Материалдар / МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез-келген мамандықтың өзiндiк ерекшелiктерi, құзыреттіліктері болады. Музыка мұғалiмiнiң де өзiне тән «құпиясы» бар. Музыка мұғалiмi әрдайым шығармашылық iзденiсте жүредi. Оқытушы оқутәрбиелiк жұмыстарын жүргiзе отырып, балалардың көзқарастарын, сенiм - нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан-жақты дамыған, бiлiмдi, өз пәнiн жақсы меңгерген маман иесi болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиiс. Музыка өнерi арқылы балаларды тәрбиелеуде, оның дүниетанымының, көзқарасының, түсiнiгiнiң мәндiлiгi қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалiм әрдайым өзiнiң музыкалық 299 қызығушылығы мен шығармашылық қабiлеттерiн жетiлдiруде болуы тиiс. Мұғалiмнiң музыкалық аспапта орындауы, дауысымен еркiн ән салуы сабақтың қызықты, әрi әсерлi, мазмұнды өтуiне себебiн тигiзедi. Әсiресе қажет болған жағдайда кез-келген тактiнi, музыкалық сөйлемдi қайта қайталауға ыңғайлы болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2022
245
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зиятабай Аян Арманұлы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы



МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

Кез-келген мамандықтың өзiндiк ерекшелiктерi, құзыреттіліктері болады. Музыка мұғалiмiнiң де өзiне тән «құпиясы» бар. Музыка мұғалiмi әрдайым шығармашылық iзденiсте жүредi. Оқытушы оқутәрбиелiк жұмыстарын жүргiзе отырып, балалардың көзқарастарын, сенiм - нанымдарын, талғамдарын қалыптастырады. Ол тек жан-жақты дамыған, бiлiмдi, өз пәнiн жақсы меңгерген маман иесi болып қана қоймай, жеке тұлға болуы тиiс. Музыка өнерi арқылы балаларды тәрбиелеуде, оның дүниетанымының, көзқарасының, түсiнiгiнiң мәндiлiгi қажет. Бұл мамандықты қалаған мұғалiм әрдайым өзiнiң музыкалық 299 қызығушылығы мен шығармашылық қабiлеттерiн жетiлдiруде болуы тиiс. Мұғалiмнiң музыкалық аспапта орындауы, дауысымен еркiн ән салуы сабақтың қызықты, әрi әсерлi, мазмұнды өтуiне себебiн тигiзедi. Әсiресе қажет болған жағдайда кез-келген тактiнi, музыкалық сөйлемдi қайта қайталауға ыңғайлы болады. Сонымен қатар балалардың өздерiнiң орындауға қызығушылығын арттырады. Музыка мұғалiмi кез-келген сауатты музыкант ретiнде музыкалық әдебиеттi, музыканың тарихын, музыка тiлiнiң ерекшелiктерi мен заңдылықтарын талдай бiлуi тиiс. Сондай-ақ қоғамның дамуына байланысты музыкалық өнердiң маңызын, оның басқа да өнер салаларымен, атап айтқанда әдебиетпен, бейнелеу өнерiмен байланысын түсiнуi қажет. Қазiргi заман талабына сай бұл маман иелерiнiң алдына көптеген талаптар қойылуда.Қазiргi уақыттағы жүргiзiлген педагогикалық еңбектiң психологиясының зерттеулерiне сүйенсек, музыка мұғалiмiнiң қызметiнiң құзіреттілігіне келесi қажеттi жақтарын атауға болады: зерттеушiлiк (музыкалық шығармаларға және өнердiң басқа түрлерiнiң шығармаларына талдау жасау; әрiптестерiнiң, оқушылардың тәжiрибелерiн зерттеу; өз еңбегiн талдау; өз жұмысында қолдану мақсатындағы ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттердi зерттеу); проектiлеу (оқушылардың эстетикалық тәрбиесiне бағытталған оқу-тәрбиелiк мiндеттердi, олардың бiлiмдi меңгерудi, дағдылары мен iскерлiктерiн қалыптастыруды, олардың музыкалық және творчестволық қабiлеттерiн дамытуды жоспарлау); конструктiлеу (сабақтардың, сыныптан тыс жүргiзiлетiн музыкалық сабақтарды құрастыру); коммуникациялық (оқушылармен қарым-қатынасты сенiм мен сыйластықта негiзделiп жасау, оқушылардың алдында беделдi болу); ұйымдастырушылық (оқутәрбиелiк мiндеттердi iс жүзiнде шешу).Әрине, осының барлығы мұғалiмнiң жұмысында байланысып, оқушыларға музыкалық бiлiм берудiң мiндеттерiн шешуге бағытталады. Музыка мұғалiмiнiң бойында, құзыреттілігінде зерттей бiлу дағдылары болуы тиiс. Ол музыкалық шығармаларды балаларға әсер етуiне байланысты таңдап, талдайды, жас және жеке ерекшелiктерiн ескере отырып, оқушылардың музыканы қабылдауларын зерттейдi. Музыкалық сабақтарды творчестволық iзденiсте жоспарлауы тәжiрибесiн толықтырып, мұғалiмнiң проектiлеушiлiк, конструктiлеушiлiк шеберлiгi артады. Оларға: оқу-тәрбиелiк мiндеттердi алдын-ала болжап, әрбiр сабақтың мiндетi мен мақсатын анықтау, оларды шешудегi қажеттi тәсiлдердi ойша жүгiртiп, қолайлы қиылыстырудағы әдiс-тәсiлдердi табу жатады. Мұғалiмнiң балалармен тiл табыса бiлу iскерлiгi болуы тиiс. Мұғалiм тек музыкалық шығармаларды орындап қана қоймай, сол шығарма жайында әңгiмелеп, сазгерге, оның шығармашылығына, музыкаға деген өзiнiң көзқарастарын айта отырып, балалардың көңiл-күйлерiне әсерiн тигiзедi. Мұғалiмнiң балалар алдындағы беделiнiң артуы, оның талап қоя бiлуiне, iсiне мән беруiне де байланысты. Тақырыптарды ашу барысындағы танымдылық сұрақтарды қоя бiлу мұғалiмнiң тiл байлығы мен педагогикалық шеберлiгiне, iскерлiгiне байланысты. Орынды қойылған танымдылық сұрақтар оқушыларды ойландырып, музыкалық шығармалар жайында өздерiнiң ой-пiкiрлерiн айтуға бағыттайды, қиялдарын дамытады.Мұғалiмнiң бойындағы ұйымдастырушылық қабiлетiнiң болуы оның жұмысының жақсы жетiстiктерге жетуiне әсерiн тигiзедi. Осы қабiлетiмен балалардың әртүрлi iс-әрекеттермен қызыға айналысуларына өзiнiң күш-жiгерiн жұмсайды. Музыка мұғалімінің кәсіби құзыреттілік іс-әрекеті,әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың әнге қызығуы, ұнатуы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай, әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беруі тиіс. Егер қажет деп тапса, әнді күйтабақпен тыңдауға немесе алдын- ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады.Қандай жағдайда да әннің сапасы болу керек. Ән туралы әңгіме. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу үшін әңгіме жүргізуге, қосымша көрнекті құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен әдебиетке байланыстыруға болады. Дегенмен де, ән туралы әңгіме ұзаққа созылып, балаларлың назарын ән үйретуден бұрын кетпеуі керек. Бұл жерде композиторлар, әннің сөзін жазған ақын, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады.Ән үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Әдетте әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, шумағын түгел айтқызады, егер қайырмасы болса әрі қарай да тура осылай баулынады. Мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуына болады, үшінші рет кәдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады. Әр қайталанғанда мұғалім жай айтқыза самай, белгілі бір талап қойып отыруы тиіс. Мысалы; “Мұғалімдерге қосылып айт”, “Әуеннің жүру бағытын қолыңмен көрсет”, “Ақырын айт” “Жәй екпінде орында” т.б. Мұндай талаптар көп қойылуы мүмкін, ал ондағы мақсат әнді дұрыс үйрену. Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып, алдын-ала жаттығу ретінде үйретуге болады.Әнді үйретудің бұдан да басқа толып жатқан тәсілдері бар. Мысалы, есту арқылы үйрету, графикалық сызықтарға сүйену, нотаға сүйену, сольфеджиомен айту, қолдың көмегімен түрлі биіктерді көрсету, сольминазацияға сүйену т.б. Бұл әдістерді бір-бірімен байланыстыра, жеке-жеке үйретілетін әнге, балалардың жас ерекшеліктеріне, музыкалық қабілеттеріне орай қолдануға болады.Кейбір жағдайларда әуендері негізінен қайталанатын немесе бірбірінен сәл ғана өзгешеліктері бар әндер кездеседі. Ондай жағдайда әнді тұтас үйреніп, артынан жеке-жеке фразаларына тоқталуға болады мұндай шығармаларға мысал ретінде халық әні “Әлдиді”, Б.Ғазитовтың “Біз -өмірдің гүліміз” әндерін жатқызуға болады.Ән үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі- оның сөзін жаттау. Мұғалім, әдетте тексті тақтаға жазып қояды, көрнекі құралдан көрсетеді.Әнді орындап болған соң, мұғалім 300 өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын тексте кездесетін қиын сөздерді түсіндіруі тиіс. Сөзді әннен бұрын жаттату дұрыс емес. Сөздің мәнін жақсы сезінген бала әнді мәнерлеп айтуға тырысады. Мұғалімнің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі – баланы әнді мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.Түрлі музыкалық шығармалар балаларды сезімдік толғанысқа келтіріп, белгілі бір көңіл-күйін келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір сипатқа ие болады. Мысалы, мерекелік марштың салтанатты үні адамды қуантады, жанына жігер береді. Бұл дененің тік ұстауына, қолмен аяқтың дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады. Керісінше салмақты, баяу қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай, барынша еркіндікпен жасауға мүмкіндік береді. Музыкамен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы үйлесімділігімен шектелмейді. Музыкалық образдың дамуы, бір-біріне қарама-қарсы және ұқсас музыкалық құрылымдарды саластыру, мәнерлікке ренк, ырғақтық өнер ерекшелігі, динамикалық ерекшеліктер, қарқын – осының бәрі қимылдан көрініс таба алады.Көркемдік образ уақытына орай дамытыла отырып, музыкалық мәнерлік құралдарының ұштасу және алмасып отыру көмегімен беріледі. Сондай-ақ қимылда уақытқа орай жетіледі: оның сипаты, бағыты өзгереді, өрнектен құрылым жетілдіреді, оның жеке-дара және топтық жүйелілігі ауыстырылып отырылады.Қарама-қарсылық және қайталаушылық принципі музыкада қимылдың қарама-қарсылық және оның қайталаушылық жағдайына сәйкес болады. Жеңіл ырғақтар, көңіл аудару қол соғу, аяқпен тақылдату арқылы жасалса, динамикалық, қарқынды сәттер-күш жұмсау, қимылды жылдамдату, теңселуді шектеу және қимыл бағытын өзгерту мен белгіленеді. Музыканы көркем орындау дегеніміз - бұл айқындық қарапайымдылық, дәлдік. Бұл орайда балаларды қажетті эмоционалды әсерленуден айыратын оңайлату мен бұрмалаудың әр алуан түрлеріне жол беруге болмайды. Өйткені, вокалдық және аспаптық шығармалады оқушы тыңдайды, олай болса дыбыс және ырғақ орташа, ал үні табиғи әрі биязы болуы маңызды. Педагогтың музыка жайлы сөздері қысқа, айқын, бейнелі, шығарма мазмұнының сипатына, музыкалық айқындылықтық құралдары болуға бағытталуы тиісті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!