Материалдар / «Мектепке дейінгі балаларды үш тілде оқыта отырып, тілдік құзыреттіліктерін дамыту »

«Мектепке дейінгі балаларды үш тілде оқыта отырып, тілдік құзыреттіліктерін дамыту »

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемеге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі балаларды үш тілде оқыта отырып,

тілдік құзыреттіліктерін дамыту »


Мектепке дейінгі мекемеде үш тілділікті ілгерілету мақсаты: балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, қарым –қатынас жасауды игерту. Білім беру мазмұнын жаңарта отырып, балаларға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру. Үш тілде тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдіс –тәсілдерін игерту.

Жоспар бағыты балабақшаның даму бағдарламасының міндеттерінен айқындалады. Сол себепті жұмыс бағдарым мектепке дейінгі балалардың коммуникативті–тілдік құзыреттілігін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру. Жаңа кезеңдегі білім берудің мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие бере отырып, талапқа сай оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерінің мән –мағынасын түсініп, өз тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор. Қазіргі таңдағы өзекті мәселе үштұғырлы тілді қалыптастыруда сабақтастықты жалғастыруда тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейінің сәл бәсеңдеуі. Сондықтан тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыра келе, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру үдерісіне 4К моделі (креативтілік, сыни тұрғыда ойлау, коммунникативтілікті дамыту, командада жұмыс істей алу ) арқылы тілдік құзыреттіліктерін арттыру. Үш тілділікке деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, түрлі әдіс –тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз оқу қызметтерінде қолдануға тырысамын. Лэпбук технологиясының элементтері мектепке дейінгі балалардың танымдық зерттеу белсенділігінің инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына оң әсерін тигізеді, тәрбиеленушілер әр сала бойынша мағлұмат алады және алған білімдерін қолдана алады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының мазмұнының вариативті бөлігінен үш тілділікті ілгерілету мақсатында ортаңғы топ тәрбиеленушілері үшін (4жастан бастап) «Let′s speak English» атты вариативті компонент жүзеге асырылуда. Вариативті білім беру- қазіргі білім беру жүйесін дамытудың негізгі ұстанымдары мен бағыттарының бірі. Вариативтік бөлімі білім берудің мектепке дейінгі ұйым қызметінің басым бағытын көрсетеді, балалардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, оларға арналған білім беру қызметінің сапасын арттыруды көздейді. Бағдарламада қамтылған сөз қоры баланың қабылдауына оңай, жадыны дамытуға бағытталған. Оқу бағдарламасы балалардың танымдық қабілетін дамыту, тілдік құзыреттерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын және көптілді тұлға қалыптастыру мақсатында сабақ өткізу үрдісінде қолдануға ұсынылады. Тәрбиеленушілерімді оқытудың бастапқы кезеңінде үштілділіктің іске асырылуы қатысымдық көрсеткіші ретінде қарапайым құзыретті деңгейде. Білім беру аясында өткізу мазмұнына қарай әртүрлі болады. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері балалардың өз жетістіктерін ертегілерді сахналау, өлең, тақпақтар арқылы ертеңгіліктер мен мерекелерде көрсету.

Баладан күтілетін нәтиже:

-Балалар мұғалім нұсқауын түсініп орындай алады;

-жекелеген заттардың атауларын үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) дұрыс айта біледі;

-заттардың түрін түсін санын дұрыс ажырата алады;

-өз туралы қысқыша мағлұмат бере алады;

-тілердің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстай алады;

-тақырыптар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады;

-күн, ай аттарын дұрыс атай алады.

Төмендегі біліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс:

Өзара сөйлесу-тілдесу сәтінде серіктесінің қарапайым сұрағына жауап бере алуы;тыңдау-оқытудың кезеңіне сәйкес тілдік материал мен тақырыбына сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізу барысында мұғаімнің сөзін түсіне білу, оның өтініші мен мазмұндауына мән беру. Жаңа тақырыптарды түсіндіру барысында монологтық сипаттағы хабарламаны түсіну.Фонетикалық- тілдердің дыбыстарын саралап жіктеу, екпінді дұрыс қоя білу,сөздерді айтуда дауыс ырғағын дұрыс қолдана білу. Лексикалық-тақырып бойынша берілген лексикалық минимумдарды меңгеру.





Әзірлеген: Серикбаева Жанерке Сансызбаевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ