Мектеп жасына дейінгі балалардың
қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және
ерекшеліктері.
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл
көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда
болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы
керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын
ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап,
білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы
болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты,
шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу -
танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен
оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне,
мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық
сипаттарға ие болады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың
орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп
отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне
көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға
ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп,
тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық
сыныптарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі
әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы
тиіс:
1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті
көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге
қойылуы керек
2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі
балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
3.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын
қамтамасызетуі керек.
4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың
түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім
қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі
керек.
Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе
сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын
тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде
өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге
дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу
керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін
рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда
қызық.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу
үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес.
Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір
сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл
адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык
тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс -
әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай
қызметтерді атқарады:
-
Ойын сауық;
-
Комумуникативтік немесе қарым -
қатынастық;
-
Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі
тану);
-
Коррекциялық (өзін - өзі
түзету);
-
Әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына,
қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын -
адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты
жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен
санасып, бір - біріне деген сенімділігін
арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс
ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері
шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар,
ережелері, көбінесе қарапайым ойындар
құрайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі
жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып
табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады.
Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын
күшейтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды
бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс
ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың
керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен
сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке,шыдамдылыққа және ұйымшыл
болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін
дамытады.
Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан
айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және
уақыт регламентін талғамайды.
Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып
кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал
төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға
болады.
Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде
қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған,
аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және
конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары
желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін
мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері
жылы әрі қозғалуға ыңғайлы болуы
керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және
ерекшеліктері.
Қимылды ойындар балалардыың өздерінің білімдері
мен ептіліктерін ойындардың қүбылмалы жағдайларында нақтылы
қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді.
Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды
тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін
қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білуді қажеттілігі
өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының
қалыптасуына жағдай жасайды. Қимылды ойындарда тәрбиешінің
балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның
мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін
біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта
жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар
қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың
шығармашылық әрекеттері орындайтын рөльдеріне («Аққу-қаздар»,
«Соқыр теке», және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рольдік
қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын
реттейді,ойындардың өзінің жүргізілу барысын
нақтылайды.
Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар
ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды («Маған қуып
жетіңдер», «Шағынқақпаға қарай» және басқа), әлдебір заттарды
әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру),
орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты дамуына
ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша
жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектену және
секірулер; лақтыру жәнеқағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау
ойындары. Бұлайша болу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін
ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын
жеңілдетеді.
Ойындарды жоғары, орташа және аз қимылдылар деп
бөлінеді. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс
интенсивтілігімен және оның белсенділігі мен, сондай-ақ ойында
белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай
анықталады.
3 жастағы балаларға арналған қимылдық
ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн
сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8
минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың
санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына
байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада
өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған
қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та,
шағын топтармен де өткізіледі. Ойындарды серуеннің әр кезінде
өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап
келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында
ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара
өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда
тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұймдастырған ойыны бүкіл топ
ойынына өте жиі айналып отыратынын естен шығармау керек, өйткені үш
жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді
араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын
алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым
қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу,
қоңырауды соғу, допты қуып жету
т.б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері,
мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен
творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарын
қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы
өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы
қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы
білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты
рольді орындау мен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы
балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға
қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу
барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі – ойын барысына
ықпал ететін жауапты кез. Балдылғандарға ойынды эмоциялы,
түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен
баса көрсете түсіндіруі керек.
«Мысық пен тышқан», «Аю мен аралар», «Сиыр мен
шөп», т.б. қимыл қозғалыс ойындары
ойналады.