МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәдірбай Айнұр Еркінқызы
№2 «ҚАРЛЫҒАШ» бөбекжай-бақшасы
Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған.
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер және отандық Едігенова А., Беремкулова М.Н., Сақтапбергенова М., Сапарбаева З.А. Султанбекова Ж.Х., Тлеумбетова Н.А., т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.
6. Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады.
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.
Мектепке баратын балаларды педагогикалық-психологиялық тұрғыда зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.
Мектепке дейінгі бала дамуының ғылыми-психологиялық зерттеу әдістері. Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.
Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.
Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс. Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.
Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Соның бірі неміс психологы В.Штерн (1871-1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күнделігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 ж) сәбилік шақтағы балалардың ақыл-ойының даму кезеңдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылаған қорытындыларына жиі сүйенеді. Кеңес зерттеушісі Н.Н.Ладыгина Корс (1889-1963) кішкентай Шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулары нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырды.
Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.
Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе оның белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек ойын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы немесе бір ғана үдерістің кемшілігі есепке алынады. Ч.Дарвиннің өз ұлының эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал, кеңес лингвисі А.Н.Гвоздев (1949) өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды.
Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Бақылауды жоспарлы түрде жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.
Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.
2.Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі.
Балаларды зерттеуді тек ғалымдар – психологтар ғана жүргізбейді. Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге, олардың даму ерекшеліктерін қадағалауға тиіс. Балаларды тәрбиешілердің зерттеуінің ғылыми-психологиялық зерттеуден айырмашылығы бар. Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты бөлек. Ол баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын белгілемейді, оның орнына өзіне жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Соған қарамастан баланы зерттеудің тәрбиеші пайдалануға болатын әдістері ғылыми-психологиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болады. Тәрбиешінің балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі шарты – балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын анық білу, дамудың себептері мен шарттарының жас шағына байланысты кезеңдерін білу.
Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою оған мысал бола алады. Оның мақсаты – баланың картинада бейнеленген заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау. Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әр түрлі екі-екіден шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?» деген сұрақтар қойылады. Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді көрсетіп жауап беріп жатты. Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.
Тест-сынақ жүргізу әдісі. Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі әдетте өте қарапайым әрі біртекті.
Тест - баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгейiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады.
|
+ |
- |
|
1. Бұл белгiлi бiр нормаға сәйкестендiру. 2. Тесттер қайталанып және салыстырмалы түрде топ балаларды зерттеуге мүмкiндiк бередi. 3. Тест әдiстiң нақтылығы мен қысқалығы тез уақытта үлкен сапалы материалды жинақтауға мүмкiндiк бередi. 4. Тесттi кез келген сауатты жантанушы өткiзе алады. |
|
Тестке кіретін әрбір тапсырма бір емес, бірнеше варианттарда беріледі, өйткені бір тапсырманы бала кездейсоқ себептермен жақсы немесе нашар орындауы мүмкін. Ал ұқсас тапсырмаларды ойдағыдай орындау дәрежесінде кездейсоқтық бола қоймайды. Тесттер тапсырмаларын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу үдерісі тестті стандарттау деп аталады. Стандартталғаннан кейін тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Тесттің көмегімен зерттелетін балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген балалар не тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін кейде стандартанған сынақтар әдісі деп атайды.
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011.
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014.
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз