2014 ж]

  6. [Бала мен балабақша №9 2014 ж]

  7. [Мектептегі психология №5, 2011 жыл]

  8. [Мектептегі психология №1 2009 жыл]

  9. [Бала тәрбиесі № 2 2014 ж , № 4 2013 ж]

  10. [Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет]

  11. [В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»]

  12. [Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998ж.]

  13. [Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006]

  14. [«Балаңыз мектепке дайын ба?»,«Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінін» тест тапсырмалар мен жаттығулар]











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!