Мектепішілік кәсіби бағдар беру жұмысының І жартыжылдық есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепішілік кәсіби бағдар беру жұмысының І жартыжылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепішілік кәсіби бағдар беру жұмысының

І жартыжылдық есебі



Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. .білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.Мектебімізде оқу жылының басталуына орай оқушыларға Кәсіби бағдар беру жұмысы қолға алынып жылдық жоспар жасақталды.

Мақсаты: 

Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру.Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту;

  • Кәсіби білім беруде мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстаарын ұйымдастыру;

  • Химия, биология, физика, математика, қоғамтану пәндерінен бағыт бойынша топтық тапсырмасын орындау;

  • Кәсіби бағдар беруді оқу бағдарламасына, оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.

Кәсіби бағдар беру жұмысы 3 бағытта жұмыс жасайды:

  • Педагогтармен жұмыс

  • Оқушылармен жұмыс

  • Ата-аналармен жұмыс

  1. Педагогтармен жұмыс

1. Қыркүйек айының Іаптасында мектеп директоры және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен Кәсіптік бағдар беру кеңесін құрды. Кеңес нәтижесінде:

    • Оқушыларға Кәсіби бағдар беру жоспары құрылып, жүзеге асырылсын және тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебі берілуін;

    • Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелуін бұйырды.



2. Қыркүйек айының ІІ аптасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен Мұғалімдерді кәсіптік бағыт-бағдар берудегі нұсқау, бұйрық, шешімдермен таныстыру жұмысы жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде меектеп мұғалімдерінен: «Оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі» деген тұжырымдама жасалды.

Қыркүйек айынан бастап Кәсіби бағдар беру маманы мен мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі, әлеуметтік мұғалім, психолог жауапты болуымен :

3. Мектептегі оқушыларының кәсіби бағдар беру жұмысын талдау және тексеру;

4. Мектептегі оқушыларының кәсіби бағдар берудегі қалалық өндіріс пен әрекеттестігі (кездесу және экскурсия);

5. Сыныптағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру туралы мұғалімдерге жеке кеңестер беру;

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын анықтауға көмек көрсету жұмыстары бастап жүргізіліп, есебі берілді.

  1. Оқушылармен жұмыс

7. Қыркүйек айының І аптасында Кәсіби бағдар беру маманы мен әлеуметтік педагогы бірлесіп Кәсіптік білім мекемелерінде мектеп бітіруші түлектердің оқуын жалғастыруы бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау анықтамалары дайындалды.

8. Қыркүйек айының ІІ аптасында Кәсіби бағдар беру маманы мен технология пәні мұғалімі бірлесіп Техникалық бағыт бойынша қосымша білім беру бөлімдерімен жұмыстар ұйымдастырды. Жұмыс нәтижесінде суретті есеп және іс-шаралар қорытындысы жасалды.

9. Қазан айында Кәсіби бағдар беру маманы мен бейнелеу пәні мұғалімі бірлесіп 5-7 сыныптар арасында «Менің болашақ мамандығым» сурет сайысы өткізіліп, талдау анықтамасы әзірленді.

10.Қараша айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Кім болам?» тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді. Жұмыс барысында оқушылармен таңдайтын мамандықтары мен мамандықтардың қажеттіліктері туралы пікір алмасты.

11. Қараша айында Кәсіби бағдар беру маманы мен сынып жетекшілері бірлесіп 5-8 сыныптар «Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина ұйымдастырылды. Оқушыларға мамандық туралы түрлі сұрақтар қойылды.Өз ойларын еркін жеткізе білді. Оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуін қадағалап ата-аналармен үнемі байланыс жасады.

12. Желтоқсан айында Кәсіби бағдар беру маманы мен технология пәні мұғалімі бірлесіп 6-7 сыныптар «Мамандыққа саяхат» мамандық әлемімен таныстыру ойыны ұйымдастырылды. Фото-суреттер арқылы жұмыстың есебі берілді.

Қыркүйек айынан бастап:

13. Кәсіби бағдар беру маманы мен мектеп психологы бірлесіп «Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» курсы басталды.

14. Кәсіби бағдар беру маманы мен мектеп психологы ұйымдастыруымен «Сенім жәшігі» кәсіп таңдаудағы сұрақтар арқылы кеңес беру жұмысы жүргізіле бастады.

15. 9 сыныптардан кезеңдік сауалнама алу жұмысы басталды.

16. Ата-аналарға, оқушыларға жеке кеңестер беріле бастады.

17. Ай сайын кітапханада «Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен толықтырылып, анықтама берілді.



  1. Ата- аналармен жұмыс

18. Қыркүйек айында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Кәсіби бағдар беру маманының ұйымдастыруымен оқу жоспарымен таныстыру жұмысы жүргізілді.

19. Қазан айында ата-аналармен ақылдаса отырып жалпы мектепішілік жиналысы тақырыптары мен өту уақыттары бергіленді.

Қыркүйек айынан бастап:

20. Мамандық таңдау бойынша жеке кеңестер беріле бастады.









Кәсіби білім беру маманы:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.11.2025
30
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі