400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп неге буллинг мекеніне айналды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың мақсаты-жасөспірімдер арасындағы буллингтің негізгі ерекшеліктерін анықтау,солардың ішінде агрессивті мінез-құлықтың көбеюі,осы мәселелер бірінші орында буллингке қатысы бар.Бұл мақалада оқу орындарындағы жасөспірімдердің арасындағы мінезінен көрінетін буллинг мәселесін анықтаймыз. Буллинг мәселесі біздің елімізде де бар ,тіпті жылдан жылға көбейіп, өсіп келе жатыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп неге буллинг мекеніне айналды?


п.ғ.м аға оқытушысы Айтжанова Э.Н

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Студент:Болатқызы Аяулым

Болатқанқызы Мерей


Андатпа:


Мақаланың мақсаты-жасөспірімдер арасындағы буллингтің негізгі ерекшеліктерін анықтау,солардың ішінде агрессивті мінез-құлықтың көбеюі,осы мәселелер бірінші орында буллингке қатысы бар.Бұл мақалада оқу орындарындағы жасөспірімдердің арасындағы мінезінен көрінетін буллинг мәселесін анықтаймыз.

Буллинг мәселесі біздің елімізде де бар ,тіпті жылдан жылға көбейіп, өсіп келе жатыр.



Айтылып отырған сұрақтар әрбіріміздің ата-анамыздың көңілдеріне алаң ұялатары анық.Мектеп оқушыларының осы буллинг құрбаны болғанын естіген сәтте көңіліміздегі күдік одан сайын ұлғайып, ата-ана баласының мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына назар аудара түсетіні жасырын емес. Себебі осы буллинг құрбаны болған балалардың көбі өзінің ішіндегі жай күйін,ішкі күйзелісін сыртқа шығара бермейді,басынан өтіп жаткан мәселелерді басқа жандармен бөлісуді құптамайды.Осындай оқиғалардын бірі өзіміздің басымызданда өтіп жатыр дер едім.Буллинг негізі қоғамда оқушылар арасында ғанадеген түсінік қалыптасып қалған.Негізінен әлімжеттік кез келген жерде болады.Мәселен үйде,көшеде,жұмыста,жоғарғы оқу орындарында жалпы айтқанда барлық жерде болады. Әлімжеттік деген ол өте ауыр жағдайлардың бірі.Тіпті өлімге де апарады.Оны жеңе білу керек.

Демек,осы мәселенің түсіну,ұғыну ата-ана мен ұстаздардың жауапкершілігінде болмақ.Әңгімені ең алдымен осы буллингті жасайтын, яғни агрессор балалардан бастайық. Білеміз, әр сыныпта ашушаң, мінезі шатақ оқушылар болады. Олар өзінің сыныптастарын немесе баска оқушылардыяғни айтқанда өзімен қатарластарын кемсітіп, мұқатса, енді бірде күш көрсету арқылы оқушыларға психологиялық қысым көрсетуге үйір болып келеді.Көбіне мұндай жағдайларға бастауыш немесе орта сынып оқушылары жиі тап болатынын да байқаймыз.


Негізі психологтардың ойларынша буллингті ұйымдастыру, агрессорлық әрекет үш түрлі баланың бойында болады деген екен.Олар:.

  • Ең біріншісі бұзақылар. Олар атаман яғни сыныпта жетекіші болуға ұмтылып, түрлі себеппен өзінің сыныптасын кемсітіп,тиісеуге ұмтылады

  • Екіншісі бақылаушылар. Мұндай санаттағы оқушылар көбінесе ұрыс, жанжалдан алыс жүргенімен, буллингті қолдайтындардың бірі болып келеді.

  • Соңғысы жәбірленуші.

Ең қызығы сол, «бұзақы» тобындағы балалардың көпшілігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушылар юолып келеді екен. Үйіндегі ата-анасы немесе туыстары баланы ұратын болса,ол мектепте қатарластарына күш көрсету арқылы ішіндегі ашуын шығаруға, әлін көрсетуге тырысады екен. Осындай санатты балаға міндетті түрде психологиялық көмек көрсетілуі шарт. Өзіміздің қазақы тәрбиеде осы бұзықтықты ер балаға ғана тән мінез деп санайтын адамдардың кесірінен көп ата-ана бұл жағдайға мән бермейтіні жалған емес. Алайда бір баланың зияны бірнеше оқушыға тиуі мүмкін. Тек жоғарыда айтып кеткендей жәбірленуші балалар ғана емес бақылаушы балалар да психологиялық қысымды көреді.Оған қоса қоғамдағы тәрбиенің бір бөлігіне айналған десекте болады яғни «

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
96
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі