400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп оқушыларын қашықтан оқытудың төрт түрі бекітілді

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жалпы бүкіл Қазақстан білім алушы оқушыларға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп оқушыларын қашықтан оқытудың төрт түрі бекітілді



Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытудың төрт түрін бекітті. Сабақтар екі республикалық арнадан көрсетіледі әрі радиобайланыс пен интернет арқылы таратылады. Телеарна, интернет не радиодан білім алуға мүмкіндігі жоқ оқушылар пошта арқылы сабақ оқиды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр Асхат Аймағамбетов хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде 300 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ. Ал жүздеген баланың интернетке қосылатын мүмкіндігі жоқ. Министр бұл мәселені шететінін айтты. 

«Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін бірнеше негізгі бағытты анықтап алған жөн. Бірінші бағыт — телеарналар мен телесабақтар арқылы оқыту. Біз екі арнамен келісім жасастық. «Балапан» мен «Ел арна» — Қазақстанның жер-жерінде жұмыс істейтін, ауылдық мекендерге де қосылған республикалық телеарналар. Сондықтан бұл арналар телесабақтарды көрсететін болады», — деп хабарлады Аймағамбетов.

Оның сөзінше, төртінші тоқсанды толықтай игеру үшін 3360 телесабақ түсіру керек. Қазіргі таңда оның 300-і дайын. 

Оқытудың екінші бағыты радиобайланыс арқылы жүзеге асады. 

«Біз «Қазақ радиосы»-мен келістік. Бұл компания еліміздің барлық аймағында жұмыс істейді. Сондықтан осы радиоканал арқылы сабақ өткіземіз», — деді министр.

Оқытуды жалғастыру үшін пошта да іске қосылады. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 5-10  бала тұратын мыңнан астам елді-мекен бар. Ол жерлерде мектеп жоқ. 

«Бұрын біз бұл балалардың жақын аймақтағы мектепке барып-келуін қамтамасыз ететінбіз. Қазір ондай жерлерде сабақты пошта арқылы оқытуды жоспарлап отырмыз. Осылайша білім беру процесін жалғастырмақпыз.  Шыны керек, бұрын да қыста мұндай елді-мекендердегі балаларды мектепке жеткізумен проблемалар жиі туындайтын. Сондықтан ол кездері пошта арқылы оқыту жүйесін қолданған едік» — деді Аймағамбетов.

Қашықтан оқытудың төртінші түрі — интернет жүйелер мен интернет-платформалар арқылы жұмыс істеу. Білім беруде қолдануға болатын әлемдік платформалар да бар. 

«6 сәуірге дейін интернет-платформалар дайын болады. Бірақ оларды қолдану үшін балаларда компьютер мен интернет болуы керек. Біздің есептеулерімізше, 300 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ. Сонымен қатар, бірнеше жүздеген бала интернетке қосыла алмайды. Бұл — үлкен сынақ», — деді министр.

Мәселені шешу үшін оқушыларға мектептегі компьютерлерді уақытша қолдануға мүмкіндік беріледі. Сонымен бірге, мемлекет қосымша 80 мың компьютер сатып алады. 

Министрдің сөзінше, ауылдық аймақта ғана емес, қалада тұратын кейбір бала да интернетке қосыла алмайды. 

«Бұл мәселе бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы органдарға арнайы роутер алып, оларды интернетке қосу тапсырмасы берілді. Интернет-провайдерлермен келістік, оқушыларды интернетпен қамту үшін әрі қарай жұмыс жүргіземіз», — деді Аймағамбетов.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі