Материалдар / МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2024
63
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде айқындалған.

Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі міндеттер көрсетілген, олар келесі бағыттарды қамтиды:

  • әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы дамытушы қауіпсіз білім беру, оның ішінде инклюзивті орта құру;


  • балаларды оларға қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту (шаршатпау) ;

  • баланы білім беру қатынастарының толыққанды қатысушысы (субъектісі) деп тану;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарас философиясын қалыптастыру;

  • мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (қауіпті немесе қауіпсіз іс- әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларды реттеу; баланың жалпы танымдық дамуы);

  • халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен жағдайын ескеріп, балалар үшін сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.


Тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдасытрудың ерекшеліктері Мектепалды даярлық сыныптары

5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

  • балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);

  • мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);

  • ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;

  • баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:

  1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі

  • Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

  1. «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;


  1. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі Үлгілік оқу жоспарлары);

  2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.

Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:

    • физикалық дамыту;

    • коммуникативтік дағдыларды дамыту;

    • танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;

    • шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;

    • әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.

Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс- әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:

  1. дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру);

  2. жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

  3. сөйлеуді дамыту;

  4. көркем әдебиет;

  5. сауат ашу негіздері;

  6. қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда);

  7. сенсорика;

  8. математика негіздері;

  9. құрастыру;

  10. қоршаған ортамен таныстыру;

  11. сурет салу;

  12. мүсіндеу;

  13. жапсыру;

  14. музыка.

Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс- әрекеттер берілді.


Ұйымдастырылған іс-әрекет - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет.

Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.

«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат білім беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң өткізу ұсынылады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.

Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс- әрекеттері аптасына екі сағаттан білім беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту ұсынылады.

Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен


таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым- қатынасты игерту ұсынылады.

Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін сыныпта балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыру ұсынылады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беру маңызды.

Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды даярлық сыныбында Сауат ашу негіздері аптасына үш сағат өткізіледі.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.

Мектепалды даярлық сыныптарында математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат өткізіледі. Мектеп алды даярлық балалары үшін күн сайын танымдық, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға болады. Мұнда математикалық ұғымдарды (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) бекіту үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады.

Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына екі сағат өткізіледі. Мұнда объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын, еңбек және басқа да әрекеттер арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды.

Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді.

Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру аптасына бір сағат жүргізіледі, ал шығармашылық бейнелеу іс-әрекеті күн сайын балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырылады және мұнда бірнеше іс- әрекет түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір іс-әрекет түрімен айналысуына болады.

Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.

«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті мектепалды даярлық сыныптарында аптасына екі рет білім беру ұйымының сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында оқу - тәрбиелеу процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұнын меңгеру кезеңі).


Мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін каникул күндері мектептердің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес белгіленеді (ҚР БҒМ №595 бұйрығы).


Тәрбиелеу-білім беру процесі:

    • перспективалық жоспарға;

    • тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады.

Перспективалық жоспар – әрбір айға білім беру ұйымының кестесіне сәйкес Үлгілік оқу жоспарында айқындалған ұйымдастырылған іс-әрекеттері бойынша тәрбиешімен, денешынықтыру нұсқаушысымен, қазақ тілі мұғалімі және музыка жетекшісімен құрылады. Перспективалық жоспарда ұйымдастырылған іс-әрекеттердің тақырыбы мен Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес міндеттері айқындалады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.

Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес топтардың толықтырылуы:

  1. мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) - 25 баладан артық емес.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.

Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады:

  • перспективалық жоспарды және циклограмманы (балалардың мектепалды сыныбында болатын мерзімге) құрастырады;

  • ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді;

  • таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.), серуен, жеке жұмыс ұйымдастырады;

  • балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді;

  • ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

  • білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады; (жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.);

  • ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бірінші сынып оқушысының мектепте оқуға қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Осы міндетті іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары өткізіледі.

Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.

Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізінде әзірленген (www.irrd.kz) және балалар әрекетінің түрлерін кіріктіру арқылы іске асырылады.

Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын- сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест, логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді.


Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл- ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын

материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен

ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.

Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.

Дамытушы орта мыналарды:

  • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;

  • инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда оған қажетті жағдайлар жасауды;

  • білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:

    • қауіпсіз;

    • қолжетімді;

    • әртүрлі;

    • мазмұнды;

    • көп атқарымды;

    • өзгермелі;

    • тартымды.

Мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында) заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:

дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.

Сонымен қатар, көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын іске асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.

Сондай-ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз қызығушылықтарына сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында заттық-кеңістіктік ортаны ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес зоналар бойынша жарақтандыру ұсынылады.

Мектепалды даярлық сыныбының педагогіне қойылатын талаптар

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыт дамыту Моделінде белгіленген.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделіндегі педагогтер өз ұйымдарындағы өзгерістердің агенттері болуға тиіс. Ол үшін білім беру процесін ұйымдастырушыдан баланы дамыту мен оқыту процесінің фасилитаторы рөліне өз рөлін өзгерту қажеттілігі талап етіледі. Педагогтер үнемі оқып, зерттеу жүргізіп, балалардың даму процесін бақылап және күнделікті жұмысына рефлексия жасай отырып, өздерін балалар рөлінде, сондай – ақ педагогтер ретінде көруі тиіс. Педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды.

Педагог сабақтар мен режимдік сәттердің білім беру міндеттерін айқындауда тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету емес, дербес шешім қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.

Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және жауапты бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және ұқыпты жүргізеді (№130 ҚР БҒМ бүйрығына сейкес 1,2,3 қосымшалары). Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде мектепке дейінгі ұйымның әрбір қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан ұйымның әр қызметкері қажетті біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.

Педагогтер мен басқа да қызметкерлер жұмысының негізгі қағидалары:

    • оқытудың кіріктірілген тәсілі;

    • баланы толыққанды дамыту;

    • ойын арқылы оқытуға баланы тарту;

    • балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;

    • маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;

    • инклюзивті білім беру кеңістігін құру;

    • баланың жеке басын құрметтеу;

- баланы дамыту мақсатында күтім жасау.


Педагогтің құзыреттілігі:

    • баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;

    • баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;

    • баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды жақсы көру;

    • көшбасшылық дағдылары;

    • туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі;

    • сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі;

    • өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;

    • эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» және «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық конкурстарына қатыса отырып, кәсіби педагогикалық қызметтегі өз жетістіктерін, балалармен өз жұмысының, ата-аналармен бірлескен жұмысының нәтижелерін көрсете алады.

Сонымен қатар, жыл бойы балаларға арналған келесі байқаулар өткізіледі:

    1. «Шымырлық пен шеберлік күні» Наурыз мерекесіне орай балалардың түрлі әрекет түріне негізделген шығармашылық байқау.

    2. «Әжем, анам және мен» аналар мерекесіне арналған отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу байқауы.

    3. «Мен зерттеушімін» республикалық мектеп жасына дейінгі балалар байқауы.

    4. «Өнерлі бала» республикалық балалар шығармашылығы байқауы (би, ән айту, мәнерлеп оқу және басқа).

    5. «Ана тілім - айбыным» Қазақстан халқының Тілдері күніне орай шығармашылық байқау.

    6. «Ән шырқайық бәріміз» Республика күніне арналған патриоттық әндер байқауы.

    7. «Қызыққа толы сәттер» жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру кезіндегі бейнебаян, фото-сюжеттер байқауы.

    8. «Балаларға базарлық» кітап бұрышын ұйымдастыру байқауы.

    9. «Әкем асқар тауым» әкелердің тәрбие мектебін дәріптеу байқауы.

Осы байқаулардың ережелері Институттың www.irrd.kz сайтында орналастырылған.


Мектепке дейінгі білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі - Институт) www.irrd.kz. порталы қамтамасыз етеді.

Сайтта:

    • мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер (НҚА айдары);

    • әдістемелік ұсынымдар, құралдар және т.б. (әдістемелік әзірлемелер айдары);

    • Институттың жылдық жұмыс жоспары:

    • республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелер, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардыңт қорытынды ақпараттары және т.б. орналастырылған. Сонымен қатар Орталықтың сайтында «Дана бала» республикалық

ғылыми-ақпараттық журналы (әдістемелік материалдар айдары) орналастырылған, онда мектепке дейінгі ұйымдардың, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарының педагогтері тегін өз мақалаларын жариялай алады. Осы айдарда мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар мен ережелермен танысуға болады.Сонымен қатар өткізілген вебинарлардың, практикалық семинарлардың материалдары, бейнежазбалары педагогтер үшін сайттың «Жаңалықтар» айдарында орналастырылған.

Бұл портал қолжетімді, материал тегін жүктеледі.

Сонымен қатар, сайтта Jivosait айдары жұмыс істейді, онда Институт мамандары педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының сұрақтарына жауап береді.

Мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпараттар орналастыру үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp) білім басқармалары мамандарының, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтерінің чаты құрылған.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!