Материалдар / Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамытудан сабақ конспектісі Тақырыбы: Елордасы — Астана.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамытудан сабақ конспектісі Тақырыбы: Елордасы — Астана.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекілу. Міндеті: -Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. -Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге бау¬лу ; -Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту. -өз елінедеген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу; Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа. Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2022
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамытудан сабақ конспектісі

Тақырыбы: Елордасы — Астана.

Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекілу.

Міндеті:

-Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру.

-Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге бау­лу ;

-Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

-өз елінедеген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.

Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе бөлім.

- Біздің еліміз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.

а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым - Астанам.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

ә) Астана туралы мәлімет беру.

Педагог елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді.

Сулы Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.

Ақорда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Бәйтерек - Астананың басты белгісі.

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс - шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.

Парламент үйі - Өкімет үйі.

Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат.

Астана циркі - цирк ойындары көрсетілетін ғимарат.

Хан Шатыры - Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы.

Мұхит аралы - мұхит жануарларын көретін орын.

- Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20 - сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.

Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендер де серуендеп тамашалайды.

б) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.

в) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздер құрастыру.

А - ана, алма, ...

С - су, сан, ...

Т - таң, тамаша, ...

А - асыл, ата, ...

Н - нан, нар, ...

А - апа, алқа, ...

г) Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту.

3.)Қортындылау.

Сабақта не туралы айттық? Астананың көрікті жерлерін атаңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!