Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың
рөлі.
Жамбыл облысы Тараз қаласы
Меңгеруші:
Саттибаева Амина
Лутипуллаевна
Театр балалардың көркем
қабілеттіліктерін жетілдіреді, оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа,
өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға
бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол
шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр - балалар үшін
мереке демалыс орны. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша
тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта
жойылмайды.
«Балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе ол
ойын, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды
болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан
болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы
алады».
А. С. Макаренко
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан
алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі
тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты,
саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор
бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп
отырғаны бәрімізге
мәлім.
Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын
орны ерекше деп
ойлаймын.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау,
қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын
оятамын.
Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,
бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті
арттырамын. Әр
балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлаймын,
оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын
дамытамын.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.
Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді
сіңіремін.
Біздің
балалар әр
нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті,
тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Топта 20 тәрбиеленуші бар.
Олардың әрқайсысының жан-жақты дамып, жеке тұлға болып
тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы
жетілдіремін..
Ойын - біздің балалар үшін
айналаны танып білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының
әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты
болады деп ойлаймын. Балалар алғашқы айлардан бастап – ақ
маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Қарым-қатынас
жасаумен қоғамдық тәжірибені игерудің қуатты құралы – тілді
бірте-бірте меңгертемін. Біздің балалар ересектер өміріне белсене
қатысқысы келеді,бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес
келмейді. Ойындар ойнату кезінде үлкендердің қызметіне еліктеп,
өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне
отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене
араласады.
Балалармен ертегіні арнайы
жаттаудың қажеті жоқ. Оларға қызықтыра оқып беруде жеткілікті деп
ойлаймын. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға
дамуының ширақтығы – осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі.
Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да,
ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай
бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ыммен,
интонациямен тікелей жеткізеді.
Драматизация ойынында балаға
қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек – ол үшін ойынның шын
мәнінде болғаны дұрыс. Драматизация ойынын өрістетуде, ойынның
сипатты белгілерін игеріп, оны рольде ойнап көрсетуге, оған өзімнің
ықыласымды қойып ертегіні оқып немесе айтып берген кезде көркемдік
әсерлендіру құралдарын пайдаланамын. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі
интонация, пауза, кейбір ишараттар бейнені жандандырып, оларды
балалағарға жақын етеді, олардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Ойынды
үсті-үстіне қайталай бастайды. Драматизация ойынына бір мезгілде
бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан мен балалардың бәрін де
кезекпен қатыстырып шығамын.
Балдарға рольдерді бөлетін
кезде балалардың ынтасын, тілегін ескеремін. Жасқаншақ балаларға
құрбыларына игі тілектестігін туғызып, оларға қандай рольді
тапсыруға болатынын айтып беремін. Басқалардың күте-күте жалықпауы
үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ ұйымдастырамын, көрушілер
мен ойнаушыларды алмастырып отырамын.
А. С. Макаренко былай деп
жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыстада көп
жағынан ұқсас болады». В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқандай
«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы
балаланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған
дүние туралы түсінік алады.»
Театрландырылған ойындар ойын
- қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған
көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып, оларды
кейіпкер ретінде қатыстырып отырамын. Баланы сахнада кейіпкер
ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан- жақты дамытамын.
Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты
оятамын. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы
байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен
және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйретемін.
Театрландырылған ойындар балалардың ой- өрісін кеңейтеді, балаларды
әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына
әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің
дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін
тигізеді.